Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистердің өзін-өзі жариялап алған «Луганск халық республикасының» басшысы Игорь Плотницкийдің отставкаға кеткені туралы ақпарат тарады. Сепаратистердің «Луганскинформцентр» сайты Плотницкийдің қызметінен «денсаулық жағдайына байланысты» кеткенін хабарлаған.

Алдағы «сайлауға дейін» басшы міндетін атқару «ЛХР мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі» жетекшісі Леонид Пасечник атқармақ. Минск келісімдеріне бейіл екені туралы мәлімдеген Пасечниктің айтуынша, Плотницкий «ЛХР»-дің Минск келісімдерін орындау жөніндегі уәкілі болып тағайындалған.

Бұған дейін, қарашаның 21-і күні Плотницкий мен «ЛХР» «ішкі істер министрі» Игорь Корнеттің араздығы шиеленісіп кеткен. Одан бір күн бұрын Плотницкий Корнетті жұмыстан алып тастаған, бірақ Корнет отставкаға кетпейтінін мәлімдеген. Плотницкий Корнетті «билікті күшпен басып алды» деп айыптады. Қарашаның 23-і күні Плотницкий Ресейге қашып кетті деген ақпарат тарады.

 ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Сепаратистік аймақтағы билікке талас

Кремльдің баспасөз қызметі Луганскідегі жағдайға байланысты комментарий беруден бас тартқан.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Өтінеміз, атыңызды жазыңыз