Қазақстан Республикасы

Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы

Әбілғазы Құсайынов мырзаның назарына!

Сондай-ақ

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері

кәсіподақ ұйымының төрайымы

Майра Амантаеваның назарына!

   Ұйғыр ауданындағы «Қамқор» кәсіподақ бірлестігі  ұзақ жылдардан бері аудандағы білім беру саласына қызмет атқарып  отырған,  бүгінде кәсіподақ мүшелерінің саны 3 мың 500- ден асқан  іргелі ұйым. Ұстаздар қауымының құқығын қорғайтын бірден-бір ұйымға осы салада табаны күректей 30 жылдан астам уақыт бойы үзіліссіз басшылық жасап келемін.

 Ұйғыр аудандық «Қамқор» кәсіподақ бірлестігіне таяуда Талдықорған аумақтық «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абдикадыров Садық Нұрсапаұлы тарапынан еш негізсіз қысым көрсетілгендігін баяндауға тура келіп тұр.

Әлқиссаның бастамасы былай басталды: Ұйғыр ауданы білім беру қызметкерлерінің  сұранысы бойынша Ұйғыр ауданы мен Талдықорған қаласының арақашықтығы алыс болуына байланысты Алматы қаласында орналасқан білім және ғылым қызметкерлерінің Алматы облыстық қоғамдық ұйымына ауысу туралы сұраныс болғандығын мәлімдеп, аталған мәселе бойынша 2017 жылдың 26 қазан күні одақ мүшелерінің қатысуымен кезектен тыс конференциясын өткізілген болатынмын. Конференцияның өтуіне заңсыз кедергілер келтіріп, С.Абдықадыров мырзаның өтініші бойынша бұл мәселеге Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасры Тұрлашев Лаззат Мақатұлы араласып, ол Ұйғыр ауданы әкімі аппаратына телефон арқылы хабарласып, «-Конференцияның өту заңдылығын анықтаңдар,-деп өзінің лауазымын асыра сілтеп заңсыз әреткеттер жасады. Ал, Абдықадыров мырза болса, аудандық прокуратураға айғақсыз шағым білдіріп, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің атын жамылып, сіздің артыңыздан аңдып жүр деп қорқытты.

    Ұйғыр аудандық білім беру қызметкерлерінің қатысуымен өткен конференция қорытындысы бойынша бір ауыздан ашық дауыста «Білім және ғылым қызметкерлерінің Алматы облысы кәсіподақ ұйымына ауысу туралы қаулы қабылданды. Алайда,  ҚР Кәсіподақ туралы Заңының 5-бабының 3-інші бөлігінде  кәсіподақтар өз қызметінде барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардан, саяси партиялардан, жұмыс берушілер мен олардың бірлестіктерінен тәуелсіз болады, олардың бақылауында болмайды және оларға есеп бермейді.- Мұны Абдикадыров мырза біле ме? жоқ әлде, білмей ме оны түсінбедім. Сонда Абдикадыров мырзаның маған айтқан сөзі: «- Менің таныстарым көп, бәрібір мен өз дегенімді орындатамын»,-дейді.

С.Абдикадыров мырза 18 қазанда 2017 жылы ешбір ескертусіз, және негізсіз Қазақстандық салалық кәсіподақ  ұйымынан маманы Г.Тоқабаева және Талдықорған аумақтық ұйымының маманы А.Арынбаеваны бірге ертіп келіп, «өткізіп алу және қабылдауды» желеу етіп, әдістемелік жәрдем көрсетеміз деп, өкінішке орай іс жүзінде басқаша іс-қимыл жасап,қаржылық жағын тексеріп, қоқанлоқы жасады. Сол қысым жасаудың салдарынан қан қысымым көтеріліп, «жедел жәрдем» шақыруға тура келді.  Мұның бәрі менің ден саулығыма кері әсерін тигізіп, бүгінгі күнде дәрігердің бақылауында жүрмін. Жала жабу, нақақтан нақақ кінәлау, адам өміріне қауіп төндіреді екен. Сонымен қатар Абдикадыров мырза конференция барысында жеке ар-намысыма тиетін ешқандай дәлелі жоқ сөздермен жала жауып, мені барлық әріптестерімнің алдында беделіме нұқсан келтірді. 26 қазан күнгі конференцияның ауысу туралы қаулысына қарамастан 31 қазан күні тексеру жүргізу мақсатында ешбір ескертусіз тағы да өз мамандарын жіберді. Ұйғыр аудандық «Қамқор» кәсіподақ бірлестігінің  таяу арадағы айларда ғана толық тексеруден өткендігі бар.  Терсоветтің аппараты мен Панфилов,Кербұлақ аудандарына өз адамдарын ешбір келісімсіз жұмысқа алды. Мысалы, көп жылдан бері жұмыс істеп келген Қ. Асылқановқа қысым жасап, оның өз еркімен кетуге мәжбүрледі,

   Аудандық кәсіподақ комитеттері басшыларының құқықтарына нұқсан келтіре отырып, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің Жарғысын мойындамай, өз білгенімен ,кадрларды қабылдау, жұмыстан босатуды, іс-қағаздарын өзіне жинақтап алды. Естуімше, әр бір аудандағы «коғамдық негізде» жұмыс істеп жүрген бастауыш ұйымның төрағалары туралы толық мәлімет жинай бастаған, бұған не дейсіз? Сонда аудандық кәсіподақ басшылары ол үшін кім болғаны? Олармен санасуды мүлде қойған.  Оған дәлел терсоветтің жетінші қарашада болған атқару комитетінің Ұйғыр ауданында өткен конференция туралы жалған қабылданған нөмірі он бірінші  қаулысы.

    Кәсіподақ ұйымы — саяси партия емес, ол ерікті – қоғам.   Мен төменде Талдықорған аумақтық кәсіподақ ұйымының аудандық кәсіподақ комитетіндегі әріптестерімнің пікірлерін дәлел ретінде ұсынып отырмын. Сондай-ақ Кәрібай Қожағұл туралы Ұйғыр ауданының бір топ мектеп директорлары мен бастауыш кәсіподақ төрағалары мен төрайымдарының жек пікірі мен  сол жиында  С. Абдикадыров  мырзаға  айтқан сөздерінің мәтінін қосымша факт ретінде жібердім.

   Абдикадыров мырза! кеше келе салып, төр менікі, мен Ұйғыр аудандық «Қамқор» кәсіподақ бірлестігін  «ашсам алақанымда, жұмсасам жұдырығымда» ұстаймын,- деуі қай сасқаны. Біз  мүмкіндігінше заман талабына сай жақын, әрі тиімді жолмен жұмыс істеуіміз керек.  Бастық болды екен деп,  жөні жоқ нәрсеге жағаласудың, таныс-тамырым көп деп күш көрсетудің қажеті жоқ. Бұл ер жігітке жараспайтын нәрсе. Бұл жерде көпшіліктің талабымен санаса білу керек?  Ал енді басшы мырзаның көпшілік алдында менің ар-намысыма тіл тигізуге құқығы жоқ?

  Ал, менің 30 жылдан астам осы салада жемісті еңбек етіп келе жатқанымды Ұйғыр ауданының бес жастағы баласынан бастап,  жетпістегі қариясына дейін жақсы біледі десем артық айтқандық емес. Бұл уақытқа дейін өз іс-тәжірибемде  біреуге шағым жазып көрген адам  емес едім. Енді міне, менің құқығыма жөнсіз араласқаны үшін, араласып қана қоймай күш көрсеткені үшін   көпшілік жамағат та, жоғары басшылық лауазымда отырған Алматы облысы әкімшілігінің басшылары да хабардар болсын деген ниетпен осы хатты жазуыма тура келді. Неге мені жөні жоқ қаралай береді?Әрине, мен ақ- қарсына жеткенше, Абдикадыров мырза көпшілік алдында болған жағдайға кешірім сұрамайынша айтысатынымды баяндаймын.

  Кәсіподақ ұйымы ерікті, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Жарғысында : Жалпы ережелер бөлігінің 2 бөлігінде «Кәсіподақ қызметінің мәні, принциптері мақсаты мен міндеттерінде : 2.2бөлігінде: «Кәсіподақ өз қызметін еріктілік, дербестік, демократия, , ынтымақтастық, заңдылық, теңқұқылық, жариялық, ұйымдық бірлік ұстанымдары (принциптері) негізінде жүзеге асырады».-делінген.  Алайда,  Талдықорған аумақтық«Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абдикадыров Садық Нұрсапаұлы  жеке адамның ар –намысына тиетін сөз айту осынау жауапты лауазымда отырған қызметкерге лайықты емес екендігін біле ме екен. Кәсіподақ ұйымының төрағалығына лайық па ?  Ел-жұрт оқыған соң бағасын бере жатар.

Кәрібай  Ізбасарұлы  Қожағұл,

Ұйғыр аудандық «Қамқор» кәсіподақ бірлестігінің төрағасы, аудандық мәслихаттың депутаты, ауданның Құрметті азаматы, еңбек ардагері,ҚР кәсіподақтар федерациясының «кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін»  төсбелгісінің иегері.

Шонжы ауылы,

Ұйғыр ауданы,

Алматы облысы.

11 ПІКІРЛЕР

  1. Абдикадиров мырза шындыгында келгенде оз лауазымын асыра пайдаланатын шендилердин бири екенин айта аламын.ол кисини токтататын уакыт келди.Акка кудай жак Карибай мырза барибир сиз женесиз,Абдикадиров мырза осы жерден токтаныз арты жаман болады Алладан коркыныз журттын бари уркитип омир суре берем деп ойламаныз кателесиз

  2. Егер осы жағдайдың бәрі шын болса, бұл қызметке келгенине бар жогы 4-5 ай бола тұра, бақандай 30жыл жұмыс истеген әріптесін каралау нағыз ұят, соракылык нарсе екен. Басшы болып отырған бас жактагы азаматтар осындай озбырлық жасаса, калган арттағы ұрпақ кайда барады? ??

  3. А.С.Нұрсапаұлы бұл саланы толық жете меңгере алмайтындығын білдіріп отыр. Сондықтан бұл кісі бұл салада жұмыс істеуге лайық емес

  4. Осы жазылған мақала шын болса, облыстық білім жəне ғылым қызметкерінің кəсіподақ ұйымының төрағасы болып отырған Абдуқадиров Садық Нұрсапаұлы өзінің білімсіздігін білдіріп, осы отырған орнына лайық адам емес екендігін көрсетім отыр

  5. Нұрсапаұлы өзінің осы салады жұмыс істегеніне бес ай болғанына қарамастан осы салада отыз жыл еңбек еткен өзінің əіріптесіне осындай сорақы қылық көрсеткені үшін жазалануы тиіс

  6. Садық мырзаға бұл салада жұмыс істеуге орын жоқ. Өйткені қоғамдық бағыттағы жұмыстарды түсінбейді

  7. Халықтың жалғыз сенері — кәсіподақ еді.Оныда енді қолды ететін адамдар шықты.Қожағул К.І — ауданға еңбегі сіңген азамат.Ұстаздардың мүдесін қорғап, қиын қыстау кезінде кәсіподақ ұйымын сақтап қалған адам.Кәсіподақ қозғалысына көп еңбек сіңірді. Сонша адамды жұмылдырып, кәсіподаққа сенімдерін арттырған азамат.Талдықорғанда жаңа тағайындалған төраға- кәсіподақ саласында жұмыс істемеген. Тек басшы болып істеген. Ондай адам қарапайым халықты түсіне ме? Үстемдік жүргізгісі келгені — дұрыс болмады. Ал Қожағулды сонша халықтың алдында былапыттағаны — шектен шыққаны деп айтамын. Қожағулға жасаған іс-әрекеттері кинодағы мафиозилердің іс әрекетіне ұқсады.Бізде қазақтарда үлкенді құрмет деген қасиетт ана сүтімен бойымызға дарыған.Абдыкадыров Талдықорғаннан келгені аздай біздің ауданға келіп өзінің лауазымын пайдаланғаны қалаймақан жасады.Абдықадыров өз адамдарын жиберип бастауыш ұйымдардың төрағаларың, мектеп директорларын қорқытпақшы болғаны іске аспады.Келешекте мұндай іс-әрекеттердің болмауын қадағалау қажет деп ойлаймын.

  8. Құрметті ханымдар мен мырзалар! ҚР Заңы бəріміз үшін ортақ емес пе?! Бастығы болсын, қарапайым халқы болсын заң алдында бірдейміз. Ал, кімде кім болсын отырған орынын, жұмысын, асыра пайдалану бұл заңсыздыққа жатады ғой. Ал енді біреуге тіл тигізіп, балағаттау, еш қандай жөні жəне дəлелі жоқ балағаттап , қаралау əрі адамдық пен имандылыққа да жатпайды. Біреуді жөні жоқ балағаттау ҚР заңында көрсетілген. Əр қайсысымыз сауатты, оқыған адамдармыз, өз құқығымызды білеміз!!! Кəрібай Ізбасарұлын жеке өз басым жақсы білемін, ол кісі қашанда өз жұмысына жоғары жауапкершілікпен жəне ұқыптылықпен қарайды. Иманы бар жасына да кəрісіне де көмек қолын ұсынудан тайынбаған адам.

  9. Осы жазылган арызды Майра ханым окыган шыгар деп сенемиз.Осы маселенин туйыные шешетин сол киси,Садык мырза касиподак мушеси болып кормеген адам,калайша касиподакты баскарады?Садык Нурсапаулы туралы терис пикирлер Алматы облысы бойынша оте коп.Майра ханым Садык Абдикадировты калай сайлап отыргыссаныз дал солай орнынан алыныз,не деген сумдык каншама басшымен жумыс истеп мынандай былыкты биринши рет коруимиз,Садык Нурсапаулыные жекеменшик конторасы болды гой типти,осындай сауатсыз ойынын бари оз адамын отыргызып оз дегенин жасататын ешкимге кажети жок бастыктын бизге керек жок,орнына лайык емес орнын босатсын

  10. Кәсіподақ басшылары халықтың қамқоры болуы керек
    Кәсіподақ қоғамдық ұйым. Біз кәсіподақ ұйымына сенеміз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Өтінеміз, атыңызды жазыңыз