«АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин 10 қарашада кездесуі мүмкін» деп хабарлады 9 қарашада Путиннің көмекшісі Юрий Ушаков. Оның сөзінше, қазір Вьетнамда 10-11 қарашада өтетін Азия-Тынық мұхиты аймағы елдері экономиалық саммиті аясында Путин мен Трамптың кездесуін өткізу жайы «келісіліп жатыр».

«Кездесу шамамен 10 қарашада өтуі мүмкін» деді Ушаков.

АҚШ пен Ресейдің қарым-қатынасы Мәскеудің Украинағ қарсы басқыншылығына және АҚШ-тағы 2016 жылғы президент сайлауына ықтимал килігуіне байланысты шиеленісіп кеткен.

Дональд Трамп АҚШ президенті қызметіне кіріскен қаңтардан бері Путинмен жүзбе-жүз бір-ақ рет, шілдеде Германияда өткен G20 елдерінің саммитінде кездескен.

Трамп 5 қарашада Азия елдеріне бес күндік сапарында Путинмен кездесуді күтіп отырғанын мәлімдеген. Ал Путиннің баспасөз хатшысы 8 қарашада екі президенттің кездесу ықтималдығы «өте жоғары» екенін айтқан.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Өтінеміз, атыңызды жазыңыз