Алматы. 10 қараша. 7kun.kz —  Қазақстан мен Ресей Челябинск форумында 10 құжатқа қол қойды. Екі ел президенттері Ломоносов атындағы ММУ филиалын Қазақстанда ашу туралы үкіметаралық келісімге келді.

«Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде ресейлік жоғары оқу орындары филиалдарын ашуды қарастыру керек», — деді ҚР Президенті.

Оның айтуынша, екі елге «халықаралық білім хабын» құру қажет.

Н.Назарбаев энергетика, ғарыш және биоақпараттық технологиялар ғалымдарының консорциумын құруды ұсынды. Сонымен қатар, математика, химия, физика және биология пәндерінен ресейлік және қазақстандық оқушылардың бірлескен олимпиадасын ұйымдастыру туралы айтты.

«Ол үшін (қажет болса) екі елдің білім беру саласындағы бағдарламаларын пысықтау керек», — деді Қазақстан президенті.

Мейірім Бақытжанова

Запись Н. Назарбаев: ресейлік жоғары оқу орындары филиалдарын ашу керек впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس