Алматы. 27 қараша. 7kun.kz — Алматы әкімі Гонконгқа жұмыс сапары барысында өңірдің мемлекеттік және іскер ортасымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, сонымен қатар Гонконг әкімшілігінің басшысы Кэрри Ламмен жүздесті. Тараптар инвестиция және туристік салалар бойынша ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады, қалақұрылысы саласы мен смарт- технологияны енгізу бойынша тәжірибе алмасты.

Кездесу барысында Кэрри Лам Алматы экономикасы Гонконгтағыдай түрлі сервистен,саудадан, қаржы қызметі мен логистикадан құралатындығын, соның арқасында тұрақтылық қамтамасыз етіліп, қала инвестиция тарту үшін тартымды болатындығын атап өтті.

«Алматы – өңірдің қаржы және мәдени орталығы әрі біздің еліміздің маңызды серіктесі болып табылады. Сіздердің Президенттеріңіз Н. Ә. Назарбаевтың интеграциялық саясаты арқасында аймақта Еуразиялық экономикалық одақ құрылып, оның нарығына 180 млн адам енген. Бұл инвесторларға зор мүмкіндіктер береді. Мен Алматыны инвестиция салуға әбден лайық қала деп санаймын», — деді К.Лам.

«Бізге Гонконгтың осы салаларда смарт-технологияны пайдалану тәжірибесі маңызды. Бұлардан өзге, Алматы инвестиция тарту бойынша үлкен жұмыстар жүргізуде. Егер «Doing Business» рейтингінде Гонконг 4 орында тұрса, әлемнің 190 елінің ішінен Алматы 36-ыншы орында. «Бір терезе» қағидасы бойынша біз Алматыға келген инвесторларға жобаларын жүзеге асыру үшін барлық көмекті көрсетеміз. Орталық Азияның 65 миллиондық, Еуразиялық экономикалық одақтың 180 миллион адамы бар нарығы қызықтыратыны сөзсіз», — деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында Гонконгітің инвестиция және технология бойынша хатшысы Николас Янгпен, Қытай өндірушілерінің «The Chinese Manufacturers Association» ассоциациясымен кездесті. Бұлардан өзге Алматы делегациясы ғылыми және технологиялық парк жөніндегі Гонконг корпорациясының жұмысымен де танысты.

Запись Мен Алматыны инвестиция салуға әбден лайық қала деп санаймын — К.Лам впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Өтінеміз, атыңызды жазыңыз