Алматы. 11 қараша. 7kun.kz — Қазақ-қырғыз шекарасындағы проблемалар Қырғызстан экономикасына 200 млн доллар көлемінде шығын әкелген деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан. 

«10 қарашадағы Дүниежүзілік сауда ұйымының штаб-пәтерінде қырғызстандық делегациясының қатысуымен жиын өтті. Жиында Қазақстанның қазақ-қырғыз шекарасындағы сауда-саттыққа қойған шектеуі мәселесі қаралды. Женевада бұл мәселе ДСҰ-ның тауарларды сату бойынша кеңесінің күн тәртібіне қосылды»,-деп хабарлады қырғыз үкіметінің баспасөз қызметі.

«Қырғызстан шекарадағы жүк көліктерінің қанша уақы кезекте тұрғандығы және экономикалық шығын туралы нақты цифрларды көрсетті. Халықаралық қаржы ұйымының есебі бойынша бұл жағдай Қырғызстанға 200 млн доллар көлемінде шығын әкелген. Ал бұл өз кезегінде республика экономикасының өсімін 0,3 пайызға төмендуіне себепші»,-деп айтты қырғыз үкіметінің өкілі.

Оның айтуынша, жиында Қырғызстан қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды баяндап, қазақстандықтар жүк тасымалдауға жасанды қиындықтарды тудырып отырғанын мәлімдеген. Сондай-ақ, Қырғызстаннан келетін жүк пен Қазақстан арқылы өтетін транзиттік жүк тасымалына да кедергілер барын атап өткен.

Қырғызстан ДСҰ өкілдерін шекарадағы мәселеге объективті баға беруге шақырып, Қазақстанның ДСҰ алдындағы міндеттерін толықтай орындауын талап етуді сұраған.

10 қарашадан бері Қазақстан қырғызстаннан келетін адамдар мен жүк көліктеріне қатаң талаптар қоя бастады. Қазақ-қырғыз шекарасында сол себепті 300-ден астам жүк көліктері кезегін күтіп, өте алмай тұр. Осы жағдайды шешу үшін Қырғызстан ДСҰ мен Еуразиялық экономикалық одақтан көмек сұрады. Ал Қазақстан өз әрекетін контрабандамен күрес деп түсіндірді.

Бұған дейін Қазақстан Қырғызстаннан келетін ауылшаруашылық өнімдерін қайтарған еді.

 

Запись Қазақ-қырғыз шекарасындағы мәселе Қырғызстан экономикасына 200 млн доллар шығын әкелген впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Өтінеміз, атыңызды жазыңыз