1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №69 (15839) 3 қыркүйек, сейсенбі 2013
\"Жас Алаштың\" құқықтық беті. Дайындайтын Дәнеш Ұзақ
3 қыркүйек 2013
Қызметкерлерiмiздiң айуандығы үшiн кешiрiм сұраймыз

“Алдаспан” қосымшасының 18 маусым және 30 шiлдедегi нөмiрлерiнде ШҚО Аягөз қаласының тұрғыны Назархан Берiкхановтың мақаласы жарияланды (Қанiшер “құқық қорғаушы”, “Пай­ғамбар жасына келгенде өтiрiк айтуды үйрендiм”). Мұнда Назархан Сұлтанұлы Аягөз аудандық IIБ қызметкерлерiнiң жалғыз ұлы Ұланды айуандықпен өлтiргенiн жүрегi қан жылап отырып баяндаған. Кiнәлiлер жазадан құтылып кете ме деген күдiгi барын да жасырмайды.

Осы мақалалардан соң редакцияға ШҚО IIД басшысы, генерал-майор Р.Жақыповтан хат келдi. Жақыповтың “кiнәлiлер жазадан құтылма­й­ды” деген уәдесiн жария етудi жөн көрдiк. Жал­ғыз ұлынан айырылған қамкөңiл әкенiң жүрегi аз да болса тыншуы үшiн...    
Үстiмiздегi жылдың 28 мамырында Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында Аягөз АIIБ бастығының орынбасары А.Жұмабеков пен осы iшкi iстер органының қызметкерлерi А.Жанкелдин және С.Жұмашевтiң қатысуымен 36 жастағы Ұ.Н.Бе­рiкхановты өлтiру қылмысы ел көлемiнде үлкен тол­қыныс тудырды.
Бұл жағдай Шығыс Қазақстан облысының iшкi iстер департаментi үшiн аса ауыр соққы болды. Бiрiншiден, аса ауыр қылмыс жасалса, екiн­шi­ден, бұл қылмысты офицер шенiндегi полиция қызмет­кер­лерi жасады.
Осы қылмыс әшкереленген соң бiрден республика және аймақтық ақпарат құ­ралдары өкiлдерi үшiн баспасөз конференциясын ұйымдастырып, жұртшылықты қайғылы оқиғаның мән-жайымен хабардар еттiк, БАҚ ар­қылы марқұмның ата-анасы мен туыстарына ресми көңiл айтылды.
Ауыр қылмыстың мән-жайын анықтау үшiн Аягөз ауданына ШҚО IIД басшылары, тәжiрибелi тергеушiлер мен басқа да қызмет өкiлдерi барып, күдiктi үш полиция қыз­меткерiн ұстап, қолданыстағы заң аясында қылмыс бойынша алдын ала тергеу амалдарын жүргiздi. Сонымен қатар бiр мезетте ҚР IIМ, ШҚО IIД өзiндiк қауiпсiз­дiк, жеке құрам бойынша инспекция өкiлдерi, басқа да қызметкерлер жан-жақты қыз­мет­тiк тексеру жүргiздi.
Тексеру нәтижесi бойынша қатаң шаралар қолданылды. Аягөз АIIБ бастығы мен оның орынбасарлары iшкi iстер органдарынан босатылды. Осы iшкi iстер органының бiрқатар қызметкерлерi атқарып отырған лауазымынан босатылып, қатаң тәртiп­тiк жауапкершiлiкке тартылды. Сонымен қатар ШҚО IIД басшылық құрамының да бiрнеше қызметкерi атқарып отырған лауазымынан босатылып, қатаң жауапкер­шi­лiкке тартылды.
Мақалада келтiрiлген дә­йектер бойынша А.Жұмабеков Баршатас полициясы бөлiмшесiнiң бастығы лауазымын атқарған уақытта осы ауылдың аумағында болған ауыр қылмыстарға да тексеру-зерделеу шаралары жүр­гi­зiл­дi.
2010 жылдың қазанында кәсiпкерлiкпен айналысатын апалы-сiңлiлi Шыңғысбаеваларды белгiсiз бiреулер өз үйiнде өлтiрiп, мүлкi мен қаржысынн тонап кеткен-дi. Бұл қылмыс бойынша Баршатас ауылының 29 және 27 жастағы тұрғындары Р.А.Ильясов пен М.А.Сабырбаев Тараз қаласында ұсталды. Тергеу амалдары кезiнде олар iсте­ген аса ауыр қылмысын толық мойындап, қылмыстары толықтай дәлелдендi. ШҚО қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сотының үкiмiмен олардың әрқайсысына 23 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, олар қазiргi уақытта қатаң режим­дегi түзеу колониясында жазаларын өтеуде. Баршатас ауылында бұдан басқа кәсiп­кердi өлтiру фактiлерi бол­ған жоқ.
ШҚО IIД тарапынан Аягөз ауданындағы осы келеңсiз жағдайдың себеп-салдарын анықтап қана қоймай, облыс­тық iшкi iстер органдарындағы жалпы кадр саясаты бойынша кешендi iс-шаралар қолға алынды. Кадрларды iрiктеу, тағайындау, олардың мiнез-құлық жағдайларына қарау мәселесi бұрынғы талаптан да қатаңдандырылды.
Бәрiмiз де ата-анадан туғанбыз, балаларымыз бар, жалғыз ұлынан айырылып қалған Назархан ақсақалдың қайғы-күйзелiсiн бiз де түсi­не­мiз. Осы орайда марқұм Ұлан Берiкха­новтың жақын туған-туыстарынан полиция қызметкерлерiнiң iстеген    айуандығы үшiн тағы да кешiрiм сұрап, көңiл айтамыз.
Ұ.Н.Берiкхановты қасақана өлтiруге қатысты үш күдiк­тiнiң үстiнен қозғалған қыл­мыс­тық iс бойынша құзырлы органдар толыққанды, жан-жақты алдын ала тергеу амалдарын жүргiзiп жатыр. Тергеу аяқталған соң сот үкiмiмен олар заңды қатаң жауапкершiлiкке тартылатынына күмәндануға еш негiз жоқ.
Р.Жақыпов,
ШҚО iшкi iстер департаментiнiң бастығы. 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті