1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №47 (15817) 18 маусым, сейсенбі 2013
\"Жас Алаштың\" құқықтық беті. Дайындайтын Дәнеш Ұзақ
18 маусым 2013
“Алдаспан” ақпарат

“ВЛАДИМИР ПУТИН ҚЫМБАТ САҚИНАМДЫ ҰРЛАП АЛДЫ”

АҚШ-тық миллиардер, америкалық футбол командасының қожайына Роберт Крафт жақында былай деп мәлiмдедi: “2005 жылы Санкт-Петерборда Ресей президентi Владимир Путинмен кездестiм. Сонда ол менiң гауһар тастармен көмкерiлген чемпиондық сақинамды ұрлап алды.
Сақинаны саусағымнан шештiм де, Путинге көрсеттiм. Путин оны саусағына тағып: “Мынаумен бiреудi өлтiруге болады ғой”, – дедi. Сақинамды қайтарып алмақ болып қолымды созып едiм, маған назар аудармастан оны қалтасына салып алды. Сол мезетте мемлекеттiк қауiпсiздiк қыз­метiнiң үш жiгiтi оны қоршап алды да, Путин кетiп қалды”.
New York Post газетiнiң жазуынша, Роберт Крафт сол кезде саяси жағдайды ушықтырып жiберуден қорқып, тiлiн тiстеп қалған. Ақ үй де осыны кеңес етiп, “өзiм сыйладым дей сал” дептi.
Путиннiң баспасөз хатшысы Дмитрий Песков осы ыңғайсыз жағдайға қатысты CNN телеарнасына түсiнiктеме бердi. “Крафтың мұнысы қызық екен. Ол Путинге сақинасын сыйлаған кезде мен олардың жанында тұрдым. Америкалық футболдан АҚШ суперкубогын ұтқан командаға берiлетiн сақина қазiр өзге де сыйлықтармен бiрге Кремльдiң кiтапхана­сында сақтаулы тұр”, – дедi ол.
Кiмге сенемiз, америкалық кәсiпкерге ме, әлде Путиннiң баспасөз хатшысына ма?
 
ҮШIНШI ДҮНИЕЖҮЗIЛIК СОҒЫС БАСТАЛУЫ МҮМКIН БЕ?
“Сириядағы дағдарысқа кейбiреулер аса көңiл аудармай жүр. Алайда бұл мәселе тереңдеп барады. Азаматтық соғыс бiрте-бiрте сүнниттер мен шейiт­тер арасындағы соғысқа ұласып, оның жалыны бүкiл аймақты шарпуы мүмкiн.
Екi тарап та соғыста жеңiске жету үшiн сырт­қы күштерге жүгiнерi анық. Шейiттер Иран мен оның ливандық одақтасы “Хизболла” ұйымына арқа сүйейдi. Ал сүнниттердi Сауд Арабиясы мен Қатар қарумен қамтамасыз етiп отыр.
Мемлекеттердiң арасындағы өзара байланыс – өте қиын һәм нәзiк жүйе. Мәселен, Сирия­дағы жағдай Израильге әсер етпей қоймайды. Израильден маза кетсе, АҚШ-тың да ұйқысы қашады”, – деп жазды Daily Mail басылымы.
 
ОБАМАНЫ ТРАКТОРМЕН КҮЗЕТТI
17-18 маусым күндерi Солтүстiк Ирландияда өткен “үлкен сегiздiк” саммитiнде АҚШ прези­дентi Барак Обаманы қауiпсiздiк қызметiнiң 200 агентi трактормен күзеттi. Ол үшiн жаңа тракторлар сатып алған. Бұл туралы британдық Sun газетi жазды.
“Фермерлерше киiнiп алған агенттер саммит өткен курортты айнала жер өңдеп жүргендей түр көрсеттi. Террористер Обамаға қастандық ұйымдастырмақ болған күнде де күнмен шағылыса жалт-жұлт еткен жаңа трактор мiнген агенттердi бiрден байқап қояр едi”, – деп жазды Sun.
 
ӘЙЕЛДЕРДI ДЕ ӘСКЕРГЕ БАРУҒА МIНДЕТТЕДI
Норвегияның парла­ментi әйелдердi әскерге баруға мiндеттейтiн заң қабылдады. Мұны РИА Новости ақпарат агенттiгi хабарлады.
“Жынысына қарамастан, азаматтардың бәрiнiң құқығы тең болуы керек. Бiз әйелдердi әскерге ерiккеннен немесе әскер санын көбейту үшiн шақырғалы отырған жоқпыз, бiзге күштiлер керек”, – дедi Норвегияның қорғаныс министрi Анне-Грете Стрем-Эриксен.
Норвегия өкiметi әскердегi әйелдердiң үлес салмағын алдағы уақытта 20 пайызға жеткiзбек. Бұл елде үкiмет мүшелерiнiң жартысы – әйелдер.
 
 
Беттi дайындаған
Ерiк Рахым.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті