«АрселорМитталТеміртау» металлургиялық комбинатының шахтасына «антитеррорлық қорғаныс саласында заң бұзғаны үшін» айыппұл салынды деп хабарлады Шахтинск қаласының сотына сілтеме жасаған ҚазТАГ агенттігі.

Соттың баспасөз қызметі сот қаулысымен Владимир Ильич Ленин атындағы шахтаға «антитеррорлық қорғанысты және террорлық тұрғыдан осал нысанның қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін» 500 айлық есептік көрсеткіш (1 134500 теңге) айыппұл салғанын айтады. 

Сот қаулысы әзірге орындалмаған. Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, «шахта директоры әкімшілік құқық бұзғанын толық мойындағанын» және заң бұзғанын «шахтаның материалдық-техникалық базасының нашар жабдықталғанынан» көрген.

Биыл жыл басында үкіметтің 2015 жылы 3 сәуірде шығарған «Террорлық тұрғыдан осал нысандардың антитеррорлық қорғаныс жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» қаулысы күшіне енген. Құжатта ерекше маңызды мемлекеттік, стратегиялық және қауіпті өнеркәсіп орындарын терроризмнен қорғау жүйесіне қойылатын талаптар жазылған.

Қазақстанда әкімшілік-құқық бұзушылық туралы кодексттің 143-бабы («террорлық тұрғыда осал нысанның қаауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету міндетін орындамау немесе дұрыс орындамау») түрлі ұйымдар әкімшілік жауапқа тартылған.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Өтінеміз, атыңызды жазыңыз