Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев жалақы, зейнетақы, шәкіртақы және жәрдемақы көлемін көбейту туралы жарлық шығарды. 20 қарашада қол қойылған жарлық бойынша, 2017 жылдың 1 желтоқсанынан бастап бюджеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің жалақысы, зейнетақы, шәкіртақы және жәрдемақы көлемі орташа есеппен 13-15 пайызға көбейтіледі.

Ең төменгі жалақыға қатысты белгіленген жалақы мен зейнетақыға қосылатын барлық үстемелер және қосымша ақы, өтемақы мен басқа да төлемдер 2017 жылдың 1 желтоқсанынан бастап төленеді. Шаруашылық есебіндегі кәсіпорындар мен ұйымдар 1 желтоқсаннан бастап жалақыны жарлықта белгіленген ең төменгі жалақыға сай, өндіріс тиімділігін арттыру және еңбек шығынын азайту есебінен көбейту міндеттелді.

Өзбекстанда соңғы рет жалақы мен басқа да әлеуметтік төлемдер көлемі 2016 жылы 1 қазанда қайтыс болған сол кездегі президенті Ислам Каримовтің 22 тамыздағы жарлығы бойынша көбейтілген.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Өтінеміз, атыңызды жазыңыз