«Қазақстан Қырғызстаннан жеткізілген жүзім пен құрманың бір партиясын қайтарып жіберді» деп хабарлады сәрсенбіде Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі. Жалпы салмағы төрт тоннадан асатын жүзім мен құрма 21 қарашада Жамбыл облысының Қордай ауданында «карантиндік фитосанитарлық тексеру жүргізу кезінде» ұсталған. Мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық территориялық инспекцияның өсімдіктер карантині бойынша инспекторлары аталған өнімдерді тексеріп, олардан Азиялық жеміс шыбыны зиянкесін тапқан.

«Еуразия экономикалық одағының (ЕАЭО) өсімдік карантиніне қатысты заңдарын бұзуға байланысты аталған карантинге іліккен өнімдер Қырғызстанға кері қайтарылды» делінген министрлік хабарламасында.

Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі өткен айда Қырғызстанға жүз тонна жеміс және көкөніс өнімдерін «фитосанитарлық сертификаттарының жоғына, көкөніс пен жемісте зиянкестердің табылуына және тауар қаптамасында тиісті таңбасы болмағандықтан» кері қайтарып жіберген.

Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі 16 қазанда шекарадағы тексеру және өткізу бекеттерінде Қырғызстаннан әкелінетін өнімдерге фитосанитарлық қадағалауды күшейткенін хабарлаған. 10 қазанда Қазақстан Қырғызстанмен шекарада тексеруді күшейтіп, нәтижесінде шекарада жүздеген жүк көліктерінің кезегі пайда болған.

Қырғызстан шекара қызметінің мәліметінше, 22 қараша күні таңертең Шу облысының Қазақстанмен шекарадағы «Ақ-Тілек» бекетінде 427, Талас облысындағы «Чон-Капка» бекетінде 185 жүк көлігі жиналып қалған.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Өтінеміз, атыңызды жазыңыз