Алматы. 10 қараша. 7kun.kz — General Motors компаниясының вице-президенті Роберт Лутц автокөлік дәуірі аяқталды деп есептейді. Бұл туралы Futurism басылымы хабарлады. 

Біз автокөлік дәуірінің аяқталуына жақындап қалдық General Motors-тың бұрынғы вице-президенті , автокөлік өндірісінде 47 жылдан астам уақыт жұмыс істеген маман Роберт Лутц «автокөлік дәуірі» аяқталды деген ойда.

20 жылдан кейін біз «ұшатын аппараттармен» жүреміз, дейді ол Futurism-ге берген сұхбатында. 2010 жылы зейнетке шыққан 85 жастағы әйгілі маманның пікірінше 120 жыл бойы адамзатқа қызмет еткен автокөліктер ХХ ғасырдың басында көлік құралы ретінде маңызын жойған жылқылар сияқты құрып кетеді. «Автокөлік өндірісі қисық жаққа қарай өзгеруді бастады,-дейді ол. –болашақта оларды қатты өзгеріске ұшырайды». Лутцтың пікірінше алдағы 15-20 жылда адамзат жүргізушісіз көліктерді пайдалануға көшеді. Көліктердің 20-30 пайызы роботтарға беріледі. Қоғам олардың қауіпсіздігіне көз жеткізгеннен кейін көліктерді адамдардың жүргізуіне тиым салынады. Сондай-ақ, автоөндірушілер өздері шығаратын көліктерді брендтемейтін болады. Тіпті «көлік маркасы» деген түсінік мүлдем жойылады. Ұшатын автокөліктерде Uber, Lyft, FedEx, UPS, Amazon сияқты компаниялардың логотиптерін ғана көруге болады. Автоөндірушілер дәл қазіргі жағдайда тағы бір 10 жыл «өмір сүруі» мүмкін. Алайда тағы бір 20 жылдан кейін «автокөлік дәуірі» аяқталады.

Робрет Лутц ұзақ жылдар бойы BMW, Ford секілді компанияларда топ-менеджер ретінде қызмет атқарды.

Uber 2016 жылды 800 млн доллар шығынмен аяқтаған еді.

Запись Роберт Лутц: 20 жылдан кейін «автокөлік дәуірі» аяқталады впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Өтінеміз, атыңызды жазыңыз