1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №23 (16209)   18 наурыз, сенбі 2017
\"Жас Алаштың\" құқықтық беті. Дайындайтын Дәнеш Ұзақ
7 шілде 2015
Ержанның ерлiгi
Алматы облыстық iшкi iстер департаментi “Арлан” арнайы мақсаттағы бөлiмшесiнiң қызметкерi полиция капитаны Ержан Боранбайұлы Ахметов қырық жасын тойлауға аз ғана уақыт қалғанда – 2013 жылдың 12 маусымы күнi қарулы қарақшының қолынан қаза тапты. Ержан ажал құшардан бiр күн бұрын Қарасай ауданы Алатау ауылындағы саяжайлардың бiрiнде қарулы бұзақы тұрғындардың шақыртуы бойынша келген учаскелiк инспекторға мылтық атып, мойнынан және арқасынан жаралап қашып
7 шілде 2015
– Айыпталушы, ұрлық жасағаныңызды мойындайсыз ба?
– Жоқ, мойындамаймын!
– Алибиiңiз бар ма?
– Ол не бәле?
18 тамыз 2015
Адамның құны
АҚШ: “Қазақстан үкiметi адам саудасымен күрестегi ең қарапайым талаптарды орындамай отыр”
Сарапшылардың дерегiне сүйенсек, бүгiнге дейiн жер бетiнде 27 миллионнан астам ересек адам, 13 миллионнан астам бала сауда-саттықтың құрбаны болыпты. Және де осы саудаға түскен жандардың 75-80 пайызы жезөкшелiкке жегiледi екен. Ендi жан түршiктiрерлiк мына деректерге назар салыңыз: жезөкшелiкке салу үшiн сатылғандардың жылына 30 мыңнан астамы құрбан болады.
18 тамыз 2015
Алматы қаласынан хабарласқан оқырманымыз А.Мәкенұлы былай дедi: “Балабақша ауласына джипiмен басып кiрiп, балаларды таптап өткен, бiр бүлдiршiндi жазым еткен Татьяна Семченко екi жарым жылға сотталып, жазасын қоныс колония­сында өтейтiн болыпты. Жазасы тым жеңiл емес пе? Соты да ылдым-жылдым өте шықты...”. Бұл сұрақты бiрнеше жыл “Жас Алаштың” заңгерi болған Кәрiм Жұмағалиевке қойған едiк, былай деп жауап бердi:
18 тамыз 2015
“Алдаспан” ақпарат
МИНИСТРДЕН ЖЕҢIЛIП ҚАЛДЫ
Мәжiлiс депутаты Азат Перуа­шев “ар-намысыма тидi, қыз­метiме кедергi келтiрдi” деп Бiлiм және ғылым министрi Аслан Сәрiнжiповтiң үстiнен Бас прокуратураға шағым түсiрген. Бас прокуратура депутаттың шағымын Iшкi iстер министрлiгiне жолдапты. IIМ сотқа дейiнгi тергеу жүргiзiп, қылмыс құрамы болмағандықтан, iстi тоқтатқанын мәлiмдедi.
“Тергеу барысында iс мұқият зерттелдi, қажеттi сараптамалар жүргiзiлдi. Қылмыс құрамы болмағандықтан, iс өндiрiсi тоқтатылды” деп хабарлады IIМ-нiң баспасөз қызметi.
18 тамыз 2015
Жазушы Асқар Сүлей­меновтiң тегi Қаратау төңiрегiнiң қожалары болса керек. Бiрде батып ойнай беретiн бiреу, қожалығын бетiне салық еткiсi келiп:
 – Арақта боза жаман, қазақта қожа жаман, – деп соқтыға сөй­лептi.
 Сонда Асқар жұлып алғандай:
 – Боза – арақ емес, қожа – қазақ емес, тым бол­маса осының байыбын бiлiп сөйлесең еттi, – деген екен.
18 тамыз 2015
Педофилдiң жазасы. Соттау ма, пiштiру ме, әлде таспен ату ма?

Кәмелеттiк жасқа толмағандарға зорлық көрсеткендер “жәбiрленушiнiң кешiрiм беруiне байланысты” деген желеумен жазадан құтылып кететiн. Жуырда Қазақстанның Бас прокуратурасы осыған заң бойынша тыйым салу жөнiнде бастама көтердi. Жас балаларға зорлық көр­сеткендер Қазақстанның заңына сәйкес 10 жылға дейiн бас бостандығынан айырылады. Егер бұл әрекеттi аса қауiптi қылмыскер жасаса, өмiрлiк жазаға кесiлуi де мүмкiн. Алайда бұдан зорлықшылдар азаяр емес. Оның үстiне педофилия деген дерттiң жазылмайтыны мәлiм болды.

18 тамыз 2015
“Әлiбидiң iсi” деген атпен танымал сот процесi ырду-дырдумен өттi ақыры. Тамыздың 7-сi күнi астаналық кәсiпкер Қ.Жамалиев 13 жылға сотталды. Сыбайластары А.Әбiлтаев – 12 жылға, А.Прибытков 8 жылға кесiлдi. Үкiмге қатысты жұрттың пiкiрi әртүрлi. Қ.Жамалиевке мұнша қатаң жаза бередi деп ешкiм ойламаса керек. Кәсiпкердi 13 жылға соттап, дүние-мүлкiн тәркiлеген үкiмнен кейiн “Жамалиевтiң бизнесiне әлдекiмдер көз тiктi” деген болжам қайтадан қы­лаң бердi.
6 қазан 2015
Басшысы қандай болса, қосшысы да сондай
ҚАЗАҚСТАНДА ЖЕМҚОРЛАРДЫҢ ТIЗIМI ЖЫЛ САЙЫН 3 МЫҢҒА АРТЫП ОТЫРАДЫ
Бас прокурор Жақып Асановтың айтуынша, Құқықтық статистика және арнайы есеп мәлiметтер базасында 50 мың адам тұр. Олар – жемқорлық үшiн жазаланғандар. “Олар ешқашан мемлекеттiк қызметте iстей алмайды. Жемқорлардың тiзiмi жыл сайын 3 мың адамға артып отырады”, – дейдi       Ж.Асанов.
6 қазан 2015
Құрметтi “Жас Алаш” газетiнiң редакциясы! Жақында отандық телеарналардың бiрi “iшiп қойды, жеп қойды” деп бiр топ бұрынғы шендiлердi көрсеттi. Бұлардың көпшiлiгi сот үкiмiмен жемқор, парақор деп танылғанымен, араларында сот әлi жаза кесiп үлгермеген­дерi де бар. Мәселен, Серiк Ахметов пен Талғат Ермегияев.
6 қазан 2015
Қала әкiмшiлiгi студенттердi қашанғы қолжаулық санайды?
Өткен жексен­бiде Алматы қаласының әкiмшi­лiгi “Тур Алматы 2015” веложарысын өт­кiздi. Қаланың не­гiзгi күретамыры саналатын көше­лер­дi жауып, шақырымға созылған кептелiс жасағаны былай тұрсын, демалыс күнi мыңдаған студенттi мәж­бүрлеп көшеге шы­ғарды. Сондағысы “веложарыс­қа адам көп жиналды” деу үшiн ғана.
6 қазан 2015
Сiз не дейсiз?
ҚАРУЫҢ ЖОҚ БОЛСА, САЛЫҚ ТӨЛЕ!
АҚШ-та Вермонт дейтiн штат бар. Бұл штаттың тұрғындары қару сатып алу үшiн арнайы органдардан рұқсат сұрап әуре болмайды. Содан да болар, штатта адам өлтiру, тонау, зорлау, шабуыл жасау сияқты ауыр қылмыс түрлерi сирек жасалады және Вермонт – АҚШ-тағы ең қауiпсiз штаттардың бiрi саналады.
6 қазан 2015
Судья: – Айыпталушы, сiздiң айлығыңыз бар-жоғы 50 мың теңге екен. Тұратын үйiңiздiң құны – 10 миллион доллар. Мұн­ша ақшаны қайдан алдыңыз?
Күдiктi: – Сот мырза, ойлануға мұрсат берiңiзшi!
26 қаңтар 2016
Сырым өлiмiнiң сыры: кiм кiмнен қорғанды?

Адам өлтiру мен өзiн қорғаудың арасы кейде қылдай нәзiк келедi. Бұл жерде полиция, заңдылықтың сақта­луын қадағалау органдары мен сот iстiң байыбына барып, анық-қанығына жетпесе, бармақ басты, көз қыстыға жол берiлсе, жапа шегушi мен кiнәлiнiң орны ауысып кетуi тым оңай. Бiз баяндағалы отырған қанды оқиға осы сөзiмiзге нақты мысал болады.

26 қаңтар 2016

Жаңа жылдан бастап әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн салынатын айыппұл сомасы мен жаза көлемi де өзгердi. Осыған орай, назарларыңызға ең жиi кездесетiн әкiмшiлiк айыппұл мен жаза түрлерiнiң 2016 жылғы мөлшерiн назарларыңызға ұсынып отырмыз:

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9»