Зимбабве президенті Роберт Мугабенің кортежі ел астанасы Хараре қаласындағы «Көгілдір шатыр» резиденциясынан шығып кеткені туралы хабар тарады. Ондағы көліктердің бірінде Мугабенің өзі болған-болмағаны әзірше белгісіз. Президент кортежі шыққан кезде сол маңға жиналған Мугабеге наразы жұрт айғайлап, ысқырған. Резиденцияны қоршап тұрған әскерилер оларды кортежге жақындатпаған.

Зимбабведе қарашаның 15-інде әскери төңкеріс жасаған елдің қарулы күштері басшылығы биліктің бейбіт жолмен ауысуына бейілді екенін мәлімдеген. Сол кезден бері Роберт Мугабе мен әйелі Хараредегі «Көгілдір шатыр» резиденциясында әскерилердің бақылауында болған. 17 қарашада Роберт Мугабе Хараредегі Ашық университет түлектеріне диплом тапсыру рәсіміне қатысқан. Бұл шараға әскерилермен бірге келген Мугабе елдегі болып жатқан жағдай туралы ештеңе айтпаған.

Жексенбі күні елде партия жиындары өтіп, Мугабе мен оның әйелін барлық жетекші қызметтерден босату туралы шешім қабылдануы мүмкін деп хабарлайды Reuter.

93 жастағы Роберт Мугабе Зимбабве Ұлыбританиядан тәуелсіздік алған 1980 жылдан бері билік басында отырған.

 Оқыңыз: Зимбабведе — төңкеріс, Мугабе — «қамауда»

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Өтінеміз, атыңызды жазыңыз