1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №31 (16217)   20 сәуір, бейсенбі 2017
\"Жас Алаштың\" құқықтық беті. Дайындайтын Дәнеш Ұзақ
9 қыркүйек 2014
Алматы қаласы прокуратурасының назарына
Биылғы жылы 10 қаң­тарда Алматы қаласының тұрғыны Серiк Көкенов менiң ұлдарым Айбек пен Әдiлеттi алдап-су­лап, “бизнес жасаймыз, кепiл­дiкке көлiгiңдi қойып 10 миллион теңге алайық, 10 пайызын алып тұрасың” деп азғырып, ұлым Айбектiң иелiгiн­дегi “Лексус” GS 300 көлiгi мен Әдi­леттiң атына жазылған КамАЗ-65115 жүк көлiгiн
9 қыркүйек 2014
«Алдаспан» ақпарат
ДАРИҒА ТАУДЫ ӨРТЕП ЖIБЕРДI
Алматыда кезектi рет “Алматы – iңкәрiм менiң” ретро-фестивалi өттi. Бұл фес­тивальдiң басты ұйымдастырушысы – депутат Дариға Назарбаева. “Дариғаның фестивалi” деген соң жан қала ма, ығай мен сығайдың бәрi сонда жүрдi. Тiптi Дариғаның қызы Венера да сахнаға шыққан соң, Алматы қаласының әкiмi Ахметжан Есiмовке де бiрдеңе ойлап табуға тура келдi. Ол рояльда ойнаған болды.
9 қыркүйек 2014
Қытай азаматтары Қазақстанның шекарасын бұзды
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметi Қытайдың үш азаматы “мем­лекеттiк шекараны заңсыз кесiп өткенi үшiн” сотталғанын хабарлады. “Қытай халық республикасының бiр топ азаматы алын ала сөз байласып, “Нарынқол” шекара заставасының аумағынан Қазақстанға қарай мемлекеттiк шекараны бұзып өткен.
14 қазан 2014
Кiм мықты?

“ӨЗБЕКСТАН ӘСКЕРI ҚАЗАҚСТАН ӘСКЕРIНЕН ҚАУҚАРЛЫ” ДЕЙДI САРАПШЫЛАР
Бiршама уақыт бұрын Strategypage.com деген сайт Қазақстанның мақтаулы дейтiн қарулы күштерiнiң қауқарына төмен баға бердi. Жүз пайыздық көрсеткiштен бар-жоғы тоғыз пайызды әзер қиыпты. Әскери дәстүр бойынша он балдан – “екi”, басқару бойынша оннан “бес” деген көңiл көншiтпейтiн баға алыппыз. Бұл мәселеге тағы бiр батыстық зерттеу институты (Global Firepower) шұқшиып көрiп, мынадай тоқтамға келiптi:

14 қазан 2014
“Жас Алаштың редакциясына арызданып келген Айдын Бексұлтанов осылай деп ашына айтты. А.Бексұлтановтың шағымына қатысты мақала бұған дейiн де газетiмiзде жарияланған. Мән-жай түсiнiктi болуы үшiн оқиғаны қысқаша баяндайық. Өткен жылы А.Бексұлтановтың ұлдары Айбек пен Әдiлеттi Серiк Көкенов алдап, “Лексус” жеңiл көлiгi мен “КамАЗ” жүк көлiгiн нотариус Р.Тауасарова
14 қазан 2014
Адамжегiш қылмысын өзi мойындапты

Бiраз уақыттан берi жұрт арасында “Адам­жегiш Николай Жұмағалиев бостандыққа шығады екен” деген әңгiме желдей есiп жүр. Тоғыз адамды өлтiрiп, етiн жеген оған қатысты ғаламторда мынадай әңгiме шықты: “Дәрiгер­лердiң айтуынша, Жұмағалиев өзiн жақсы ұстайды. Бөлiмде жұмысын тәуiр атқарады, қызметкерлерге де көмектеседi. Қоғамға одан келiп-кетер қауiп жоқ...”.

14 қазан 2014
ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦЕЙЛЕРI “МИРАНДАНЫҢ ТӘРТIБIН” ЖАТТАЙДЫ
2015 жылдан бастап полицейлер күдiктiнi ұстағанда ең алдымен оған “Миранданың тәртiбi” бойынша құқығын түсiндiруге мiндеттi. “Миранданың тәртiбi” деген не? Бұл – АҚШ-тың заңда көзделген талабы. Талап бойынша, күдiктi ұсталған кезiнде өз құқығын бiлуi тиiс және оған полицейдiң көзi жетуi керек.
14 қазан 2014
Адвокат айыпталушыны ақтап, сотта бүй дедi:
– Құрметтi судья! Айыпталушының менi қорғаушы ретiнде таңдағанының өзi оның есi дұрыс емес екенiн дәлелдейдi! Ал есi дұрыс емес адамды соттауға болмайды!
16 желтоқсан 2014
Жыртық тудың жыры
немесе мемлекеттiк рәмiзiн менсiнбейтiн министр мен жүрегiнiң “мекенжайын” бiлмейтiн елшi туралы
ҚР Қылмыстық Кодекстiң 317-бабында “Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туын, елтаңбасын және мемлекеттiк ән­ұранын қорлау – 200 айлық есептiк көрсеткiштен 1000 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе 1 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады” деп тайға таңба басқандай анық жазылған.
16 желтоқсан 2014
Жемқорлық индексiнде соңынан санағанда үшiншi орындамыз

Желтоқсанның 9-ы – жемқорлықпен күрестiң халықаралық күнi. Бұл күндi атап өту БҰҰ-ның бастамасымен iске асты. Transparency International халықаралық зерттеу тобының болжамынша, жемқорлық индексiнде Қазақстан өткен жылы 140-орында тұрған. Биыл 14 сатыға көтерiлiп, 126-орынға тұрақтапты. Жемқорлыққа қарсы iс-қимылдар мәселелерi жөнiндегi қоғамдық кеңес мүшесi Жанар Жандосова бұл “өрлеудiң” құпиясын “Азаттыққа” ашып берiптi.

16 желтоқсан 2014
“Алдаспан” ақпарат
БАС ПРОКУРОРДЫҢ АЙЛЫҒЫ ҚАНША?
Украинаның бас прокуроры Виталий Ярема сұхбатында былай дептi: “Менiң айлық жалақым 6,5 гривеньге (409 доллар) түсiп қалды. Бұған дейiн 17 мың гривень (мың доллардың шамасы) алатынмын. Министрлер кабинетi шығарған қаулының салқыны маған да тиiп, жалақым төмендедi. Ай сайын үш мың гривеньнен бөлiп екi рет жалақы бергенде, шынымды айта­йын, өкпелеп қаламын”.
16 желтоқсан 2014
Қарагөз Арғынбаева, сержант А.Сұрағановтың жары: Жетi айда арыстай азаматымды арық шалға айналдырыпты

Қарашаның 23-iнен 24-iне қараған түнi Хромтау ауданы аумағынан өтетiн Самара-Шымкент тасжолының бойынан Ақтөбе қалалық қорғаныс iстерi басқармасының сержанты Арман Сұрағанов жартылай жалаңаш, байлаулы күйде табылғанын хабарлағанбыз. Осының алдында ғана 10 күндей бұрын оның әйелi Қарагөз Арғынбаева “Жас Алашқа” белгiсiз жағдайда ұрлағанған жұбайына қатысты өз басындағы жағдайды айтқан. Сержант­тың тiрi табылуы ешкiм күтпеген жағдай едi. Бiз Қ.Арғынбаеваға тағы да жолықтық.

3 ақпан 2015
«Тегiмдi Байтасов деп өзгертемiн!»

2011 жылдың 12 қарашасы – Тараз тұрғындары үшiн қаралы күн ретiнде жұртшылық жадынан мәңгi өшпек емес. Өйткенi осы күнi тараздықтар әдетте теледидар арқылы ғана көрiп-бiлiп келген терроризм, экстремизмнiң қандай болатынын өз көзiмен көрдi. Бұл күнi бiр лаңкестiң салған ойранынан жанкештiнi қоспағанда жетi адам қаза болып, үш адам ауыр жараланды.

3 ақпан 2015
«Отыз алты» ойыны
Автоорындықтың нелiктен “Жол қозғалысы туралы” жаңа ережеге енгенiн әлi ешкiм толық түсiне алған жоқ. Бiреулер мұны “халықтан ақша сауудың амалы” дейдi. Ендi бiреулер “туу көрсеткiшiн төмендету үшiн iстелген шара” дейдi. Әйтеуiр долбар көп. Бiрақ нақты “мiне, мынадай” деп жiлiктеп берген адам тағы жоқ. Ал шынтуайтына келсек, бұл жай әншейiн ғана ойын болатын. Ойынның аты – “Отыз алты”. Автоорындыққа отыруы тиiс балалар салмағының шегi неге 30 немесе 40 емес? Нелiктен 36?
3 ақпан 2015
«Алдаспан» ақпарат
ҮЙ ШАРУАСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ САТҚЫН АТАНДЫ
Ресейдiң Смоленскi облысындағы Вязьма қаласының тұрғыны Светлана Давыдованы ФҚҚ (Федералдық қауiпсiздiк қызметi) тұтқындады. “Мемлекетке опасыздық жасады” деген айыппен. Өткен жылдың сәуiр айында С.Давыдова Мәскеудегi Украина елшiлiгiне телефон соғып, үйiнiң қарсы бетiнде орналасқан әскери бөлiм­шенiң бiр-ақ күнде бос қалғанын, жауын­герлердiң Украинадағы соғысқа аттануы мүмкiн екенiн айтқан.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9»