Алматы. 4 желтоқсан. 7kun.kz — Үш жыл ішінде Қазақстан Республикасының жарнамалық-маркетингтік агенттіктеріндегі қызметкерлер саны 4 еседен астамға қысқарды. 2016 жылы қазақстандық жарнама нарығы дерлік тоқтап қалған болатын. Сол уақытта қызмет көлемі 22 пайыздан төмендеген, деп хабарлайды finform.kz.

Қазақстанның жарнама нарығы күрт құлдыраудан кейін 2017 жылы қалпына ақырындап келе жатыр. Бірақ нарықтың ағымдағы өсу қарқыны нарықтың толық өсуі үшін жеткіліксіз.

2017 жылдың қаңтар-қыркүйегінде жарнама және маркетингтік зерттеулермен айналысатын компаниялар жалпы сомасы 141 млрд теңгеге қызмет көрсетті. Осылайша, жарнамалық қызметтердің құны жыл ішінде 14 пайызға немесе 17,3 млрд теңгеге артты.

Жарнама агенттіктерінің қызмет құны айтарлықтай өсті. 2017 жылдың 9 айы ішінде ұсынылған қызметтердің көлемі 125,3 млрд теңгені құрады. Ол 2016 жылы сол кезеңде төленген сомадан 20,5 млрд теңгеге (+ 19,6 пайыз) жоғары бағаланады.

Маркетингтік зерттеулер мен қоғамдық пікірді зерделеу бойынша жұмыстар 2017 жылы 13,9 млрд теңгеге жетті. Бұл дегеніміз 2016 жылмен салыстырғанда 3 млрд теңгеге (+ 27,8 пайыз) артық.

Бұған қоса, бұқаралық ақпарат құралдарында жарнамалық қызмет көрсетудің айтарлықтай төмендегені байқалады. Нарықтың салалық қатысушылары осындай қызметтерді 2,7 млрд теңгеге көрсеткен. Жыл ішінде бұл көрсеткіш 1,3 млрд теңгеге немесе 31,4 пайызға азайды.

Экономикалық субъектінің негізгі шығыстары – қызметкерлердің шығындары. Ал, соңғы үш жылда бұл шығындар белсенді түрде оңтайландырылды. Қазіргі кезде жарнамалық қызметтерді ұсынатын (соның ішінде маркетингтік зерттеулер) компанияларда 700 адам жұмыс істейді. Қызметкерлер санының аз болуы — 2010 жылдардан бері тарихта алғаш рет болып отырған құбылыс.

Запись Жарнама нарығында қызмет көлемі 2017 жылы 9 пайызға артты впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Өтінеміз, атыңызды жазыңыз