1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №35-36 (15805-06) 7 мамыр, сейсенбі 2013
\"Жас Алаштың\" құқықтық беті. Дайындайтын Дәнеш Ұзақ
7 мамыр 2013
Сұрақ-жауап бұрышы

ҚОҒАМДЫҚ ҚОР ҚҰРУДЫҢ ЖОЛЫ ҚАНДАЙ?

Құрметтi “Жас Алаш! Үкiметтiк емес ұйым (қоғамдық қор) құрмақшы едiм. Жергiлiктi әдiлет басқармасына өтiнiш жазып, қажеттi құжаттарымды өткiзгенмiн. Бiр ай бойы сарғайтып тостырды да, артынша қоғамдық қорды тiркеуден бас тартты. Себебiн нақтылап түсiндiрген жоқ. Әдiлет басқармасының мұнысы қаншалықты заңды?
Айдын Жарқын,
Қызылорда қаласы.
Үкiметтiк емес ұйымдардың қызметiн реттейтiн заңда ұйымды тiркетудiң жөн-жосығы анық көрсетiлген. Мәселен, қоғамдық қорды жеке тұлғаның атына тiркету қажет, өйткенi нақты мекенжайы болуы тиiс. Сондай-ақ, қоғамдық қордың атауы қазақша болуы шарт. Күнi кешеге дейiн үкiметтiк емес ұйымдардың атауы түрлiше (ағылшынша немесе қысқарған сөздер) болып келдi. Ендi қазақша атауға тиiссiз. Ресей үкiметтiк емес ұйымдарға қойылар шартты қатаңдатты. Өйткенi “мүдделi топтар осындай ұйымдар арқылы шетелден ақша аударып, оппозицияны қаржыландырады” деп түсiнедi. Ресей не iстесе, Қазақстан билiгi де соны көшiрiп ала қоятын әдетi ғой. Заңға әлi өзгерiс енгiзiл­мегенi­мен, астыртын шектеулер бiзде де қойыла бастады.
Жергiлiктi әдiлет органы қоғамдық қорды не үшiн тiркемегенiн жазбаша түрде түсiндiруге мiн­деттi. Олай етпеген жағдайда, мұнысы – көпе-көрiнеу заң бұзушылық.
Қоғамдық қордың құрылтайшылары екiден кем болмауы керек, сондай-ақ жарғысы болуы тиiс. Жарғыда қоғамдық қордың атқаратын қызметi нақтылы көрсетiледi.
 
ЗАҢ ДЕГЕН НЕ, ЗӘКҮН ДЕГЕН НЕ?
Ат-мат, жiгiт-мiгiт деген сөз­дер­дiң мағынасын бiлемiз. Ал ендi заң-зәкүн дегендi қалай түсiндiрiп берер едiңiздер?
Абылай Өктем,
Алматы қаласы.
“Заң – өрмекшiнiң торы, әлдi­лер – құтылады, әлсiздер – тұтылады” деген қанатты сөз бар. “Заң – ханға да, қараға да бiрдей” дегенiмiзбен, билiктегi кейбiр жем­қорларға заң жүрмейтiнiн көзiмiз көрiп жүр. Сондықтан заң – қарапайым халықтың, ал зәкүн – жемқорлардың “заңы” болса керек.
 
АҢШЫ МЫЛТЫҒЫМДЫ АЛЫП ҚОЙДЫ...
“Аңшылық қаруды дұрыс сақтамай отырсың” деп әкемнен қалған мылтықты құжаттары бола тұра тәркiлеп әкеттi. Учаскелiк полицей­лердiң мұнысы қаншалықты заңды?
Берiк Әлхан,
Алматы облысы.
Аңшы қаруын үйде сақтаудың өз тәртiбi бар. Қару мiндеттi түрде сейфте сақталуы керек және сейфтiң өзi де талапқа сай болуы шарт. Егер сейфтiң темiрi тым жұқа болса (2 мм.-ден кем болмауы тиiс), еденге және қабырғаға бекiтiлмесе, сондай-ақ өзiңiз тiркеуде тұрған жерде сақталмаса, заң бұзған болып есептелесiз.     
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті