1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №79 (15433) 1 қазан, бейсенбі 2009

Жыл басында президент Н.Назарбаев жас мамандарды ауылға тарту мақсатында кейбiр заңнамалық актiлерге өзгерiстер енгiзiп, министрлерге бiрнеше мiндет жүктеген-дi. Бұл «жаңа» бастама қызу қолға алынып та кеткен болатын. Десек те, жұмыстың бүгiнге дейiнгi нәтижесi көңiл көншiтпей тұр. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгi баспасөз қызметiнiң мәлiметiне жүгiнсек, алты ай iшiнде республика бойынша небәрi 141 жас маман өтiнiш жазған. Ал министрлiк «үш жылда ауылдық елдi мекендерге 26584

Әйтеуiр, бiр анығы, Мәсiмовтiң тапсырмасы бойынша, Оңтүстiк Қазақстанда Бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiк облыс әкiмшiлiгiмен бiрiгiп, «көмiр мен мұнай өнiмдерiнiң бөлшек саудадағы бағасына ұдайы бақылау жасап», «бағаның өсуiне жол бермеуге» тиiс. Аталған агенттiк басшысы Мәжит Есенбаевтың бұқаралық ақпарат құралдарының бiрiнде айтқан сөзiне қарағанда, оңтүстiктегi ахуал Шымкенттегi мұнай өңдейтiн зауыттың толық күшiнде жұмыс iстемей тұрғанына және қазақстандық-ресейлiк мұнай бағасындағы айырмашылығына байланысты қалыптасқан. Айта кетерлiгi, өткен жазда Шымкентте жанар-жағармай тапшы болды. Ол кезде мұны алыпсатарлардың әрекетiнен көрген-дi.

Астанада “Фактор лидера нации” атты кiтабының тұсаукесерiн өткiзген “Нұр Отан” партиясы төрағасының бiрiншi орынбасары Дархан Қалетаев қазiргi президенттiң өмiр бойы билiк етуге заңдық мүмкiндiгi барын мәлiмдедi. “Елiмiздiң Конституциясында мемлекет басшысының неше рет президенттiк сайлауға қатыса алатыны айқын көрсетiлген. Демек, бұл мәселеде заңдық негiз толық қарастырылған”, – дедi Д.Қалетаев. “Ұлт көшбасшысы туралы” заң жобасының бастамашысы бұған дейiн де Н.Назарбаевты өмiрлiк президент ету мәселесiн ерекше белсендiлiкпен көтердi. Соңғы кездерi БАҚ өкiлдерiне жиi-жиi сұхбат берiп, “ұлт көшбасшысы” идеясын жан-жақты дәлелдеуге, оны қоғамға тықпалауды ол әдетке айналдырды. Мұның себебi неде? “Нұр Отан” партиясының жетекшiсiн “ұлт көшбасшысы” етуге Қалетаев ақ тер, көк тер боп неге кiрiстi? Бұл “көкесiнiң” тапсырмасы ма, әлде жағымпаз шенеунiктiң тiрлiгi ме? Неге жанталасып жүр?

Мәсiмов үкiметi бұл дағдарыста түк бiтiрмедi. Тiптi миға қонымсыз iс‑әрекеттерi ар­қылы дағдарысты ушықтыра түстi. Тым болмаса үлескерлер мәселесiн де шешiп бермедi. Үкiметке атом электр стансасын, не ұшақ салып бер деп талап қойған ешкiм жоқ. Жай ғана баспана салып берсе, оған да шүкiр. Соған қарамай, серпiндi, индустриалдық, инновациялық жобаны iске асырамыз деп елдiң күлкiсiн келтiредi. Өкiнiштiсi, бұл үкiметте белсендi, қолынан iс келетiн жасампаз тұлға жоқ.

Биылғы жылдың басында Маңғыстаудағы Жаңаөзен қаласында 480 мұнайшы билiк партиясы «Нұр Отаннан» шығып Қазақстанның «АЗАТ» демократиялық партиясына өтетiнiн мәлiмдеген едi және Қазақстанның барлық мұнайшыларын «АЗАТ» партиясына кiру арқылы өз құқықтары мен мүдделерiн қорғауға шақырып, үндеу жариялаған болатын. Сөйтiп, үндеу басқа да кен орындарындағы мұнайшылардың арасында қызу талқыға түстi. Қазiргi кезеңде жаңаөзендiк мұнайшылардың үндеуiн қолдаған Қаражанбас, Қаламқас мұнайшылары да осы партия­ның қатарына өтуде.

Биыл Қазақстанда төртiншi рет Еуразиялық энергетикалық форум жалғасын тапты. Әлемдегi мұнай саласындағы бiлiктi мамандардың басын қосатын бұл форумның жылдан-жылға халықаралық беделi артып келедi. Оған себеп – форумның жұмысына қатысу үшiн Астанаға арнайы келген Германияның бұрынғы канцлерi Герхард Шредер, Әлемдiк мұнай кеңесiнiң президентi Рандел Госсеннiң және жетекшi халықаралық эксперттерiнiң келуi.

Елiмiзде «бөгде ойлы» адамдармен күрес күннен-күнге күшейiп келедi. Бұл жөнiнде тәуелсiз «Взгляд» газетi мен «Стан.kz» интернет-порталының журналистерi арнайы баспасөз мәслихатында мәлiмдедi. Олар күш құрылымдары тарапынан қысым көрiп жүргендiктерiн айтады. Журналистерге өздерiмен тығыз байланыс ұстауды ұсынған олар, басқа жағдайда Айнұр Құрмановтың тағдырын қайталауы мүмкiн екенiн ескерткен.

– Батыс Еуропа мен Батыс Қытайды жалғастыратын халықаралық транзиттiк дәлiз Жамбыл облысын да басып өтедi. Бiздiң сұрайын дегенiмiз 3 мәселе... Транзиттiк жол түсетiн жерлердiң иесi бар. Бiреу бақша, бiреу егiстiк егiп күнiн көрiп отыр. Олардың мәселесi қалай шешiледi? Екiншiден, бұл жол пайдалануға берiлген соң ақылы болады деген әңгiме бар. Осы рас па? Үшiншiден, қазiргi жолдарға неге күрделi жөндеу жүргiзбейдi? Әлде жаңа жол салынады деп арқаны кеңге салып отырсыздар ма?

Өткен сәрсенбiде Е.Жовтистi төрт жылға бас бостандығынан айырған Бақанас сотының үкiмiне “Заңғар” сауда үйiнiң алдында наразылық бiлдiрген тәуелсiз журналист С.Дуванов пен “Жас Алаш” газетiнiң бас редакторы Р.Сәрсенбайдың үстiнен “заңсыз шеру өткiзгенi үшiн” әкiмшiлiк iс қозғалды. Сейсенбi күнi Алмалы аудандық iшкi iстер бөлiмiне шақырылған журналистердiң iсi сотқа жi­берiлдi. Алайда, ол күнi тек қана С.Дувановты соттап, Р.Сәрсенбайдың iсi бiр апта кейiнге қалдырылды. Бұған себеп – полиция қызметкерлерiнiң қателiгi. Әкiмшiлiк заң бұзғаны үшiн жауапқа тартылатын адамның iсiн сотқа тапсырмастан бұрын аудандық полиция оның тұрғылықты жерiн, туған жылы мен айын, бұрын-соңды жазаға тартылғанын не тартылмағанын

“Бәле неден басталды?” дерсiздер. Айтайын. 2002 жылдың аяғында менi Маңғыстау облысындағы Ақтау қаласына қарасты “Металлург” бау-бақша серiктестiгiне (ББС) төрайым қылып сайлады. Саяжайдың мүшелерi жалынып қоймаған соң, “қоғамдық жұмыс қой” деп келiстiм. Бақсам, бұл сая­жай iшiнде үй iшiнен үй тiгiп отырған бiр тұтыну кооперативi (ТК) бар екен. Басшы төрайымы бiр әйел адам, сол 2002 жылдан бастап квотасыз жан-жақтан (Қарақалпақстан, Өзбекстан, Түркiменстаннан) көшiп келген оралмандар отбасыларына саяжай жерiн бөлiп берiп, дайын үйшiктерге кiргiзген (тегiн емес, әрине). Саяжайдың меншi­гiндегi заттарды иеленiп алған және өте батыл кiрiскен (сүйенiшi әкiмдiк пен прокуратура болғасын неден қорықсын). Менiң алдымдағы төрағаларды төбелес шығарып, қорқытып жұмыс iстетпеген. Бұл саяжай 50 гектар жердi алып жатыр, 560 мүшесi бар. Маңғыстауда жер құрып қалғандай, әкiмдiк

Сәби ата-анасының әлдилеуiмен, айтқан қызық ертегiлерiн тыңдап ұйқыға кетедi, таңертеңгiсiн тәттi ботқасын жеп, отбасымен бiрге табиғат аясында серуендеп сергидi. Алайда өмiрде барлық бала бақытқа қол жеткiзе бермейдi. Мұндай жағдайда балалардың жауапкершiлiгiн басқа адамдар мойнына алады. Алматыдағы жетiмдер мен ата-аналарының қамқорлығынан айырылған балаларға арналған №8 мектеп-интернат 1996 жылы құрылды. Мұнда қазiр 7 жастан 18 жасқа дейiнгi 175 бала тәрбиеленiп жатыр. Балалардың дамуы үшiн барлық жағдай жасалған: мектеп, үйiрмелер мен секциялар бар. Нәтижесi де жаман емес, төртiншi сыныпта оқитын Дәурен Дүкенбаев жақында ғана Испаниядан вокалистер байқауының лауреаты болып оралды.

Мұғалiмнiң ауыр еңбегiн ешкiм де жоққа шығара алмайды. Ой еңбегi мен интеллектуалдық қабiлеттi қажет ететiн бұл мамандықтың мазасыз тұстары өте көп. Бiреудiң еркетотай баласын бақытты етемiн деп басы қатып жүредi. Қазiр бала оқыту оңай емес. Әсiресе, ер мұға­лiмдердi 63 жасқа дейiн жұмыс iстетiп, зейнеткерлiк жасқа жету үшiн 40 жылдай мектеп табалдырығын тоздыруға мәжбүрледiк. Оқушылардың алдында күлкiге айналдырып қойдық. Қойған борын iздеп таба алмай, кей жерде айтатын сөзiн ұмытып қалып, көзiнде қалың көзiлдiрiк, дәптерiне шұқшиып отырған, оның өзiнде қателерiн көрмей, дау­сы шықпай қырылдап қалған ағай ерiксiз жұмыс iстеуге мәжбүр болып отыр. Мұғалiмдiктен кетейiн десе, жасы 60-қа келген адамды еш жерде жұмысқа алмайды, сөйтiп оқушыларға күлкi болып жүре бередi. Тақта алдында тiк тұрып кемi 35 жыл сабақ берген мұғалiмдi ауыр ой еңбегi қажытады, қайраты кемидi, ойы шашырап шаршайды, төзiмi сарқылып, ерiншектiк­тен енжарлық етек алады. Iзденiп iс қылуға құлықсыз, жаңалықты жаны жақтырмайды.

Парламентiңiздiң депутаты Пормабай Дүниемаловтың қалайынша халық қалау­лысы қатарына қосылғанын баршаңыз бiлесiздер. Бiлмегенсiп қоясыздар. Сайып келгенде, кегейi кегжең доңғалақ-дәуiрдiң дүмпуi. Дерсiздер. Өздерiңiздiң құқықтарыңыз қызылбұзау күйiнде сиырдың жатырында жатыпты. Жан бiтiп, жарыққа шыға ма? Шықсын-ақ. Делiк. Қартаң-құртаң қараның құссүзектенген төлiндей мөңiреуiнен де танып, меңiрейе ме? Бұл жағы да бұлыңғыр. Жылқы мiнездерiңiзден жаңылып, жадыларыңызға дейiн жабыланып бара жатқанын мойындағыларыңыз жоқ. Мыңқ етпейсiздер. Бiреулерiңiз. Екiншiлерiңiз тыржиып терiс айналасыздар. Үшiншiлерiңiз мысықсопылана мүлги қаласыздар.

Сейсенбi күнi Алматының Қазақстан баспасөз клубында Қазақстан құрамасының палуандары мен жаттықтырушылары журналистерге арнап баспасөз мәслихатын өткiзiп, Данияда өткен әлем бiрiншiлiгiне баға бердi. Айта кетейiк, Қазақстан құрамасының палуандары дат жерiнде өткен әлемдiк додада күрестiң үш түрiнен үш медаль ұтып алған едi. Қазақстанның күрес қауымдастығы басшыларының айтуынша, қоржынымызға түскен үш қола медаль – бiз үшiн қомақты табыс.

Шторк жасаған ұлттық құраманың тiзiмiне «Ақтөбенiң» шабуылшысы Мұрат Тiлешов енген жоқ. Есесiне, «Ертiстiң» қатарында небәрi сегiз-ақ доп соққан Денис Малинин ұлттық құраманың шабуыл шебiн күшейтпек. Сонда деймiз-ау, Қазақстан премьер-лигасында 17 доп соғып, мергендер көшiнiң басында келе жатқан Мұрат Тiлешов ұлтттық құрамаға алынбай, Денис Малининнiң құрамаға алынатыны қалай?! Әлде Малининнiң Тiлешовтен бiз бiлмейтiн артықшылығы бар ма? Егер болса, бос жүрмей Қазақстан бiрiншiлiгi барысында өзiн көрсетпей ме?! Әлде «қазақ баласы доп тебе алмайды» деген

Гвинея астанасы Конакриде билiктiң саясатына наразылық бiлдiрiп, шеруге шыққан оппозиция мен үкiмет күштерiнiң арасында қақтығыс болды. Осы қақтығыс кезiнде 120-дан астам адам қаза тауып, 250 тұрғын жараланды. Қалыптасқан ахуал­ға алаңдаушылық бiлдiрген халық­аралық ұйымдар бейбiт шараны аяусыз жаныштаған билiктiң бұл әрекетiн қатты айыптап отыр.

Он жетi жасымда әлгi кемпiр тағы кiрдi түсiме. Алыстан қол бұлғап менi шақырды. Бiр уақытта тұман арасынан көрiнбей кеттi. Ұйқымнан тағы қорқып ояндым. Апта өтпей, жайсыз хабар келдi. Жалғыз ағайым iз-түзсiз жоқ болып кетiптi. Жоғалып кеткенiне биыл тура он бiр жыл толып отыр