Австралияда қуат сыйымдылығы сағатына 100 мегаваттан көп «әлемдегі ең үлкен литий-ион батареясы» тұрғызылды. Жұма күні оны жалпы қуат желісіне ресми түрде қосты. Мұндай батарея 30 мыңға жуық үйді электрмен қамтамасыз ете алады. Билік жаңа аккумулятор тұтыну шарықтау шегіне жеткен уақытта энергия желісіне түсетін салмақты азайтуға септеседі деп сенеді.

Жаңа батареяны салуға бірнеше ай уақыт кеткен. Америкалық Tesla компаниясының негізін қалаушы кәсіпкер Илон Маск оның құрылысын 100 күннің ішінде аяқтауға уәде берген. Ол егер компания уәделі мерзімде салып үлгермесе, онда аккумулятор Австралияға су тегін беріледі деп мәлімдеген. Жобаның түпкілікті бағасы туралы ақпаратты ашпай отыр, бұған дейін оның құнын 50 миллион доллар деп бағалаған.

2016 жылғы қыркүйекте болған күшті дауылдан кейін Оңтүстік Австралия штатында электр қуатының тапшылығы сезілген болатын. Бір жарым миллионнан аса адам жарықсыз қалған. Бұл штатта тұтынылатын энергияның жартысынан сәл ғана аз бөлігін желмен жұмыс істейтін электр станциялары өндіреді.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Өтінеміз, атыңызды жазыңыз