Алматы. 14 қараша. 7kun.kz — 10 қарашадағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір аптаның ішінде 0,5 пайызға (334,10-нан) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 332,57 теңге деңгейінде қалыптасты, деп хабарлайды Ұлттық банк баспасөз қызметі.

Сыртқы валюталық нарық тұрғысынан 3 қараша мен 10 қараша аралығындағы маңызды оқиғалар ЕО экономикасы бойынша оң болжамдар, Д.Трамптың Азияға сапарындағы геосаяси мәселелер мен сауда-саттық қатынастарға қатысты келіссөздері, Д.Трамп ұсынған салық реформасының тетіктері бойынша деректердің жария етілуі және сенаттың салық реформасын бекіту мерзімін бұрмалауы болды. Аталған факторлар АҚШ долларының әлемдік нарықтарда құбылмалығына және біраз әлсіреуіне әкелді.

Дамушы елдердің валюта бағамдарының АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:

  • Оңтүстік Африка рэнді корпоративтік басқару құрылымының әлсіздігі мен қаржылық позицияның нашарлауына байланысты, сондай-ақ басқарушы партияның төңірегіндегі саяси жанжалдың аясында кейбір корпорациялардың ықтимал дефолты туралы Оңтүстік Африканың орталық банкінің ресми тұлғаларының өтініштері шеңберінде 1,1 пайызға (14,22-тен 14,38-ге) әлсіреді;
  • Үндістан рупиясы ағымдағы тоқсанда ағымдағы шоттың тапшылығына әкелуі мүмкін мұнай бағасының күннен-күнге қымбаттауы аясында 1,0 пайызға (64,55-тен 65,17-ға) әлсіреді;
  • Ресей рублі 0,2 пайызға (59,07-ден 59,21-ге) әлсіреді;
  • Индонезия рупиясы 0,2 пайызға (13 498-ден 13 529-ға) әлсіреді;
  • Мексика песосы 0,5 пайызға (19,20-дан 19,10-ға) нығайды;
  • Түрік лирасы 0,6 пайызға (3,89-дан 3,86-ға) нығайды;
  • Бразилия реалы 0,9 пайызға (3,31-ден 3,28-ға) нығайды.

Запись Теңгенің нарықтық бағамы 0,5 пайызға нығайды впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Өтінеміз, атыңызды жазыңыз