1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №69 (15839) 3 қыркүйек, сейсенбі 2013
\"Жас Алаштың\" құқықтық беті. Дайындайтын Дәнеш Ұзақ
3 қыркүйек 2013
Қылмыстық iстi бақылауға алдық

“Алдаспан” қосымшасының 30 шiлдедегi санында Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қақпақ ауылының тұрғыны Қайырғали Нұрқабаевтың “Шарымбай шатқалындағы шатақ” (“Төрт оқ тиген ұлымды “өзiн-өзi атып өлтiрдi” дегiсi келе ме?”) деген мақаласы жарияланды. Мақалада Қ.Нұрқабаев ұлын әлдекiмдердiң төрт рет атып өлтiргенiн айтып, құзырлы органның iстi созып жiбергенiн, қылмыскердiң жазадан құтылып кетуi мүмкiн екенiн сөз еткен. Мақала ҚР iшкi iстер министрi Қ.Қасымовтың және ҚР бас прокуроры А.Дауылбаев­тың назарына жолданған-ды.

Жақында редакцияға осы мақалаға қатыс­ты құзырлы орган қызметкерлерiнен төмендегiдей жауап келдi.
“Жас Алаш” газетiнiң 30 шiлдедегi №59 санында Райымбек ауданының азаматын өлтiру фактiсi бойынша Алматы облыстық iшкi iстер органына бағытталған “Шарымбай шатқалындағы шатақ” деп аталатын сын-ескертпе мақала жарық көрдi.
Осыған байланысты, Алматы облыстық IIД-нiң тергеу басқармасы аталған оқиға бойынша қызметтiк тексеру жүргiзiп, Райымбек ауданының тұрғыны Е.Нұрқабаевты өлтiруге қатысты ҚР Қылмыс­тық кодексiнiң 96-бабы,           1-бөлiгiмен қылмыстық iс қозғалды. Қылмыстық iс мате­риалдарына сәйкес, Райымбек аудандық IIБ қызметкер­лерi­мен сот-медициналық, баллистикалық, биологиялық және сот-психиатриялық сараптама тағайындалғанын, қылмыстық iстi тергеу толық мөлшерде жүргiзiлiп жатқанын, сондай-ақ оқиға орнынан табылған екi дана атыс қаруы – 12 калибрлi аңшы мылтығы мен ТОЗ-8 сайлы мылтығы тәркi­ленiп, заттай айғақ ретiнде қылмыстық iске тiр­келгенiн мәлiмдеймiз.
Қазiргi уақытта аталған оқиға бойынша қылмыстық iске тергеу жүргiзудi Алматы облыстық IIД басшылығы өз бақылауына алды.
Б.Келгенбаев.
Алматы облыстық IIД бастығының орынбасары.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті