Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Аветик Амирханянға тиесілі «Айдана» құрылыс компаниясы 6 желтоқсан күні таңертең Орал қаласының Зачаганск шағын ауданындағы Теміртау көшесінің бір бөлігіне ауа-райы нөлден төмен болып тұрған кезде асфальт төседі. Осыдан бірнеше сағаттан соң қалада қар жауды. Жергілікті тұрғындар асфальт төселіп жатқан жерден түсірілген видеоны жергілікті «Уральская неделья» газеті редакциясына жолдады.

Жағдайға комментарий жасаған қалалық жол және жолаушылар тасымалы бөлімінің басшысы Қайрат Мұхамбетқалиев Азаттыққа мекеме «мердігерді сотқа беріп, жұмысын қайта істеткізбек» ниетте екенін хабарлады. Депутат АмирХанян бұл жағдайға телефон арқылы жауап бермеді. Ол телефонда қолы бос емесін айтып, кейін қайта хабарласуды сұраған, бірақ кейін телефон қоңырауына жауап бермеді.

Кейін депутат «Уральская неделья» журналистеріне құрылысшылары асфальтті қар жауғаннан екі сағат бұрын, яғни таңғы сағат бесте төсегенін айтты. Амирханяннің сөзінше, жол жөндеу жұмыстары құрылыс талаптарына сай істеліп жатыр.

Оралдағы ауа температурасы соңғы аптада минус екі градус болып тұр. Өткен жексенбіде құтқару қызметі 4-6 желтоқсан аралығында жылдамдығы секундына 23 метрге дейін жететін боран ұйтқитыны туралы хабарлама таратқан. 

Қалалық тұрғын үй шаруашылығы бөлімінің хабарлауынша, 2015 жылдың мамырында облыстық энергетика басқармасының ұсынысымен «Айдана» компаниясы «жауапсыз мердігер» деген себеппен мемлекеттік тапсырысты орындаудан шеттетілген. Биыл күзде Амирханяннің компаниясы Оралдағы бірнеше үйдің ауласын көркейту жұмыстарына қатысқан.

2016 жылдың қорытындысы бойынша, Батыс Қазақстан облысы республикада асфальттелген жолдың саны мен сапасы жағынан соңғы орында тұр. Былтыр тамызда облысқа келген сол кездегі премьер-министр Кәрім Мәсімовтің айтқаны бойынша, облыстағы жолдардың 76 пайызының жағдайы көңілден шығатындай емес.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Өтінеміз, атыңызды жазыңыз