Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:35, 04 Мамыр 2024

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы екі есе өсуі мүмкін

в
Фото: из открытых источников

Қазақстанда 1 шілдеден бастап дәрі-дәрмек қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Бағаның көтерілуіне дәрілік заттарды таңбалаудың басталуы себеп болған. Ал, Қазақстан тәуелсіз дәріханалар қауымдастығының басшысы Талғат Омаровтың сөзінше, Қазақстандағы дәрі-дәрмектің бағасы көршілес мемлекеттермен салыстырғанда едәуір қымбат.

Тіпті, 400-500 пайызға жетіп жатады. Жалпы бағаның өсуіне әуелі инфляция әсер етеді, - дейді ол Астана телеарнасына берген сұхбатында. 

Ал, Қазақстанның фарммединдустриясы қауымдастығының атқарушы директоры Гүлдария Манақбаева дәрілік заттарды таңбалаудың енгізілуі отандық өндірушілерге де оңай соқпайтынын айтады.

Таңбалауға қажет ең арзан құрал-жабдық 100 мың доллардан басталады. Одан кейін оларға 30 мың долларға дейін бағдарлама керек. "Қазақтелекомның" бағдарламасы мен өндірістің бағдарламасын жүйелендіру үшін... Жылына 2 млн рубльге дейін отандық өндірушілер тағы төлейді", - дейді Гүлдария Манақбаева, Астана телеарнасына.

Астана телеарнасы Дәріхана иелері мен отандық өндірушілер дәрілік заттарды таңбалау процесін жетілдіру керек екенін айтады деп хабарлады. Әйтпесе, олардың айтуынша, дәрі-дәрмектің бағасы алдағы уақытта 2 есеге өсуі мүмкін. 

Фото: pixabay

Тегтер: