Ресейдің батысындағы Удмуртия аймағының орталығы Ижевск қаласында тоғыз қабатты үйдің подъезі опырылып қирады. Аймақ басшылығының хабарлауынша, төтенше оқиғадан үш адам қаза тауып, үш адам жараланды. Төтенше жағдайлар министрлігі өкілінің айтуынша, көп қабатты үйде 32 пәтер қираған. 

Аймақтық төтенше жағдайлар қызметі қирандылар астында біраз адам қалып қойған болуы мүмкін екенін хабарлады. Аураханаға түскен үш адамның жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Көп қабатты үйдегі іргелес подъездің тұрғындары эвакуацияланған.

Алдын ала болжам бойынша, подъездің қирауына газ жарылыс себеп болуы мүмкін. «Интерфакс» агенттігінің мәліметінше, жоғарғы қабаттағы пәтерлердің бірінде дұрыс істемейтін газ құрылығысы пайдаланылған болуы мүмкін. Подъезде бірінші қабаттан тоғызыншы қабатқа дейінгі пәтерлер түгел қираған. Оқиға орнына Удмуртия аймағының басшысы Александр Бречалов барды.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Өтінеміз, атыңызды жазыңыз