1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №23 (16209)   18 наурыз, сенбі 2017
\"Жас Алаштың\" құқықтық беті. Дайындайтын Дәнеш Ұзақ
23 тамыз 2016

Редакциямызға Алматы облысы Балқаш ауданынан келген Сағымбай Ұйқасбаевтың бауыры Бағнұр Ұйқасбаев жергiлiктi құқық қорғау органдарының өкiлдерi ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерiмен бiрiгiп заң бұзып отыр деп шағымданды. Ол ағасының малын ұрлаған адамдардың есiмдерi белгiлi болса да, олардың күнi бүгiнге дейiн заң орындарының қорғаштауымен жауапқа тартылмай отырғанын айтады.

23 тамыз 2016
«Алдаспан» ақпарат
ТЫҢДАУҒА УӘДЕ БЕРIПТI
АҚШ мемлекеттiк хатшысының орынбасары Сара Сьюэлл Қазақстанның ресми тұлғаларымен кездескенде елде былтыр қабылданған үкiметтiк емес ұйымдар туралы атышулы заң талаптарын талқылаған. Журналистермен жүздескен Сара Сьюэлл: “Үкiметтiк емес ұйымдармен кездесу кезiнде үкiметтiк емес ұйым туралы заң мен осындай ұйымдардың жұмысына әсер ететiн
23 тамыз 2016
 
ҚР “Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы” Заңның 27-бабына сәй­кес, атқарушылық iс жүр­­гiзудiң мүшелерi атқарушылық әре­кеттерi туралы және оның мәжбүрлi түрде орындалатыны жайлы хабарлауы керек немесе сот орындаушысы шақыртуы тиiс, болмаса атқарушылық әре­кеттер орындалатын орынға шақырту жiберуге мiндеттi.  
23 тамыз 2016
Судья: — Сiз бiр аптада сегiз рет ел тонапсыз. Қалайша қысқа уақытта осылай iстеуге болады?
Сотталушы:— Күндiз-түнi жұмыс iстедiм, мәртебелi сот мырза. Елiмiздегi барлық адам мен секiлдi аянбай адал еңбек еткенде, баяғыда-ақ дамыған елдер қатарына қосылар едiк.
11 қазан 2016
ТАҒЫ БIР ӘЙЕЛ АБАҚТЫДА ЕКIҚАБАТ БОЛҒАН
Наталья Слекишина зорланып, екiқабат болып қалған Алматыдағы СИ-18 тергеу абақтысында тағы бiр сотталушының абақты қызметкерлерiнен жүктi болғаны анықталды. Қазiр тергеу орындары әйелдiң қандай жағдайда бала көтерiп қалғанын, Наталья Слекишина секiлдi зорлық көрген-көрмегенiн анықтауда.
11 қазан 2016

2015 жылы Жамбыл облысындағы Қордай кеденiнiң “Қарасу” бекетiнiң қызметкерлерi Қытайдан Қырғызстанға кетiп бара жатқан 38 жүк көлiгiн тоқтатады. Мемлекеттiк табыстар департаментi сотқа дейiнгi тергеу жұмыстарын бастайды. Кеденшiлердiң талабымен көлiк жүргiзушiлер тиелген тауарды кеденшiлердiң қоймаларына түсiрiп кетiп қалады. Құны 6 млрд теңге болатын тауар кеденшiлердiң қоймасынан iзiм-ғайым жоғалады. Бiраз уақыт өткен соң бүкiл тауар тапсырыс берушi адамның қолынан, тек Мәскеуден бiрақ табылады.

11 қазан 2016

Күйеуiмнiң алғашқы некеден бiр баласы бар. Сот балаға табысының бөлiгiн алимент есебiнде төлеудi мiндеттеген. Ол – патентпен жұмыс iстейтiн жеке кәсiпкер. Күйеуiм жеке сот орындаушысына белгiленген салық мерзiмiндегi табысы туралы құжатты көрсет­кенiмен, жеке сот орындаушысы алименттi Қазақстан бойынша орта жалақы көрсеткiшi мен жеке кәсiпкер ретiндегi күйеуiмнiң табысын қосып есептегiсi келедi. Бiз мұның заңсыз екенiн айтып сотқа бергенiмiзбен,

11 қазан 2016
Ауыр жаза арқалағандар араша сұрайды

2011 жылы жазда Нарынқолда ақсақалдар кеңесiнiң мүшесi, сексендегi ауыл ақсақалы соққыға жығылады. Қария өзiн сол күнi мас жүрген Е.Жетпiсбаев есiмдi жiгiттiң ұрып-соққанын айтып полицияға арызданады. Е.Жетпiсбаевты iздеп шыққан учаскелiк инспектор төрт адаммен бiрге көлiкпен күдiктi отыр деген киiз үйдiң шетiне келiп тоқтайды. Учаскелiк инспектор киiз үйдi көрiп келуге жұмсаған екi адам сол жерде Е.Жетпiсбаевтың мәйiтiнiң үстiнен түседi. Тәртiп сақшысы телефон арқылы хабарласудың орнына, белгiсiз себеппен сол жерге

13 желтоқсан 2016
Бала асырап алғыңыз келсе...
Бала асырап алу – өмiрдегi ең маңызды шешiмнiң бiрi. Сондықтан бұған iштей дайындық пен баланың өмiрi мен болашағы үшiн жауапкершiлiктi сезiну қажет. Перзентке зар болған талай отбасы бала асырап алмақ болғанда заң бiлмегеннен талай кедер­гiлерге ұрынып жатады. Осыған орай, бала асырап алуда қандай талаптар мен жағдаяттарды ескеру керектiгi туралы Екiбастұз қалалық сотының судьясы Нұргүл Сәулен ханымның заңнамалық ақыл-кеңесiн назарларыңызға ұсынамыз.
13 желтоқсан 2016
Әдiл жаза сұраймыз
Жаза басып, жаңылып кету әп-сәтте. Ал оның салдары ғұмыр бойына өшпес таңба болып қалады. Әрине, заң мен адам алдында айыпты болғандар айыбын мойнына алып, жазасын өтеуi керек. Бiрақ берiлетiн жаза да айыптының iстегенiне сай болуы тиiс. Артық та емес, кем де емес. Мұны Қазақстан заңдарындағы қылмысты дұрыс дәрежелеу қағидасы реттейдi. Редакциямызға келген кезектi хаттың иесi осы қағиданы дұрыс қолдану мәселесiн көтерiп жанайқайын жазған екен. Жазылған жайды оқырман мен құзырлы органдардың назарына ұсынуды жөн көрдiк.  
13 желтоқсан 2016
Шаруа қожалығымның жабылмағанына байланысты “Әрекетсiз салық төлеушi­лердiң тiзiмiнде” тұр екенмiн. Қожалықтың балансын тек­серiп оны жабу туралы арызды салық инспекциясына 2007 жылы жазғанмын. Оны дәлел­дейтiн құжаттарды жоғалтып алдым. Не iстеуге болады?
Нұрбек,
Қаскелең қаласы
 
“Салық және өзге де мiн­деттi бюджеттiк төлемдер туралы” Кодекстiң 579-ба­­бы­ның 3-тармағына сәйкес, әрекет етпейтiн жеке кәсiп­керлер қа­тарына бiр жыл iшiнде же­ке табыс салығы, ойын биз­несi бойынша салық, тiркел­ген салық, егер үш салық мер­зi­мiнде декларация берiлме­ген жағдайда оңайлатылған
13 желтоқсан 2016
Мен мемлекеттiк қызмет­кер­мiн. 2016 жылдың қазан айында декреттiк демалыстан шықтым. Жұмыс iстеген уа­қытым үшiн қазiр демалыс және емделуге қажет жәр­демақы ала аламын ба? Маған жұмыста жұмыс iстеге­нiме бiр жыл толған соң ғана демалыс пен емделуге жәр­демақы берi­летiнiн айтты.
Гүлназ,
Алматы қаласы
 
Еңбек кодексiнiң 91-бабы бойынша төленетiн жыл сайынғы еңбек демалысын беруде:
1) iс жүзiнде iстеген уа­қыты;
 2) қызметкер жұмыс iстемеген, жұмыс орны мен еңбекақысы толық немесе жартылай сақтал­ған;

 

13 желтоқсан 2016
Мен өкпе аурымен ауырып, мүгедек деп танылдым. Бұл жағдайда үй алуға қандай жеңiл­дiктер болады?
Мәрзия,
Алматы қаласы
 
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi N39 “Мүгедек­тердi әлеуметтiк қорғау туралы” заңының 26-бабына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiлен­ген тәртiппен:
1) тұрғын үйге мұқтаж мүгедектердi есепке қоя­ды және олардың пайдалануына тұрғын-үй бередi;
2) мүгедектерге немесе құрамында мүгедектер бар отбасыларға берiле­тiн тұрғын үй-жайларды арнайы құралдармен және жабдықпен жабдықтауды қамтамасыз етедi. Мүгедектерге
13 желтоқсан 2016
Мен жетiм ретiнде пәтер кезегiнде тұрмын. Менiң пәте­рiмде үлес бар. Күйеуiмде де кейiнiрек үлес пайда болды. Менi кезектен алып тастай ала ма? Балам бар. Кезектен шық­пау үшiн ажырасып, жал­ғызбасты ана ретiнде қайта құжат тапсыруым керек пе?
Айша,
Талдықорған қаласы
 
 Мемлекеттiк бағдарлама талаптары бойынша егер күйе­уiңiз екеуiңiз бiр үйде үлеске ие болмасаңыз, пә­тер­­дегi үлес бағдарламаға қатысуға ке­дергi келтiр­мейдi. Яғни

 

9 ақпан 2017

Редакциямызға арызданып келген кезектi оқырманымыздың мұңын тыңдаған соң, көптен көкейде жүрген сауал тағы көлденең шықты. Елiмiзде қылмысты дұрыс дәрежелеуге байланысты арыз-шағым неге көп? Соттар аяғын шалыс басқандарға ауыр жаза арқалатуға нелiктен құмар? Бiрнеше жыл бұрын қылмыстық атқару жүйесiнiң өкiлдерi қазақстандықтардың орташа сегiз жарым жылға бас бостандығынан

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9»