1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №69 (15839) 3 қыркүйек, сейсенбі 2013
\"Жас Алаштың\" құқықтық беті. Дайындайтын Дәнеш Ұзақ
3 қыркүйек 2013
Полицейлерiмiз “иттiң басынан көп” екен...

ҚАЗАҚСТАНДАӘР 100 МЫҢАДАМДЫ 444 ПОЛИЦЕЙҚАДАҒАЛАЙДЫ

АҚШ-тың Bloomberg деген агенттiгi халқының саны 5 миллионнан асатын елдер арасында зерттеу жүргiзiп, полицейлерiнiң саны жөнiнен қай мемлекет алда тұрғанын анықтапты. Сонымен, құрметтi оқырман, сiз қай мемлекет “бәйгеден” келдi деп ойлайсыз? Жо-жоқ, Құдай сақтасын, Қазақстан емес екен. Бiз қатты елiктейтiн, солықтайтын, аузына қарап отыратын iргедегi Ресей “бәйге” алыпты.
Агенттiктiң есептеуiнше, Ресейде әр 100 мың адамға шаққанда 564 полицейден келедi. Екiншi орында Түркия тұр. Әрбiр 100 мың адамға – 474 полицейден. Италия үшiншi орында – 467 полицей. Қазақстан бұл тiзiмде алтыншы орында тұр қасқа­йып. Бiзде әрбiр 100 мың адамды 444 полицей қадағалайды.
Полицейлiк мемлекеттер арасында Ресейдiң бiрiншi орында тұруы заңды да. Өйт­кенi Ресей “Кеңес одағының мұрагерi” ғой. Демократиясы барынша тұншықтырылған елдiң полицейлерi көп болады.
Түркияны да түсiнуге тырысып көрейiк. Биыл жаздағы қақтығыстардан кейiн полицейлерiнiң санын кө­бейт­кен шығар, бәлкiм. Етек-жеңiн жиғасын,   туысқан ел тiзiмдегi “мәртебелi” орнын өзгелерге босатып бе­ретiн шығар.
Италия десе, атақты “Спрут” сериалы мен оның бас­ты кейiпкерi “Комиссар Катани” еске түседi. Неге? Өйткенi “Италия мафиясы” дегендi екiнiң бiрi бiледi. Бәлкiм, мафиямен күресу үшiн көп полицей керек те шығар.
Ал бiздiкi не? “Қазақ мафиясы” дегендi естiдiңiз бе? Естiген жоқсыз. Түркия немесе Сирия сияқты емес, Құдайға шүкiр, ел – аман, жұрт – тыныш. Ендеше, осыншама полицей не үшiн керек? Бiз неге оларды бекерден-бекер асырауымыз керек? Әлде билiк әлденеден қауiп­тене ме?
Bloomberg агенттiгiнiң сарапшылары бiр нәрсенi ескермептi. Бiзде iшкi әскер деген бар. Әскер деген аты болмаса, ондағы жауынгер­лер­дiң бәрi кәдiмгi полицейлер. Алда-жалда бiр жағдай бола қалса, бiр-ақ сәтте жа­уынгерлер полицейге айналып шыға келедi. Егер сарапшылар осы iшкi әскердi полицейлердiң санына қосып есептегенде, бәлкiм, тiзiмде Ресеймен “жағаласып” жүрер ме едiк, кiм бiлсiн.
Жалпы, өркениеттi елдерде полицей дегендi “құқығымызды қорғаушы”, “тыныштығымызды сақтаушы” деп түсiнедi. Бiзде ше? Бiзде бәрi керiсiн­ше. Қарапайым халықтың көпшiлiгi полицейдi “құқығымызды таптаушы”, “жемқор”, “парақор” деп бiледi. Ал билiк полицияға “халықтың наразылығынан қорғайтын күш”, “митингiлердi тарататын сойыл” деп қарайтындай. Егер олай болмаса, билiкке “иттiң басынан көп” полицей не үшiн керек?..
 
А.Қазбек.
Алматы қаласы.      
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті