Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 2700 тұтқынға рақымшылық жариялау туралы жарлық шығарды деп хабарлады өзбекстандық БАҚ. Рақымшылық туралы жарлық Өзбекстан тарихында бірінші рет шығып отыр және ол ел конституициясының 25 жылдығына орайластырылған.

Жарлық бойынша, «түрлі жағдайда қылмыс жасаған, қылмысына шынымен өкінген және жазасын өтеп жүрген мекемеде немесе тұрып жатқан жерінде тәртібіне оң баға берілген» 950-ден астам тұтқын түрмеден шықпақ. Конституцияның 25 жылдығына орай сотталғандарға рақымшылық жасауға арналған құжаттарды дайындау туралы жарлыққа Мирзияев ыркүйекте қол қойған. Онда 

Құжат бойынша бас прокурор бастаған арнайы комиссия мен түрмеде жазасын өтеп жатқан сотталушылардың ісін қарайтын жұмысшы топтары құрылмақ.

Сонымен қатар, рақымшылық бойынша тұтқындарды жазасынан толықтай немесе жартылай босату, мерзімінен бұрын шартты түрде босату, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын жазаның жеңіл түріне және сотталғанын кешіру мүмкіндіктері де қарастырылған.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Өтінеміз, атыңызды жазыңыз