Иранда 12 қарашада болған жойқын жер сілкінісінен кейін іздеу және құтқару жұмыстары әлі жүріп жатыр. Соңғы мәліметтер бойынша, зілзаладан қаза тапқандар саны 400 адамнан асқан. Зілзаладан Керманшах провинциясы ең көп зардап шеккен. Иран ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, елде жер сілкінісінен 407 адам қаза тауып, 6700-ге жуық адам жараланған.

Ирак ресми органдарының хабарлауынша, жер сілкінісінен елде жеті адам қаза тауып, 530-дан астам адам жараланған.

Ирак ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Саад Маан бұған дейін құрбандардың барлығы Күрдістан автономиясының тұрғындары екенін хабарлаған. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, зілзала ошағы Ирактың солтүстік-батысындағы Халабджа қаласының оңтүстік-батысында болған.

Ирактың Күрдістан аймағындағы Санандай қаласының тұрғыны Азаттыққа дәрігерлер азаматтардан жаралыларға қан тапсыруды сұрап жатқанын және зардап шеккен аудан тұрғындары жылы киім, азық-түлік пен балалар тағамдарына мұқтаж екенін айтты.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Өтінеміз, атыңызды жазыңыз