Қытайда үйқамақта отырған қазақ жазушысы Қажығұмар Шабданұлының аты-жөнi мемлекеттiк сыйлыққа үмiткерлер қатарынан неге алынып тасталды?
«Қылмыс» романы әлi бiтпегендiктен
Қажығұмар Қазақстан азаматы болмағандықтан
Кейбiреулерге күндестiк маза бермегендiктен
Жазушы президент Н.Назарбаевты мақтамағандықтан
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Осыдан үш жыл бұрын Еуропа кеңесiнiң Парламенттiк ассамблеясы «Коммунистiк тоталитарлы режимдердi халықаралық айыптаудың қажеттiгi» туралы мәлiмдеп, арнайы қарар қабылдады. «ХХ ғасырда және бiрқатар мемлекеттерде әлi де билiк басында отырған коммунистiк режимдердi адам құқын аяққа таптады, қолдан ұйымдастырылған аштық арқылы халықты қынадай қырды, этникалық әрi дiни ерекшелiктерi үшiн қудалады, сөз бостандығын шектедi және саяси плюрализмге жол бермедi», – деп жазылған құжатта.
Өткен аптада Атырауға президент Нұрсұлтан Назарбаев келiп қайтты. Екi күндiк жұмыс сапарында ол алдымен қаланың iргесiндегi Қарабатанда салынып жатқан «Болашақ» мұнай мен газды кешендi дайындау қондырғысы құрылысына барды. Бұл құрылысқа президенттiң алғаш келуi емес. Қарабатанда кезiнде зауыт салуға ел қарсы болғанымен, көпшiлiктiң наразылығын билiк басындағылар құлаққа да iлмеген едi.
Төраға ауысса төрелiк айту өзгере ме? Шымкент қаласының тұрғындары Қ.Тұрсынбеков пен Е.Югайдың арасында жер телiмi мен құрылысы бiтпеген өндiрiстiк-техникалық қоймаға байланысты шым-шытырық даудың өрбiгенiне биыл табаны күректей сегiз жыл толды. Бiресе Қ.Тұрсынбековпен, бiресе Шымкент қалалық жер ресурстары басқармасымен қайта-қайта соттасып, жеңiлiске ұшырап жүретiн Е.Югайдың былтырғы тамыз айынан берi кенеттен асығы алшы тұра бастауы таңданарлық жайт. Арызданушы Қ.Тұрсынбековтiң
Қаржы қадағалау агенттiгi «БТА Банкi» ұсынған қайта құрылымдау жоспарын мақұлдады. Агенттiк төрайымы Елена Бахмутованың айтуына қарағанда, Ұлттық банк төрағасы, Қаржы министрi мен Қаржы қадағалау агенттiгi қайта құрылымдау жоспарын 26 қыркүйекте ақ мақұлдап қойыпты. «БТА Банкi» басшылығы мен кредиторлардың қайта құрылымдау турасындағы пiкiрi екiге жарылғанына қарамастан.
Сонымен, үкiмет биыл қысқа дайындықты қалай бастады? Жоспар бойынша қарашаның бiрiнде қызмет түрiнiң бәрi де сақадай сай болуы тиiс. Барлап қарасақ, оған да санаулы күндер қалды. Ал үкiмет не дейдi? Бұл жолы да сыныққа сылтау таппай ма? Қаһарлы қыста тағы да жыртығын жамап жүрмей ме? Өткен жылғы ескi әуен тағы қайталанбай ма? Яғни, Көкшетау, Шахтинск сынды қалаларда тiкелей осы мәселеге байланысты шыққан шуды ұмытпадық па? Бiздiңше, үкiмет биыл да бармақ тiстейтiн сияқты. Неге?
«Казкоммерцинжинирингтiң» он төрт мердiгер компаниясы мен үш айдан берi жалақысыз жүрген жұмысшылары наразылық шарасын өткiздi.Мердiгер компания өкiлдерiнiң айтуынша, үш айдан берi «Казкоммерцинжиниринг» «Елисейские поля» коттедждер қалашығының құрылысын қаржыландыруды тоқтатқан. Берешегi екi жүз миллионға жеткен. Құрылысшылар да үш айдан берi жалақысыз жүр. Компания басшылығы «әне беремiз, мiне беремiз» деп құр шөппен ауыз сүртiп келедi. «Қарасай инвест констракшн» мердiгер компаниясының бас директоры Нұрлан Ақмұрзин:
Зейнеткерлiк аннуитет жайында Қазақстанда тұңғыш рет 2005 жылы айта бастады. Алайда, биылғы жылдың 7 ақпанында осы қызмет түрiмен айналысатын компаниялардың әрекетiн реттейтiн заң қабылданғанына төрт жыл толса да, қазақстандықтар зейнеткерлiк аннуитеттiң артықшылығы туралы аз бiледi. Өткен жылы үлкен минусқа түскенiн көрсеткен зейнеткерлiк қордан келген есеп қағазын айтып, жұмыста шағымданбайынша бұл жайында мен де бiлмедiм. Осы мәселеге байланысты болған талқылау барысында “зейнеткерлiк аннуитет” деген ұғым айтылды. Менiң кейбiр әрiптестерiм өздерiнiң қамсыздандырылған қарттық шағы жөнiнде қатты қызығушылық танытқаны
Елiмiздегi бiлiмдi әлемдiк стандарт деңгейiне жеткiзушi ұрпақ, яки қазiргi жастардың (студенттердiң) жағдайы қандай? Батыс Қазақстан облыстық iшкi саясат департаментi және «нұротандықтар» жастар мәселесi туралы көз алдап сөз қозғайды да, бiрақ бәрi де сол күйiнде қалады. Әйтеуiр, шәкiртақыға жолақылары үшiн 500 теңге қосқандай болып едi, ол ақша көп студенттердiң қолына бiр жылдан асып барып әрең тидi. Бұдан олардың әл-ауқаты артып кетпегенi белгiлi. Жасаған материалдық көмегi «ескi киiмдi жамап қойғандай» әсерде қалдырады.
Студенттер ең көп айналысатын жұмыстардың бiрi – желiлiк маркетинг. Бiрақ, бұл iстiң соңына жеткендер аз. Үлкен қызығушылықпен iске кiрiскен жастардың көбiнiң «iскерлiгi» алты айдан аспайды. Бұның себебi неде? Осы сауалға жауап iздеп көрсек. Студенттердiң көбi ақылы бөлiмде бiлiм алады. Оның ақысын төрт жыл бойы ата-анасының мойнына артып қойғысы келмейтiнi де түсiнiктi. Үйлерi шалғай
Басқасын қайдам, дәл қазiр мектеп оқушыларының арасында қазақ тiлiнiң беделi түсiп кеттi. Көбiне «қазақ тiлi» пәнiн шетке ысырып қойып, орыс, ағылшын тiлдерiн үйренуге құштар-ақ. Неге? Олардың айтуынша, «қазақ тiлiнiң келешегi жоқ». Бiрақ, болашақ өзiңнiң ана тiлiңе деген құрметтен басталмай ма? Әлде... Әрине, шет тiлiн бiлме демеймiз. Бұл – заман талабы. Десе де, туған тiлдi менсiнбеу, менiңше, дұрыс емес. «Қазақ тiлi», «қазақ әдебиетi», «тiл грамматикасы» секiлдi сабақтарға жоғары сынып оқушылары немқұрайлы қарайды. Сабаққа қатыспайды, тапсырма орындамайды, бiр сөзбен айтқанда, қолын бiр-ақ сiлтейдi. Бiлесiздер, қазiр ҰБТ-ға қызу дайындық жүрiп жатыр. Мәселен, сыныпта 21 бала бар десек,
Түркияның жоғарғы оқу орындарының бiрiнде оқитын Селжук Озбек студенттердiң Халықаралық валюта қорының басшысымен кездесу сәтiнде қамауға алынды. «Университеттен көзiңдi құрт, сен ұрысың», – деп айқай салған ол қор жетекшiсi Доминик Стросс-Каннға бәтеңкесiн лақтырған.
Қараша айының ортасында Алматыда Марат Мәзiмбаевтың помоутерлiк компаниясының ұйымдастыруымен кәсiпқой бокстан кезектi жекпе-жектер өтедi. Араға бiраз үзiлiс салып, қайта жалғасын тапқан бокс кешiнде отандасымыз Мейiржан Жақсылықов РАВА тұжырымдамасының алтын белдiгiн сарапқа салады. Осы жекпе-жекке байланысты промоутер Марат Мәзiмбаевтың өзiн әңгiмеге тартқан едiк.
Тоуджоу қаласында Чюдзаэмон деген қарақшы болыпты. Арақ iшiп, құмар ойын ойнап, ұрлық жасап, елдi тонап күнелтiптi.
Чюдзаэмонның қорлығын көрген ел оны алыстан көрсе болды, безе қашады екен. Чюдзаэмонның қарақшылығы күннен-күнге күшейiп кеткен соң жұрт қазыға шағымданыпты. Қазы көп қылмыс жасаған Чюдзаэмонды дарға асу туралы қатал үкiм шығарады. Қарақшыдан құтылатын болдық деп қуанады ел.