Биыл жоғарғы оқу орындарындағы ақылы білім беру құны көтерілген. Республикамыздың кей жоғары оқу орындарында оқу бағасы 20-30 мыңға дейін көтерілсе, элиталық білім ошақтарындағы жылдық төлем 100 мың теңгеге дейін өскен. 7kun.kz 2017 жылы Алматыда жоғары оқу орындарында бакалавриат бойынша білім ақысының қанша екендігін анықтады.

Алматыдағы ең қымбат жоғары оқу орындарының алды болып қаржылай-экономикалық, гуманитарлық ғылым мамандарын дайындайтын ҚМЭБИ (КИМЭП) көш бастап тұр. Мұнда  оқу бағасы бір сабақ 150 мың — 240 теңге тұрады. Келесі курсқа өту үшін студент ең кемі 10 сабақ таңдауы тиіс. Сонда бір жылдық оқу ақысы 1 миллион 500 мың — 1 миллион 700 мың теңге аралығында болады.

Одан кейіңгі орында тұрған Қазақстан-Британ Техникалық Университеті. ҚБТУ-дағы ең қымбат оқу ақысы 10 000 АҚШ долларына жетеді, яғни 1 620 000 теңге. Ең арзаны 700 000 теңге екен.

Ал Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі білім алу бағасы бакалавриаттың күндізгі бөлімі үшін 885 000 теңгеден басталып, экономика, халықаралық қатынастар секілді мамандықтарда 1 069 000 теңгеге дейін барады.

Алматыдағы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетіндегі Жалпы медицина мен стоматология мамандықтары бойынша білім алу 847 000 теңге тұрады.

Т. Жүргенов атындағы Өнер Академиясында білім алу  700 000 – 800 000 шамасында.

Сүлеймен Демирел Университетінде тілді таңдау деңгейіне байланысты оқу ақысының ең азы 400 000-нан басталып, 1 225 000 теңгеге дейін құрайды.

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінде жылдық оқу ақысы 420 000 – 550 000 теңге аралығын қамтиды.

Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ университетіндегі жылдық оқу ақысы 510 000 (қазақ тілінде), 700 000 (ағылшын тілінде) теңге аралығында.

Рейтинг соңында тұрған —  Каспий қоғамдық университеті. Гуманитария, экономика, инженер, заң бағытындағы мамандықтарды дайындайтын университеттегі ең қымбат мамандықтар — мұнай-газ ісі, заң (350 000). Өзге мамандықтарға 250 000-300 000 теңге аралығында.

Ал Орталық-Азия Университетінде  бір жылдық оқу ақысы 200 000 теңге мен 240 000 теңге аралығында. 

Оқу құнына ықпал ететін шарттар:

  • Университет статусы. Жекеменшік ЖОО-лар мемлекеттікке қарағанда қымбат тұрады.  Шетелдік аккредитациясы мен шетелдік мұғалімдердің болуы да әсер етеді.
  • Мамандықтар. Ең қымбат мамандықтар қаржы, бухгалтер, заң, ақпараттық технологиялар салаларына қатысты. Медициналық мамандықтар да осы тізімге жатады. Бұл студенттердің осы мамандықтарды жиі таңдауына байланысты болады.
  • Тіл. Шет тілінде білім алу да әлдеқайда қымбат болады. Кейбір ЖОО-дарда орыс тіліне қарағанда қазақ тілінде оқу арзанырақ.
  • Оқу бағдарламасы. Кешкі немесе сырттай оқу түрі күндізгі оқуға қарағанда арзан болады, бірақ бағалануы да кем. Профильді магистратураға қарағанда ғылыми-педагогикалық магистратура қымбатырақ. Ғылыми-педагогикалық магистратура 2 жылға, профильді 1,5 жылға созылады. Олардың бағыттары да әртүрлі.

Қазақстан ЖОО-дағы оқу ақысы жыл сайын кем дегенде 10 пайызға өсіп отырады. Орташа есеппен бакалаврдың орташа құны — 500 000 — 600 000 теңге.

Запись Алматының жоғары оқу орындарында білім алу үшін қанша ақша керек? впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Өтінеміз, атыңызды жазыңыз