Бішкек түбіндегі уақытша қамау изоляторынан қашып кеткен төрт күдіктінің екеуі ұсталды деп хабарлады Азаттыққа Шу облыстық ішкі істер бас басқармасының баспасөз хатшысы Нұрбек Токтосунов.

— Олар Бішкекте ұсталды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оларды алып келуге кетті. Төрт күдіктінің ішінде кімнің ұсталғанын әзірге білмейміз.Қосымша ақпарат кейінірек беріледі, — деді Токтосунов.

Төрт күдікті Сокулук ауданындағы уақытша қамау абақтысынан 27 қараша күні таңертең қашып кеткен. Осыған байланысты Бішкек пен Шу облысының ішкі істер органдары күдіктілерді ұстау жоспарын жариялаған.

Қырғызстан ішкі істер министрлігінің өкілі Эрнис Осмонбаев қамауда отырғандардың аса ауыр қылмыстарға, оның ішінде кісі өлімі мен тонауға күдікті деп танылғанын хабарлады.

Министрлік бұған дейін қашып кеткендердің 38 жастағы Рамил Базарқұлов және Бақыт Дилдешов, 32 жастағы Багтият Ачылдурдиев және 28 жастағы Қайрат Жанботоев екенін хабарлаған.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Өтінеміз, атыңызды жазыңыз