«Шымкенттегі Абай ауданының аумағында қоқыс полигонынан өлі табылған жаңа туған баланың анасы делінген күдікті әйел ұсталды» деп хабарлады Азаттыққа Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

«Жедел іздестіру шаралары барысында 26 жастағы әйел Астана қаласында ұсталды. Астанада тұратын ол қылмысты жасағанын мойындады» делінген ІІД хабарламасында.

Қазір полицейлер қылмыстың қалай болғанын анықтап жатыр. Күдікті ары қарай тергелу үшін бірер күнде Шымкентке жеткізілмек. 

Бұған дейін жаңа туған бала өліміне байланысты Қылмыстық кодекстің 100-бабы («Жаңа туған баланы анасының өлтіруі») бойынша қылмыстық іс қозғалып, бірнеше сараптама тағайындалған.

Жаңа туған баланың өлі денесі 20 қазан күні Абай ауданы аумағындағы қоқыс полигонынан табылған болатын.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Өтінеміз, атыңызды жазыңыз