Астана. 11 қараша. 7kun.kz — Астана қалалық маслихатының 10 қарашадағы отырысында «Есіл», «Сарыарқа» және «Алматы» аудандарының 2018-2020 жылдарға арналған бюджетін бекітті деп хабарлайды әкімдіктің медиа орталығы. 

Астана қаласы мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерғали Егембердінің берген мәліметінше, алдағы 3 жылда «Алматы» ауданына  55,3 млрд. теңге, «Сарыарқа» ауданына  35,6  млрд. теңге, «Есіл» ауданына  51,1 млрд. теңге жалпы алғанда үш жылда 3 ауданға 142 млрд. теңге бөлу қарастырылған.

«Келер 2018 жылы «Алматы» ауданына  17,9 млрд. теңге, «Сарыарқа» ауданына 11,4 млрд. теңге, «Есіл» ауданына 15,9 млрд. тенге қаржы бөлу қарастырылған», деді экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерғали Егемберді.

Астана қаласының коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасына үш жылға 1,6 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражат коммуналдық мүлік объектілерін бағалау, жекешелендіруге жататын мекемелерде аудит жүргізу, көпсалалы «Барыс Арена» мұз айдыны жұмысын қамтамасыз ету, коммуналдық меншік объектілерінің техникалық құжаттамасын дайындау бойынша қызметтерге бағытталады.

Бұған дейін Астанаға туризм бойынша көп инвестиция тартылғандығы туралы ақпара белгілі болған.

Запись 2018 жылы Астана инфроқұрылымын дамытуға 45,2 млрд теңге бөлінді впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Өтінеміз, атыңызды жазыңыз