1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №47 (15817) 18 маусым, сейсенбі 2013
\"Жас Алаштың\" құқықтық беті. Дайындайтын Дәнеш Ұзақ
18 маусым 2013
Заң кеңесi

Газетiмiздiң құқықтық бетi – “Алдаспан” қосымшасының хат қоржынына қазiргi қолданыстағы ҚР Қылмыстық кодексiнiң ықпыл-жықпылына қатысты бiрнеше сұрақ келген екен. Сол хаттардың бiрдi-екiлiсiне түсiнiктеме берудi жөн санадық.

ҚАНДАЙ АДАМДАР ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШIЛIККЕ ТАРТЫЛМАЙДЫ?
Құрметтi “Жас Алаш” газетiнiң редакциясы! Дәл қазiр бүлiнген қоғамда өмiр сүрiп жатқанымызды ешкiм жоққа шығара алмайды. “Қайда барсаң – Қорқыттың көрi” демекшi, қай есiкке бас сұқсаң да жемқорлықтың иiсi мүңкiп тұрады. Адам өлтiру, кәмелеттiк жасқа толмағандарды зорлау сияқты ауыр қылмыстар да өршiп тұр. Менiң сұрамағым мынау: өткен жылы Атырау облысында қыз зорлаған бiр қылмыскердi сот “ақыл-есi дұрыс емес” деп жазадан босатты. Бiршама уақыттан соң әлгi “ақыл есi дұрыс емес” деген қылмыскер сап-сау тайраңдап жүрдi. Сонда қалай, “кембағалмын” дегеннiң бәрiн сот жауапкершiлiктен босата бере ме?
Әдитолла Құрманғали.
Атырау облысы.
 
ҚР Қылмыстық кодексiнiң “Қылмыс” деп аталатын II бөлiмiнде қылмыстық жауап­кер­шiлiкке тартылуға тиiстi адамдар, қылмыстық жауаптылық басталатын жас шамасы және есi дұрыс еместiк жөнiнде түсiнiктi айтылған. Мәселен, осы бөлiмдегi 14-бапта (Қылмыстық жауапқа тартылуға тиiстi адамдар) былай дейдi: “1. Есi дұрыс, осы кодексте белгiленген жас­қа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс.
2. Қылмыс жасаған адамдар шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсi­лiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көз­қарасына, сенiмiне, қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына, тұрғылықты жерiне немесе өзге де кез келген мән-жайларға қарамастан заң алдында бiрдей”.
Қылмыстық кодекс бойынша, он алты жасқа толған адам ғана қылмыстық жауап­қа тартылады. Ал ендi қандай адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс емес? Қыл­мыс­тық кодекстiң 16-бабында (Есi дұрыс еместiк) былай дейдi: “1. Осы кодексте көзделген қоғамдық қауiптi әрекеттi жасаған кезде есi дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдығы, немесе психикасының өзге де дертке ұшырауы салдарынан өзiнiң iс-әрекетiнiң iс жүзiндегi сипаты мен қоғамдық қауiптiлiгiн ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс емес”.
Алайда бұдан “есi дұрыс емес қылмыскер бостандықта жүруi тиiс” деген ұғым тумауы керек. 16-баптың 2-тармағында бұған қатысты былай дейдi: “Есi дұрыс емес деп танылған адамға сот осы кодексте көзделген медициналық сипаттағы мәж­бүрлеу шараларын қолдануы мүм­кiн”.
 
ЖАЗАНЫҢ ТҮРЛЕРI ҚАНДАЙ?
Бiзде өлiм жазасына мараторий жарияланғанын бiлемiз. Жаныңды түршiктiретiн қылмыстар жасалып жатқанда әлгi мараторий деген бекер нәрсе ме дейсiң. Жалпы, бiзде қылмыс жасаған адамға қатыс­ты қолданылатын жазаның түрлерi қандай?
Е.Алмабеков.
Алматы облысы,
Райымбек ауданы. 
ҚР Қылмыстық кодексiнiң 39-бабында (Жазаның түр­лерi) қылмыс жасаған адамға мынадай жаза түрлерi қарас­тырылған: а) айыппұл салу; б) белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру; в) қоғамдық жұмыстарға тарту; г) түзеу жұмыстары; д) әскери қызмет бойынша шектеу; е) бас бостандығын шектеу; ж) қамау; з) тәр­тiптiк әскери бөлiмде ұстау; и) бас бостандығынан айыру; к) өлiм жазасы қолданылуы мүмкiн.
Сондай-ақ, негiзгi жазалардан басқа мынадай қо­сымша жазалар бар: а) ар­нау­лы әскери немесе құр­меттi атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дә­режесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградаларынан айыру; б) мүлкiн тәркiлеу қолданылуы мүмкiн.
Айыппұл салу және белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру жә­не қоғамдық жұмыстарға тар­ту жазалаудың негiзгi де, қосымша да түрлерi ретiнде қолданылуы мүмкiн.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті