1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №35-36 (15805-06) 7 мамыр, сейсенбі 2013
\"Жас Алаштың\" құқықтық беті. Дайындайтын Дәнеш Ұзақ
7 мамыр 2013
“Алдаспан” ақпарат

ЖАЛА ЖАППАҚ БОЛЫПТЫ

Қарағанды облысының Осакаров аудандық полициясының екi қызметкерiнiң үстiнен қылмыстық iс қозғалды. Оларға “бұрын iстi болған бiр азаматқа iсте­меген қылмысты мәж­бүрлеп мойындатпақ болды” деген айып тағылды. Бұл туралы “Интерфакс-Қазақстан” хабарлады.
Қылмыстық iс қозғауға әлгi азаматтың өзi себепкер болған. Ол қылмыстық полицияның аудандық бөлiмшесi басшысының кабине­тiнде болған әңгiменi диктофонға жазып алып, Қарағанды облыстық IIД-нiң өзiндiк қауiп­сiздiк бөлiмiне әкелген.
Полицейлер оны бө­лiмшеге шақырып алып, “жанар-жағармай стансасын тонамақ болдың” деп жала жапқан. Психологиялық қысым жасап, қоқан-лоққы көр­сет­кен. Осылай боларын бiлген әлгi жiгiт қалтасына диктофон салып барған ғой...
 
ВИЦЕ-СПИКЕР АЙЫПТЫ БОЛДЫ
BBC-дiң хабарлауынша, Британ парламентiнiң вице-спикерi Найджел Эванс “екi еркектi зорлауы мүмкiн” деген айыппен қамауға алынды.
Консервативтiк партияның мүшесi, 55 жастағы Найджел Эвансты полиция 20 жастағы екi жiгiтке шабуыл жасады деген күдiкпен тергеген. Тергеу амалдары анықтағанындай, оқиға 2009 жылы және 2013 жылы Пендлот қаласында болған.
Бұған таңданудың ретi жоқ, өйткенi Эванс 2010 жылы-ақ өзiнiң қызтеке екенiн ашық мойындаған.
 
БЕС ЖЫЛДАН СОҢ ТАБЫЛДЫ
Бұдан бес жыл бұрын Павлодар қаласында тұратын әйел жергiлiктi полицияға шағым түсiрiп, 7-сыныпта оқитын қызының iз-түзсiз жоғалып кеткенiн айтқан-ды.
Жедел iздестiру шаралары еш нәтиже бермей, ақырында полиция да, қыздың анасы да оны өлдiге жорыған. Сөйтсе, қыз 5 жыл бойы Астанада тұрыпты. Қыздың айтуынша, ол 2008 жылдың қарашасында екi құрбысымен және жiгiтiмен Астананы көруге барған да, сонда қалып қойған. Кәмелетке толмаған қыздың бес жыл бойы немес айналысқаны белгiсiз.
 
ОЛЛАНДТЫҢ ЖҰБАЙЫ САРКОЗИДIҢ ӘЙЕЛIНЕН АРЗАН ЕКЕН
Франция премьер-министрiнiң кеңсесi бiр қызық ақпаратты жария еттi. Францияның қазiргi президентi Франсуа Олландтың әйелi Валери Триервейлер айына 19 742 еуро шығындайды. Бұл қаржы – бес адамнан тұратын қызметшiлерiнiң жалақысын қосқандағысы.
Ал ендi Николя Саркозидiң әйелi Карла Бруни сегiз қызметшiсiне айына 36,6 мың еуро төлегенiмен қоймай, жеке сайтына 25 мың еуро тағы шығындап отырған. Кiмнiң қалай өмiр сүрiп жатқаны, салық төлеушiлерге қайсысының жаны ашитыны осыдан-ақ байқалмай ма.    
 
Беттi дайындаған Ерiк РАХЫМ.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті