Алматы. 7 желтоқсан. 7kun.kz — 2017 жылдың қаңтар-қараша аралығында жүк тиеу көлемі 8,2 пайызға өссе, астық тиеу мөлшері 19 пайызға артты деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметі. 

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше жүкайналымы 2016 жылмен салыстырғанда 9,9 пайызға артқан. Экспорттық тасымалдау көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 12 пайызға артқандығы байқалды. Оның ішінде Түркменстанға (31 пайыз), Қытайға (18 пайыз), Өзбекстанға және Ресейге (12 пайыз), Қырғызстан (10 пайыз) аумағындағы темір жолдарына бағытталған.

Жүктерді импорттық бағдарда тасымалдау көлемі 17 пайызға өсті.

Ресей шекаралық теміржол өткелдерімен тасымалдау (17 пайыз), Қытаймен (21 пайыз), Өзбекстанмен (18 пайыз), сондай-ақ Ақтау портымен (44%) Болашақ станциясымен (70%) арта түсті.

2017 жылдың қаңтар-қараша аралығы мен өткен жылды салыстырғанда түрлі жүк тиеу 10 пайызға артқандығы байқалды. Оның ішінде құрылыс материалдары -25 пайыз, түсті кен өнімдері – 23 пайыз, химиялық, минеральдық тыңайтқыштар жоспардағыдан 16 пайызға көп тасымалданды. Оның сыртында көмір тиеу көлемі өткен жылмен салыстырғанда екі пайызға өсті.

 

Запись «ҚТЖ-ның» жүкайналымы 9,9 пайызға өсті впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Өтінеміз, атыңызды жазыңыз