1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №78 (15432) 29 қыркүйек, сейсенбі 2009

2009 жылдың аяқталуына бар-жоғы үш ай қалды. Күн санап жүргенiмiздiң себебi бар. 2010 жыл — демократиялық құндылықтарды ұлықтап үйренген еуропалық қауымдастық үшiн де, тоталитаризмнiң гүрзi жұдырығы күн сайын төбесiнен тоқпақтайтын қазақстандықтар үшiн де айтулы дата. Алдағы жылы ЕҚЫҰ-ның құрылғанына 35 жыл толады. Кездейсоқтық па, кiм бiлсiн, әйтеуiр, 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға Қазақстан төрағалық ететiн болды. Ойын-сауықты, той-томалақты өткерудi қатыратын ресми Астана аянып қалмас едi. Қожайыны иек қақса болды, атшы-қосшылары қырық қара қасқа, қырық ала қасқаны қып-қызыл етiп жайратып тастап, Венаның қақ ортасында ЕҚЫҰ-ның 35 жылдығын ұлан-асыр той етiп өткiзуге дайын-ақ. «Демократияның ошағын қан сасыттың» деп бiзге ешкiм ренжiмеуi де мүмкiн. Өйткенi, Орталық Азия түгiлi, бұрынғы посткеңестiк елдердiң iшiнде ешқайсысының қолы мұндай «батпан құйрыққа» жетiп көрген жоқ. Бұл қуанышымыздың себебiн еуропалықтар дұрыс түсiнер. Қайбiр жылы Қырғызстанның

Президенттiң осы жолғы сапары мың құбылды. Тiптi, соңғы сәттерде «президент келмейтiн болыпты, қазан айының 14-iнде Қордай ауданына бiр-ақ келедi екен» деген де әңгiме шықты. Бiрақ, жергiлiктi билiк өкiлдерiнiң соңғы кездерi тым шапқылап кеткенi, Тараз көшелерiнiң жөнделiп, қала орталығы сағат сайын тазаланып, түрлi плакаттардың iлiне бастауы жақын күндерде президенттiң осында болатынын сездiргендей едi. Президент Н.Назарбаев бiр жағы Жамбыл облысының 70 жылдық мерейтойына қонақ болып келетiндiктен, жергiлiктi басшылар тойдың күнiн, яғни «Баласағұн» орталық концерт залында өтетiн салтанатты жиналыстың уақытын нақты белгiлей алмай аласұрды. Соңғы рет «президент 22 қыркүйек күнi таңертең Таразға келiп, кешкi сағат бес жарымда Шымкентке ұшып кетедi екен» деген ақпаратты естiдiк, шынында бұл соңғы байлам болуы керек, әйтеуiр жамбылдық шенеунiктер тойдың салтанатты жиналысын 22-сiне белгiлеп, шақыру қағаздарын таратты.

Қашқын күйеу тегiн неге өзгерттi? Өзiнен-өзi жерiдi ме, әлде...
Рахат Әлиев жақында тегiн өзгерттi. Ендi ол Рахат Мұхтарұлы Әлиев емес, Рахат Шораз! Ол неге тегiн өзгерттi? Әлемдi даң қылған аты-жөнiн бүркемелеу үшiн бе? Қажеттiлiк неден туды? Шораз деген кiм?
Эльнара Мұратханқызы Шоразова. 1976 жылы Алматыда туған. Әкесi — Новосiбiр жақтың қазағы, ал шешесi — татар. Эльнара 1993 жылы Алматыдағы №134 мектеп-гимназиясын тәмамдаған. 1993-97 жылдары Қазақтың мемлекеттiк аграрлық университе¬тiнiң студентi. 1997-99 жылдары Венаның экономикалық универси¬тетiнде оқыған.
Әңгiменiң ауаны қайда ауысып бара жатқанын байқап отырған боларсыз. Пысық қыз Венаның экономика университетiн бiтiрген жылы ҚР Сыртқы iстер министр¬лiгiнiң халықаралық қатынастар басқармасында референт, 1999-2002 жылдары Қазақстанның Австрия Республикасындағы елшiлiгiн¬де атташе болған.
Инсайдерлiк ақпарат көздерiнiң мәлiмдеуiнше, Эльнара Шоразова
 

Тiркелмеген «Қазақстан – 2012» қоғамдық қозғалысының ұйымдастыруымен Алматыдағы Амангелдi Иманов ескерткiшiнiң жанында мәжiлiс өттi. Оған жүз жиырмаға жуық үлескер қатысты.
Алдымен «Қазақстан – 2012» қоғамдық қозғалысы, «Халықтың баспанасын қор¬ғайық» қоғамдық бiрлестiгi және «Ақ ауыл», «Верный.KZ», «Алматыинвесстрой», «Солнечный квартал», «Казкоммерц¬инжиниринг», «BS Group», «Жасау» ЖШС, «Яблоневый сад» құрылыс компанияларының үлескерлерi мәлiмдеме жасады. Онда былай делiнген:
«Аз уақыттың iшiнде бiрнеше акция ұйымдастырдық. Мәселен, Алматы қаласы әкiмi Ахметжан Есiмовтiң қолына президент Н.Назарбаевтың атына жазылған үндеу, Қайрат Келiмбетовтiң мәлiм¬демесiне арналған баспасөз мәслихаты, тағысын тағылар. Алайда, үкiмет пен Алматы әкiмшiлiгi шенеунiктерi орнынан қозғалар емес. Билiктiң «бiр¬де-бiр үлескер пәтерсiз қалмайды» деген уәдесi жайына қалды. «Ақ ауыл» құрылыс компаниясы «Самұрық – Қазынамен» келiсiмшартқа отырды. Бiрақ, әлi де нәтиже жоқ. Қоғамдағы осындай күр¬меуi көп күрделi мәселеге би¬лiктiң үстiрт қарауы бiзге түсiнiксiз.

Таяуда Ақордада өткен Ғылым және ғылыми саясат кеңесiнiң кезектi отырысында президент Назарбаев мемлекеттiң идеологиялық институттарын қатты сынға алды.
Оларға «дүниетанымдық вакуум қалыптасуына жол бердi», «отансүйгiштiк сезiмi мен идеяларын тәрбие¬леу¬ге, оң әлеуметтiк маңызы бар құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған сапалы идеологиялық жұмыс жүргiзе алмады» дегендей айып тақты.
«Мұнымен қай институт айналысып жатыр? Оларды бiз не үшiн қаржыландырып жатырмыз?» деген сыңайда ренiшiн бiлдiрдi. Тiптi өзiнiң көңiлi толмайтын мемле¬кет¬тiк мекемелердiң атын атап, түсiн түстеп бердi.
 

«Поколение» зейнеткерлерi қалыптасқан жағдайды дәл осылай бағалады
Өткен аптада зейнеткерлер құқығын қорғаушы «Поколение» қоғамдық қозғалысы дөңгелек үстел өткiздi. Жиын барысында құрылғаннан бергi 18 жыл iшiнде ұйымның атқарған жұмысына шолу жасалып, зейнетақы реформасын жетiлдiру жолдары талқыланды. Дөңгелек үстелде сөйлеген қозғалыс мүшелерi мен арнайы шақырылған саяси партиялар өкiлдерi сөз соңында бiр тұжырымға келдi. Қазақстандағы қазiргi зейнетақы реформасы және зейнеткерлiк туралы заң өрескел қателiктерге толы. Соның салдарынан қарт адамдардың тұрмыс жағдайлары нашарлап, олардың арасында өлiм саны артып кеткен.
«Поколение» белсендiлерiнiң айтуынша, Қазақстан халқы әлеуметтiк қорғалу жағынан әлi күнге дейiн сынақ алаңына айналып отыр. Керемет жаңалық ретiнде енгiзiлген әлеуметтiк қорғаудың «чилилiк әдiсiнен» жапа шеккендер саны Семей полигонының қасiретiн тартқандар санынан кем емес. Зейнеткерлердiң бұл сөзiнiң жаны бар.

Экс-экология министрi өзiне тұзақ құрған бұрынғы жауапты хатшы Рүстем Хамзин деп есептейдi

Экология және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң бұрынғы шенеунiктерiне қатысты сот iсi аяқталып, айыпталушылар үкiм шығарар алдындағы соңғы сөздерiн айтты. Үш айға созылған сот отырысы барысында айыпталушы тараптың бiрде-бiрi өздерiне тағылған айыпты мойындамады.
Биылғы жылдың ақпан айында Экология вице-министр¬лерi болған Әлжан Брәлиев пен Зейнолла Сәрсенбаев қар¬жы полициясы тарапынан тұтқындалған болатын. Нау¬рыз айының басында Экология министрi Нұрлан Ыс¬қақов отставкаға кетiп, артынша ол да қамауға алынды. Қаржы полициясы аталған шенеунiктерге бiр жарым миллиард теңге мемлекет қаржысын жымқырды деп айып тақты. Атап айтқанда, Қарағанды облысы Балқаш көлiнiң жағасындағы бұрынғы «Дариял-У» әскери аймағындағы улы конденсаторды залалсыздандыру үшiн республикалық бюджеттен қомақты қаржы бөлiнген. Экология министр¬лiгi өткiзген тендердi «Меркурий плюс» компаниясы жеңiп алады. Алайда
 

Ақтөбелiк қаржы полицейлерi мен облыстық прокуратура Ресей Федерациясы азаматы Шағбан Белғараевты Ақтөбе қазынасынан 1 миллион 137 мың 992 теңге жымқырды деген айыппен қылмыскерлер қатарына қоспақ. Сөйтiп, Орынбор облысының тумасы Ақтөбенiң қиыр нүктесiндегi Нұра ауылында ащы суды тазартатын қондырғы салам деп жүрiп басы бәлеге қалғаны соншалық, ендiгi жерде оның қазақ елi азаматтығын алу арманының орындалуы қиынға соғып тұр.
Шағбан жолдасты 6 жылдан берi қаржы полицейлерi мен прокуратура Ақтөбедегi нөмiрi бiрiншi жемқор ретiнде құрықтамақ болып қуып жүргенде, Нұрадағы су тазартатын қондырғының құдық-құбырлары ұшты-күйлi жоғалды. 1

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Гүлшара Әбдiхалықова ханымға “Үкiмет бiр мезгiл кәрi қыздарға да зер салса екен...” деген тақырыпта хат жолданған болатын (“Жас Алаш”, №62, 4 тамыз, 2009 ж.). Онда автор ауыр болса да өз өмiрiн мысал¬ға алып, сырын ақтарып, бүкiл кәрi қыздардың мұңын шаққан-ды. Кейiннен редакцияға бұл тақырыпта толассыз хаттар келдi, саралап, салмақтысын жарияладық. Телефон арқылы талай пiкiрлер де айтылуда. Бiрақ, Гүлшара Наушақызынан “әу” деген бiрде-бiр жауап болмай тұр. Әйтсе де, бұл тақырыпты қайта қаузап, жан-жақты таразылауды жөн санадық.

Шымкентте автобустар тоқтап қалғалы тұр.

Тоғыз банк жабылады.

Жылдық инфляция – 8-8,5 пайыз.

Еуро бағамы 224 теңгеден асты.

 

Бұл 1954 жылдың жазында болған оқиға едi. Балдыберектiң арғы бетiнде машинадан түсiп жатқан екеуге ауыл адамдары тұс-тұстан қарап, аңтарылып тұрып қалды. Екеудiң бiрi – орта бойлы толықша келген, сымбатты жас жiгiт те, екiншiсi – шашын желкесiнен қырқып қойған, жiңiшкелеу ақсары қыз. Олар машинадан түсiп, түйiншектерiн арқалаған күйi көпiрден берi өтiп, ауылға беттедi. Осы кезде ересектердiң бiрi: “Ойбай-ау, Үсiп қой, өзiмiздiң Дияшбай атамның баласы”, – деуi мұң екен, жұрт келе жатқан екеуге қарай лап қойды. Өңшең жалаң аяқ балалар оларға жұрттан бұрын жетсе де, тосырқағандай тұрып қалды.

Қыркүйектiң 24-i күнi қаржы полициясы «Комета S» баспасының қызметiн тоқтатып, барлық мүлкiн тәркiледi. Бұл құзырлы органдар тарапынан жасалып отырған бiрiншi шабуыл емес. Заңгер Сергей Уткиннiң пiкiрiнше, толассыз тексерулердiң көздеген түпкi мақсаты – «Республика» газетiн бiржолата жою. Ал «Комета S» – «Республиканың» жаңа нұсқасын басуға келiскен жалғыз баспа.
Бейсенбi күнi кешке «Комета S» баспасында ешбiр шетелдiк блокбастерлерден кем түспейтiн оқиға болды. Тексеру мақсаттарын түсiндiрместен баспаға басып кiрген жиырмаға жуық қаржы полициясы қызметкерлерi оппозициялық «Алға» партиясының бюллетеньдерiн көлiкке тиеп, баспа қызметiн тоқтатып тастады. Дәл сол уақытта баспада «Голос

Күз айы. Осы мезгiлде тұмау, баспа, тамақ ауруы жиiлеп кетедi. Әркiм өз бiлгенiнше ем қолданады. Бiрi тұмауға қарсы сарымсақты, пиязды нанға қосып та, қоспай да жеп жатады. Ендi бiрi дәрiгерге бармай-ақ, өзi бiлетiн дәрi-дәрмектi iшiп жүре бередi. Бүкiл әлемдi шошытып отырған A(H1N1) вирусты тұмауы бұлардың ойларына да келмеуi мүмкiн. Шындығына келсек, доңыз тұмауының белгiлерi жай тұмаудың белгiлерiмен бiрдей екен. Бiз бұл жөнiнде Алматы мемлекеттiк дәрiгер¬лер¬дiң бiлiмiн жетiлдiру институтының меңгерушiсi, доцент Әбдiсабыр ӨМЕШҰЛЫНАН сұраған едiк.

«Тiлдер туралы» заңның қабылданғанына 20 жыл толуына орай «Қазақтелеком» акционерлiк қоғамының және «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының бастамасымен байланыс саласында мемлекеттiк тiлдi жетiлдiру мәселесi жөнiнде үлкен дөңгелек үстел өттi. Ондағы мақсат – Қазақстандағы барлық байланыс саласында қызмет iстейтiн мекемелердiң де қазақ тiлiнде жұмыс iстеуiне көңiл бөлу.
Бұл тұрғыда «Қазақтелеком» өздерiнiң тәжiрибелерiн алға тартты. Аталмыш мекеме компаниядағы iс-қағаздарды мемлекеттiк тiлге көшiрудегi 2003-10 жылдарға арнал¬ған бағдарламасын жүзеге асырғаны белгiлi. Ендi «Қазақтелеком» АҚ-ның бас әкiмшiлiк директоры Қайрат Әбсаттаров бұл бағдарлама негiзiнде атқарылған жұмыстарға қарап, елдегi бас байланыс операторы түгелдей мемлекеттiк тiлге көшуге дайын деп мәлiмдедi. Онымен қоса, «Тiлдер туралы» заңды жетiлдiрiп, мемлекеттiк тiлге деген жауапкершiлiктi күшейтетiн уақыттың келгенiн айтады. «Заң арқылы мемлекеттiк тiлдi бiлудi мiндеттейтiн мамандықтарды бекiту керек. Сонымен

Құрметтi Қабдеш аға! Бұ жолы сiз екеумiз «жас төре намыс үшiн жасамыс төренi мүйiздейдi» дегеннiң керiн келтiретiн болдық! Сiз «Жас Алаш» газетiнiң биылғы жылғы 14 шiлде күнгi нөмiрiнде «Бiз дерттi, сырқатты қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз» деген тақырыппен берген сұхбатыңызда «Қабанбай мен Есенгелдiнiң құдалығын Жанат Ахмади менен алды» дегенге саятын пiкiр айтқан екенсiз. Ол туралы сiз менен ауызша сұрағаныңызда, мен оны Қытайда басылып шыққан «Қызай елi тарихына қатысты деректер» деген кiтаптан (Iле аймақтық педагогикалық баспасы, 1999 жыл) алғанымды айт¬қан едiм. Аталмыш кiтаптың 10-бетiнде «Есен¬гелдiнiң Қабанбаймен таныстығы ерте басталған. 1763 жылы Есенгелдi Тарбағатайдағы Құлыстайда дабыралы той жасап, бәйбiшесi Жанардан

Данияның Хернинг қаласында күрес түрлерiнен әлем бiрiншiлiгi өз мәресiне жеттi. Қазақстан құрамасының палуандары күрестiң үш түрiнен үш медальға ие болды. Еркiн күрестен 66 келi салмақта қола медаль жеңiп алған Леонид Спиридоновтың өнерi жайлы газетiмiздiң өткен санында жазғанбыз. Өкiнiшке қарай, еркiн күрестегi қалған палуандарымыздың дат кiлемiнде жолдары болмады.
Еркiн күрестен кейiн боз кiлемге шыққан нәзiк жанды арулардың арасынан отандасымыз Елена Шалыгинаға да әлем бiрiншiлiгiнiң қола медалi бұйырды. Грек-рим күресiнен Олимпиада ойындарының қола жүлдегерi Нұрбақыт Теңiзбаев та Қазақстан құрамасының қоржынын қола медальмен толықтырды.

Бiр көп баласы бар кiсi жұпыны тiршiлiк етiптi. Бiрде балаларына беретiн тамақ табылмаған соң, бiр байдан қарызға ақша алады. Қарызды қайтаратын күн жақындаған сайын бай күнде кедейдiң үйiне келiп: «Ақшамды жылдам қайтар», – деп айта берiптi. Кедейдiң беретiн ақшасы болмай жыларман күй кешедi. Бай: «Жаңа жылға дейiн ақшамды өсiммен бермесең, үйiңдi тартып аламын», – дейдi. Кедей жаңа жыл келгенде де қарызды қайтаратын ақша таба алмай зар қағады. Әйелi соңғы бiр уыс күрiштi пiсiрiп балаларының алдына қоя бергенде, ақшасын алмаққа бай келедi. «Көрiп отырсың ғой, қаптың түбiн қағып, балаларға соңғы тамақты нәпақа етiп берiп отырмыз. Өтiнемiн, күте тұрыңызшы

Оңтүстiк Қазақстан облысы, Ордабасы ауданындағы Бөген су қоймасынан, нақтырақ айтсақ, суы тартылған тоғанның түбiнен таяуда алтын және қола заттардан жасалған тарихи жәдiгерлер табылды. «Бұған дейiн әр жылдары көне дәуiрдiң қыш құмыралары мен түрлi әшекей бұйымдарын кездестiрiп келдiк. Бұл жолы қола дәуiр деп аталғанымен, кендi өндiру мен өңдеу қиын кезеңде, әрi қоланы балқытып құюға қажеттi мыс, мырыш және қорғасын сияқты металдар тапшы заманда қолдан әзiрленген асатаяқтың ұшы, шағын тостақ және қасық тәрiздес таяқшаны жолықтыр¬ғанымыз соңғы елу жылдан берi кездесiп көрмеген аса құнды қазына болып отыр. Қасық тәрiздi таяқша

28 қыркүйек – ұлтымыздың ұлы жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтiң туған күнi. Осы күнге орай, обалы не керек, телеарналарымыз Мұхтар Әуезовтi еске алып, бiраз әдебиетшi-ғалымдар мен жазушыларды сөйлеттi. Сөй¬легендердiң бiреуi «М.Әуезовтiң әлi күнге дейiн зерттелмей жатқан хаттары мен мақалалары бар» екенiн айтса, ендi бiреуi «Әуезовтi насихаттауды әлсiретiп жiбергенiмiздi» еске салды, ал үшiншiсi «Әуезовтiң шығармаларын жоғары мектептерде оқытудың кейбiр мәселелерiне» тоқталды. Бiр «қызығы», осы сөйлегендердiң баршасы да өз сөздерiн «Бiз сонда ғана Әуезовтiң әруағын риза ете аламыз» деп бiтiрдi.