Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:02, 04 Мамыр 2024

Германия Ресейді хакерлік шабуыл жасады деп айыптады

v
Фото: из открытых источников

Германия социал-демократиялық партиясына жасалған (SPD) 2023 жылғы хакерлік шабуылдың артында Ресеймен байланысы бар APT28 хакерлер тобы тұрған. Бұл туралы Германия сыртқы істер министрі Анналена Барбок мәлімдеді, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Германия APT28 хакерлерін Социал-демократиялық партияға кибершабуыл жасады деп айыптады. Осыған орай, Германияның сыртқы істер министрлігіне ресейлік дипломат шақырылды.

«Енді біз өткен жылғы шабуылды Ресейдің GRU әскери барлау агенттігі басқаратын ресейлік APT28 тобы жасады деп нақты айта аламыз. Бұл мүлдем қолайсыз және ескерусіз қалмайтын жағдай», - деді Бербок.

Хакерлер шабуылына байланысты Ресей елшілігінің уақытша сенімді өкілі Германия Сыртқы істер министрлігіне шақырылды, деп жазады Bild. Германия Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Кристиан Вагнер хакерлердің шабуылы «Ресейдің Еуропадағы қауіпсіздік пен бейбітшілікке орасан зор қауіп төніп тұрғанын нақтылайды» деп мәлімдеді.

Deutsche Welle 2023 жылдың маусымында социал-демократтар серверін бұзу туралы хабарлағанын еске салады. Шабуылдың өзі 2023 жылдың қаңтарында болды және партия басшылығының 10-ға жуық электрондық пошта аккаунттары зардап шеккен. Партия бірнеше пошта жәшіктерінен деректер жоғалғанын жоққа шығармады.

Фото: Анналена Бербок, t.me/BILD_Russian

Тегтер: