1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №5 (16191)  19 қаңтар, бейсенбі 2017
\"Жас Алаштың\" құқықтық беті. Дайындайтын Дәнеш Ұзақ
3 ақпан 2015
Егер құқық қорғау органдары ұйымдасқан қылмыс­тық топтардың арасына жан­­сызын жiберудi тоқтатса, қылмыс­керлердiң саны екi есеге азаяр едi.
***
– Көз алдыңызда полиция қызметкерi суға батып кеттi. Не себептi құтқаруға әрекет қылмадыңыз?!
19 наурыз 2015
Ахметовтiң айтары жоқ сияқты...
ЭКС-ПРЕМЬЕР ПРЕЗИДЕНТТЕН КЕШIРIМ СҰРАЙ МА?
Үйқамақта отырған Серiк Ахметов күдiктiден айыпталушыға айналды. Оған Қылмыстық кодекстiң төрт бабы бойынша алты қылмыстық iспен айып тағылды. Қылмыстық кодекстiң 176-бабының 4- тармағы – сенiп тапсырылған өзгенiң мүлкiн iрi көлемде иемденiп кету, 311-бап – пара алу, 310-бап – кәсiпкерлiк қызметке заңсыз қатысу және ол бұған қоса 307-баппен (қызмет бабын асыра пайдалану) үш эпизод бойынша кiнәлi деп танылды. Премьер-министр, облыс әкi­мi, қорғаныс министрi қызметiн атқарған Серiк Ахметовтi iстi бол­ған өзге шендiлермен салыс­тырсаңыз, сөз жоқ, калибрi үл­кен. Калибрi үлкен бола тұра, Ах­ме­товтiң қылмыстық iсi елеусiз өтетiн түрi бар. Олай болатыны, оның үнi шықпайды. Мұнысын “кiнәсiн мойындағаны” дейсiз бе, әлде “қауқарсыздығы” деп түсi­несiз бе, қалай жорысаңыз да еркiңiз.
19 наурыз 2015
– Жаңа заң қабылданыпты, естiдiң бе? – деп сұрады Тоқай көршiсi Ноғайдан.
– Әй, қойшы! Жаңа заң шығыпты дегенiң жаңа ән шығыпты дегенмен бiрдей болып қалды ғой. Күнде бiр заң қабылдап жатқан өкiмет емес пе? Одан да зейнетақыға қанша қосылыпты, соны айтсаңшы.
– Е, оны қойшы. Одан да қоспай-ақ қойғаны дұрыс-ау. Көбе­йе­тiнi – бес жүз теңге, базардағы бар нәрсе қымбаттап жүре бередi.
19 наурыз 2015

Жақында Қазақстан үкiметi Манхэттеннiң (Нью-Йорк) федералдық сотына арыз түсiрдi. Белгiсiз хакерлер үкiметтiк компью­терлерге бұзып кiрiп, қазақстандық шенеунiктер мен нью-йорктiк заң компаниясы өкiлдерiнiң құпия хаттарын жариялап жiберген. Ол қандай құпия болды екен, ә?

19 наурыз 2015
Жақында көлiгiмнiң жарығын жақпағаным үшiн жол полицейi тоқтатты. Бес айлық есептiк көрсеткiш көлемiнде айыппұл жазып бермек болған полицей көлiгiмдi айып тұрағынан бiр-ақ шығарды. Неге дейсiз ғой? Жүргiзушi куәлiгiмнiң ауыстыру мерзiмi өтiп кетiптi! 2005 жылы наурызда алдым, 2015 жылдың наурызында ауыстыруым керек екен. Ендi қайттiм?
19 наурыз 2015
Би һәм билiк туралы
Қазақтың дауын орыс судьясы бiтiрге­нi­нiң қолайсыздығын бiз айтпасақ та, тамам қазақ бiледi. Мысалы, қазақ көтере алмастай шығын, оның үстi­не әдет-рәсiмге терiс болып, көп қиыншылық, залал болмақ.  Билiк туралы қазақтың ескi жолы жоқ емес, қазыл­ған қара жолдай жолы бар. Бiрақ ол жолы ұмытылған. Себебi, көбiнесе орыс законына қарағандықтан болған. Мысалы, сайлау туралы закон па­ра, жақындықпен би болуға ыңғайлы болып, кiм болса – сол би болып, аузына не келсе – соны айтқан. Және бiр себебi жазылмай қалғандықтан.
13 мамыр 2015
«Өлгеннiң жазасын көмген берсiн»
ҚЫТАЙДА АТУ ЖАЗАСЫНА КЕСІЛГЕН ҚЫЛМЫСКЕР ОҚТЫҢ ҚҰНЫН ӨЗІ ТӨЛЕЙДІ
...Бейнежазбаның сапасы анау айтқандай керемет болмағанымен, көздерi байлаулы күйiнде тiзерлеп отырған бiрнеше тұтқын анық көрiнедi. Басына каска киiп, көзiне қара көзiлдiрiк таққан офицер тұтқындардың ту сыртынан жақындап келедi де, әрқайсысын желке тұсынан атып құлатады. Оның күнделiктi шаруасы осы болса керек, ең болмаса қолы дiр етпейдi де. Бас-аяғы 7-8 секундтық жазба көрсетiлiп болған соң жылы жымиған жүргiзушi қыз былай деп хабарлайды: “Құрметтi жолдастар, сiздер өлiм жазасына кесiлген
13 мамыр 2015
Алматы облысының әкiмi Амандық Баталовтың қаперiне
Бұл мақаланы жазуыма елдiң жай-күйi себеп болды. Бiр кездердегi әкiм-қаралардың әдiлетсiздiгi салдарынан халық әрi-сәрi күйге түстi. Iстi тексерудi тиiстi органдар бiрiне-бiрi сiлтеп, сиырқұйымшақтатып жiбердi. 1998 жылы Ескелдi ауданының бұрынғы әкiмi Сұлтан Дүйсенбиновтiң бауыры Сәкен Дүйсенбинов бүкiл ұжымның дүниесiне жерiмен қоса ие болып, бiр сәтте мұрты майланып қалды. Нақты айтқанда,
13 мамыр 2015
Қартайғанда қор болдық
ҚР Бас прокуратурасының назарына
2014 жылдың 21 ақпанында түскi сағат он бiр шамасында кемпiрiм екеуiмiз Каспий банктен бiраз көлемде ақша алдық. Бала-шағаның қамы ғой. Сол күнi кешкi сағат тоғыз шамасында Алматы облысының Iле ауданы, Боралдай ауылындағы үйiмiзге маска киген төрт жiгiт баса-көктеп кiрдi. Төртеудiң бiрi менiң басымнан тапаншаның дүмiмен ұрып, талдырып тастамақ болды. Бiрден есiмнен тана қоймай қарсыласып көрiп едiм, бас-көз демей тепкiнiң астына алды. Бәрi жабылып сол қолымды күшпен бұрағаны соншалық, қолым сынып кеттi. Мойныма жiп орап буындырды да, аяғымнан тартып байлап тастады.
13 мамыр 2015
«Жақсыдан әкiм қойсаң...»

Мамырдың 9-ы күнi Орал қаласында баяғы Кеңес заманын аңсағандардың автошеруi өттi. Көлiктерiне “За Сталина!”, “На Берлин!”, “Спасибо деду за победу!” деп жазып, әлем-жәлем етiп алғандар оралдықтардың ашу-ызасын тудырды. Жергiлiктi билiктiң мұндай шеру өткiзуге рұқсат бермегенiн құлақтарына қыстырмаған олар КСРО-ның туы мен Сталиннiң портретiн көтерiп, қаланы азан-қазан еттi.

13 мамыр 2015
Фаррух Шарипов: Бұл – “Ислам мемлекетi” емес, жауыздық мемлекетi

Тәжiкстан Iшкi iстер министрлiгiнiң бастамасымен Душанбедегi Кохи Джоми концерт залында Фарух Шариповпен арнайы кездесу өттi. Бұл туралы “Азаттықтың” тәжiк қызметi хабарлады. Фарух Шарипов – әлдекiмдердiң азғыруы­мен Сирияға барып, “Ислам мемлекетi” ұйымының қатарында соғысқан 25 жастағы жiгiт. Елiне қашып келген соң ол амнистияға iлiгiп, құқық қорғау органдарының қорғауына өткен.

13 мамыр 2015

Құрметтi редакция, күн жылына құрылыс жұмыстары басталады. Жұрт қатарлы мен де үй салсам және үйiмдi өзбек ағайындарға салғызсам деп едiм. Өйткенi олар жұмысты арзан, тез әрi сапалы iстейдi. Өзбек құрылысшыларымен келiсiп те қойдым. Алайда бiр мәселе туындап тұр. Өзге елдiң тiркелмеген азаматтарын полиция ұстап әкетедi екен. Көршiмнiң айтуынша, өзбектердiң әрқайсысына айына 3 мың теңгеден төлеп, өз үйiме уақытша тiркеуге тұрғызуыма болатын көрiнедi.

7 шілде 2015
“Қыз зорлау” операциясының құпиясы
БОЗЫМБАЕВТЫ БОПСАЛАУШЫЛАР ҚАЛАЙ ЖӘБIРЛЕНУШIДЕН АЙЫПТАЛУШЫҒА АЙНАЛДЫ?
Жақында “КТК” теларнасының “Портрет недели” бағдарламасынан Павлодар облысының әкiмi Қанат Бозымбаевтың ұлы шатылған “қыз зорлау” оқиғасына қатысты арнайы хабар көрсетiлдi. Бұл iстi кейбiр ақпарат құралдары күнi бүгiнге дейiн “өтiрiктi шындай, шынды Құдай ұрғандай” етiп жариялап келген. Жәбiрленушi Анфиса Хафизулина есiмдi қыз оқиғаның қалай болғанын, әкiмнiң ұлының “қыз зорлауға” қатысқан-қатыспағанын, “Бозымбаевты бопсалайық” деп өзiн кiмдердiң үгiттегенiн ашып айтып бердi.
7 шілде 2015
Жүргiзушiнiң 10 қателiгi
1. Жол-патрульдiк полициясының төсбелгiсiне назар аудармайсыз. Төсбелгi – инспектор формасының ажырамас бөл­шегi. Төсбелгi жоқ болса, онда ол инспектор емес – бопсалаушы. 2. Инспектормен сөйлескенде оған “аға”, “көке”, “бауырым”, “басеке” дей көрмеңiз. Осылай деп жорғалай жөнелсеңiз, ол бiрден сiзге үстемдiк жасайды. Дұрысы – инспектормен тең дәрежеде сөйлесу. Ол сiзге аты-жөнiн айтуға мiндеттi. Естiмей қалсаңыз, қайталап сұраудың еш сөкеттiгi жоқ. Инспектордың аты-жөнiн атап сөйлескен жөн.
7 шілде 2015
Жауғаштыға жан баласы шыдамайды
Түрмеден хат
Сiздерге хат жолдап отырған – Алматы облысы, Iле ауданы, Жауғашты ауылындағы АА155/4 әйелдер зонасында жазасын өтеп жатқан Кәрiбаева Нұрбике Құттыбайқызы. Мен 1973 жылдың 9 қаңтарында туғанмын. Осы лагерьге 2012 жылдың тамыз айында ауысып келдiм. Келгелi берi осы жердегi әйелдердiң тұрмыс-тiршiлiгiне, мекеме әкiмшiлiгi қызметкерлерiнiң оларға деген қарым-қатынасына көңiлiм толмайды.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8»