Шымкентте «өзге дінге кіргені үшін» әйеліне пышақ салды деген күдіктінің  үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Шымкенттегі Қаратау ауданындағы Сайрам ауылында «өзге дінге кірді» деп әйелін пышақтап дене жарақатын салған Хайролла Нарметовтың үстінен қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Азаттыққа Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Ибрагим Жоланов.

Департаменттің мәліметінше, 12 қараша күні сағат 09:05-те Қаратау аудандық ішкі істер бөліміне Сайрам ауылының ауруханасына 1986 жылы туылған азаматша пышақ дене жарақатымен түскені туралы хабар түскен.

Мәліметке қарағанда, туындаған жанжалдан Хайролла Нарметов өзімен бірге алып келген пышағын әйелінің оң жақ көкірек тұсынан тығып алып, оқиға болған жерден «бой тасалаған». Осы оқиға бойынша Қылмыстық Кодекстің 106-бабы 1-бөлігімен («Қасақана ауыр дене жарақатын салу»)  іс қозғалған.

Алдын-ала тергеп-тексеру барысында күдікті Хайролла Нарметов істеген іс әрекеттерін толығымен мойындаған. Әйелін қорқыту мақсатында пышақ алып барғанын, ұрыс барысында ашуланып пышақ  тығып алғанын, өзін қорғау мақсатында әйелін пышақтағаны туралы бейне түсірілім жасағанын айтқан.

 

Күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Жарақат алған оның әйелі Сайрам ауылындағы аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр.

1983  жылы туылған Хайролла Нарметов өзінің айтуынша, әйелін пышақтағаннан кейін селфи-видео дайындап, өзі туралы айтып шыққан еді. Видеода ол өзінің ісін дін жолымен ақтайтындығын білдіріп, «әйелімді орыстың дініне өткені үшін өлтірдім» деп, пышағын көрсеткен. Бұл видео әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Өтінеміз, атыңызды жазыңыз