1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №59 (15829) 30 шілде, сейсенбі 2013
\"Жас Алаштың\" құқықтық беті. Дайындайтын Дәнеш Ұзақ
30 шілде 2013
“Алдаспан” ақпарат

ПУТИН ҚАНША КЕЛI ШОРТАН ҰСТАДЫ?

Жақында Ресей президентiнiң Тувада балық аулап жүрген суретi жарияланды. Алайда оның 21 келiлiк шортан ұстағанына, тiптi балық аулауға барғанына сен­бейтiндер табылды. Кәсiпқой балықшылардың бiрi Фейсбуктегi парақ­шасына былай деп жазды: “Суреттегi шортан әрi кетсе, 10-11 келi ғана болады. 21 келi дегенi – өтiрiк”.
Андрей Малыгин деген блоггер: “Путин 2007 жылы да дәл осы киiммен, дәл осы көзiлдiрiкпен, дәл осы сағатпен суретке түскен. Мынау 2007 жылғы сурет емес пе?” – дейдi.
Президенттiң баспасөз хатшысы Д.Песков бұған жауап бердi. “Президенттiң қасында өзiм жүрдiм. Суреттер алын ала дайындалған жоқ. Шортанның салмағын да дәл жаздық. Президенттiң киiмдерi жаңа. Бұрынғы сағатын сыйға тартқан соң дәл сондай сағат сатып алған. Өйткенi оған үйренiп қалды”, – деп ақталды Д.Песков.
 
АТЫЛЫП ӨЛДI...
Ақмола облысының Зерендi аудандық полициясы бастығының орынбасары Асхат Сибанов сенбi күнi өз үйiнде табелдi тапаншасымен атылып өлдi.
“Нақты себебi әзiрге белгiсiз. Алайда бұдан бiрнеше күн бұрын IIД басшысы Сибановты “өз қызметiне сай емес” деп тапқан. Сибановқа қатысты қызметтiк тексеру жүрген. Ол екi учаскелiк полицеймен бiрге жемқорлық жасауы мүмкiн. Учаскелiк полицейлер пара алғаны үшiн ұсталды”, – деп мәлiмдедi аудандық про­куратура.
 
Беттi дайындаған –
Ерiк РАХЫМ.  
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті