1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №59 (15829) 30 шілде, сейсенбі 2013
\"Жас Алаштың\" құқықтық беті. Дайындайтын Дәнеш Ұзақ
30 шілде 2013
Пайғамбар жасына келгенде өтiрiк айтуды үйрендiм...

Жазылған жайдың жаңғырығы

“Жас Алаштың” өткен айдағы нөмiр­лерiнiң бiрiндегi “Алдаспан” қосымшасында (18 маусым, №47) “Қанiшер құқық қорғаушы” деген тақырыппен мақалам жарияланды. Жанайқайымды халық назарына жеткiзгенi үшiн “жасалаштықтарға” ал­ғысым шексiз. Ешкiмнiң отбасына мұндай қайғы-қасiрет бермесiн, қанiшер Алтынбек Жұмабеков сияқтылардың арам ниетiнен, қаруынан сақтасын. Жалғыз ұлымнан мезгiлсiз айырылып, қара жамылдым.
Ұланымның артында қалған қос құлыншағының мұңы менi жегiдей жеп барады. Қартайған шағымда осындай күйге түсемiн деп ойлап па едiм?! Көз алдымнан Ұланымның бейнесi кетер емес, көз жасымды көлдей төгiп, жанарымнан айырылуға тақадым. Полиция атын бүркенiп, ауыр қылмыс жасап жүргендердiң кеселiнен Пайғамбар жасына жеткенде өтiрiк айтуды да үйрендiм. Ұланымның ұлдары: “Папамыз қайда кеттi, қашан келедi? Сағындық қой!” деп шыр-шыр еткенде өзiмдi қоярға жер таппаймын. “Папаларың iссапармен алысқа кеткен, тақауда келедi” деп, ес бiлiп қал­ған құлындарымды алдаумен отырмын. Күндердiң-күнiнде әкелерiнiң қылмыскерлер қолынан келмеске кеткенiн бiлгенде, мен де олардың алдында моральдық тұрғыда қылмыскер боламын-ау! Маған ауыр жүк болатын да осы жағдай.
А.Жұмабеков Баршатаста полиция бөлiмшесiнiң бастығы болып жүрген кезiнде ауыр қылмыстар жасалды. Жеке кәсiпкерлiкпен айналысып жүрген апалы-сiңiлiлердi өз үйiнде өлтiрiп, миллиондаған ақшасын жымқырып кеттi. Соңынан тағы бiр кәсiпкердiң мәйiтi Баршатастан Бал­қаш көлiнiң жағасына апарып тастаған жерiнен табылды. Осы қылмысты жасағандар күнi бүгiнге дейiн бостандықта жүрiп, олардың орнына ешқандай кiнәсi жоқ адамдар сорлаған жоқ па?
Ағайындар-ау! Мына түрiмiзбен қайда барамыз? Басымызға ауыртпашылық туып, бiреуден зорлық-зомбылық көрiп жатсақ, ендi кiмге барып жүгiнемiз, сенген полиция­мыздың түрi мынау...
Осы күндерi “Полиция” деген сөздi естiсем, бүкiл денем тiтiркенiп, шошитын болдым. Аудандық iшкi iстер бөлiмi орналасқан ғимараттың маңын баспауға ант еттiм, себебi оларды “халықтың қорғаушысы” деген ойдан мүлде арылдым. Iштерiнде адал ниеттi, өз iстерiне берiлген, кәсiби деңгейлерi жоғары қызметкерлер, әрине, басым. Алайда Жұмабеков сияқтылар бүкiл жүйенiң жылдап жинаған абыройын бiр сәтте жоққа шығарды.
Жаутаңдаған көздер “папамыз алыстан iссапардан оралады” деп, күндерiн жол торумен өткiзуде. Өтiрiкке етiм үйренiп келе жатқан атасы – мен, олардың үмiт жiбiн үзбей күнде “келедi” деп өтiрiк айтып, күнәмдi арттырудамын. Обалы болса, кiмге екенiн Жаратушы өзi бiледi...
 
Назархан Сұлтанұлы,
Аягөз қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті