Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:40, 03 Мамыр 2024

Теңізшевройл Қазақстан экономикасына қанша табыс әкелді?

с
Фото: из открытых источников

Теңізшевройл (ТШО) 2024 жылдың бірінші тоқсанында кен орнындағы өндіріс пен экономикаға қосқан үлесі туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды zhasalash.kz.

2024 жылдың бірінші тоқсанында кәсіпорындағы шикі мұнай өндіру көлемі 7,5 миллион тоннаны (59,8 миллион баррель) құраған.

2000 жылдан бері өндірілген мұнайдың бір тоннасына шаққандағы атмосфераға жіберілген шығарындардың көлемі 76%-ға азайды.Кәсіпорын 2024 жылдың бірінші тоқсанында 333 мың тонна сұйытылған газ және 748 мың тоннадан аса күкірт өткізді. Осы кезеңде Теңізшевройлдың Қазақстанға төлеген тікелей қаржы көлемі 3 миллиард АҚШ долларына жуық қаржыны құрады, делінген хабарламада.

Айта кетейік, Теңіз мұнай кеніші 1979 жылы ашылды. Ол әлемдегі ең ірі және терең мұнай кен орындарының бірі болып табылады. Мұнда теңіз қоймасындағы жалпы барланған мұнай қоры 3,1 миллиард тонна (25 миллиард баррель), ал Королев кен алаңында 200 миллион тонна (1,6 миллиард баррель) мұнайды құрайды. 

Фото: maqat-tynysy.kz

Тегтер: