Қытайда үйқамақта отырған қазақ жазушысы Қажығұмар Шабданұлының аты-жөнi мемлекеттiк сыйлыққа үмiткерлер қатарынан неге алынып тасталды?
«Қылмыс» романы әлi бiтпегендiктен
Қажығұмар Қазақстан азаматы болмағандықтан
Кейбiреулерге күндестiк маза бермегендiктен
Жазушы президент Н.Назарбаевты мақтамағандықтан
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
Денсаулық сақтау министрi ме, премьер-министр ме, әлде президент пе?Қазақстанның денсаулық сақтау саласында қордаланып қалған мәселелер шаш етектен. Мұны республиканың бас дәрiгерi, керек десеңiз, президенттiң өзi де бес саусақтай бiледi. Бiрақ, дәл осы түйiндi тарқатуға, мәселенi оңтайлы шешуге билiк дәрменсiз. Керiсiнше, керi кеткен медицинаға «жаңалық енгiземiн» деп заңды белден басуда. Анықтап айтсақ, Денсаулық сақтау министрi Жақсылық Досқалиев пара мен сыйақының ара-жiгiн ажырата алмай әлек. Әйтпесе, «Бiрыңғай ұлттық денсаулық жүйесi» бағдарламасын алға тартып, ондағы парамен пара-пар сыйақыны заңдастырмас едi.
Қазақстандағы қарт адамдардың жағдайы, әлеуметтiк қорғалуы, олардың қоғамдағы өзгерiстерге қатысуы жөнiнде зейнеткерлер құқығын қорғаушы, «Поколение» қоғамдық қозғалысының жетекшiсi Ирина Савостинамен әңгiмелестiк. Зейнеткерлердiң әлеуметтiк қорғалуынан басталған әңгiме қоғамдағы «атышулы» оқиғалар төңiрегiнде өрбiдi. Көп жылдан берi саясаттың бел ортасында жүрген Ирина Алексеевна «өмiр бойғы президент» идеясы төңiрегiндегi ойларымен де бөлiстi.
Қашқын Мұхтардың елге оралуы қамаудағы Мұхтардың iсiне ықпал етуi мүмкiн бе? «Қазатомөнеркәсiптiң» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкiшевтiң қылмыстық iсi қайта тергеуге жiберiлдi. Бұл туралы сейсенбi күнi Жәкiшевтiң адвокаты Нұрлан Бейсекеев «Время» газетiне мәлiмдедi. Адвокат онда былай дептi: «Менiң қорғауымдағы адамның қылмыстық iсi қайта тергеуге жiберiлдi. Өйткенi, осыған дейiн оның өзiн-өзi қорғау құқығы аяқасты етiлдi. Iстiң қайта тергеуге жiберiлгенiн бүгiн ғана естiп-бiлiп, тиiстi құжаттарды алдым.
Франция президентi Николя Саркозидiң Қазақстанға бiр күндiк сапары аяқталды. Еуропа өркениетi мен демократиялық құндылықтардың “меккесi” саналатын Франция басшысының елiмiзге келуiне Қазақстанның азаматтық қоғам өкiлдерi көп үмiт артқан-ды. Халықаралық беделдi ұйымдар Н.Саркозиге Қазақстандағы адам құқықтары жөнiнде, сөз бостандығы мен демократиялық құндылықтар жайында әңгiме қозғауға кеңес берiп, бiрнеше дүркiн үндеу де жолдады. ЕҚЫҰ-ға төрағалық қарсаңында Еуроодақтың беделдi елiнiң бетiмен кеткен Ақордаға ескерту жасап, оны жөнге салмаса да, ақыл-кеңес беруi
Оппозициялық “Азат” партиясының төрағасы Болат Әбiлев пен оның орынбасары Маржан Аспандиярова Атырауға келдi. Жергiлiктi билiк тарапынан әдеттегiдей жиын өткiзетiн орын бермеу немесе басқа да кедергiлер жасалмады. Шамасы, бұған оппозиционерлердiң елмен жүздесуiнiң президенттiң Атырауға келуiмен тұспа-тұс келуi де себеп болса керек. Н.Назарбаевтың Атырауға сапарында тағы бiр айқай-шудың жергiлiктi билiкке де, мәңгiбақи тақта қалғысы келетiн патшаға да бедел әпермейтiнiн түсiнген шығар.
Нұрлан Ерiмбетов жүргiзетiн “Айтпарк” пiкiрсайыс клубының сейсенбiдегi кезектi қонағы “Стратегия” қорының директоры, социология ғылымдарының кандидаты Гүлмира Илеуова болды. Қазақ мектептерiнде қыз балалардың хиджаб киюiнен бастап, “өмiр бойғы президент” мәселесiне дейiн сөз қозғалды. Илеуованың айтуынша, социология негiзiнен қоғамдық пiкiрдi, респонденттердiң субъективтi көзқарасын анықтайды. Зерттейтiн ең басты мәселесi – жұмыссыздық. Социолог “қазақтар өзге этностың дүние-мүлкiн қайта бөлiске салғысы келедi” деп есептейдi екен.
“Альянс Банкiнiң” қайта құрылымдау процесi аяқталуға жақын. Банк үш ай бұрын кредиторлар комитетiмен Өзара түсiнiстiк жөнiндегi меморандумға қол жеткiзген едi. Ал 5 қазанда “Альянс Банкi” кредиторлар комитетiмен және “Самұрық‑Қазына” әл‑ауқат қорымен қайта құрылымдау шарттары туралы үшжақты келiсiмге қол қойды. Желтоқсан айының басында банк кредиторлармен толық келiсiмге келудi жоспарлап отыр. “Альянс Банкiнiң” басқарма төрағасы МАҚСАТ ҚАБАШЕВПЕН арадағы әңгiмемiз қайта құрылымдау шарттары мен банк болашағы төңiрегiнде өрбiдi.
Бүгiндерi мемлекеттiк тiл мәселесiмен айналысатын қоғамдық қозғалыстар мен қайраткерлер жаңбырдан кейiнгi саңырауқұлақша қаптады. Әрқайсысы ондаған дөңгелек үстел мен конференция ұйымдастыруды да әдетке айналдырған. Қай-қайсысы болсын, «мемлекеттiк тiл проблемасын мен тұңғыш көтердiм» деп кеуде қағады.
Жак бастаған ереуiлге облыс әкiмi Қ.Көшербаев, “Қазмұнайгаз” ҰМК сол кездегi президентi С.Бүркiтбаев келдi. Олар жұмысшылармен келiсiм шартқа отырды. Соның арқасында көптеген мәселелер оң шешiмiн тапты. 2008 жылдың тамызында ҚР премьер-министрi К.Мәсiмов Жаңаөзенге келдi. Жак Әминов пен Максим Исабаев премьер-министрдiң жеке қабылдауында болды. Бұлар мұнайшылардың жағдайын премьер-министрдiң алдына жайып салды. Ж.Әминовтiң нақты, дәлелдi сауалдарынан соң К.Мәсiмов “Қазмұнайгаз” БӨ” АҚ-ның кеңсесiн Астанадан Ақтауға көшiрiп әкелуге уәде еттi. Осыдан кейiн Жаңаөзендегi мекеме басшылары жұмысшылардың жағдайымен санасатындай дәрежеге жеттi.
ҚР Президентi Н.Ә.Назарбаев мырзаға хат.Мен 30 жылдан берi Маңғыстау облысындағы “Ойл Транспорт Корпорейшн” (ОТК) ЖШС мекемесiнде жүргiзушi болып еңбек етiп келемiн. 2005 жылдың сәуiр айының 20-сында “ОТК” ЖШС мекемесiнде менiң қарамағымдағы автокөлiкке қатысты ұрлық оқиғасы болды. Мен бұл ұрлықты өзiм жасамағандықтан және оның кiмнiң жасағанын бiлгендiктен, басшыларға ауызша да, жазбаша да хабар бердiм. Нәтижесiнде, олар менiң өзiмдi кiнәлап, негiзсiз қатаң сөгiс жариялады. Сонымен қоса жалақыға қосымша төленетiн төлемдердi қысқартты. Мен Ақтау қалалық сотына 2005 жылдың 23 қараша күнi арыз жазып шағымдандым. Сот барысында өзiмдi
“Жас Алаш” газетiне дағдарыстың салдарынан бiр жылға тұтас жазылуға кейде мүмкiндiк болмай жатады. Сондықтан ақшаның ретiне қарай 3 айдан бөлiп жазылып жүр едiм. Ендi мiне, “қыркүйектiң 10-ынан қалып қойдың” деп “Жарсуат” ауылдық бөлiмшесi газетке жазбай отыр. Жалғыз мен емес, “Жас Алаш” газетiне деген шектеу тұтас Индер ауданы бойынша қалыптасқан десем, артық айтқаным емес. Мұндай жасырын нұсқаудың бар екенiн облыстағы басқа аудан, ауылдардағы “Жас Алашқа” жазылу мен жаздырудан байқауға болады.
Ендi екi күннен кейiн төрткүл дүниеде 2010 жылы Оңтүстiк Африка Республикасында өтетiн әлем бiрiншiлiгiнiң iрiктеу ойындары қайта жалғасады. Дүниежүзiлiк додаға берiлетiн жолдаманың бәсi мәреге таяған сайын қыза түсуде. Сенбi күнi өтетiн ойындарда әлем бiрiншiлiгiне қатысатын командалардың қатары тағы да арта түсуi әбден мүмкiн. Ендi солардың кейбiрiне тоқтала кетсек.
Осыдан екi жылдай бұрын И.Әбдiкәрiм атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық колледжiне директор болып Мәжит Өтемұратов тағайындалған едi. 80 жылдық тарихы бар колледждiң жағдайы осы кiсi келiсiмен күрт өзгерiп сала бердi.
Оның “отты түтiк” трюгi Гиннестiң рекордтар кiтабына енген. Бұл трюктi қайталамақшы болғандардың талпынысы сәтсiз аяқтала берген, ал Алексей Латоцкий күнi бүгiнге дейiн тiрi. Қайталанбас трюгiнiң сәттi болуын ол бұдан бiрнеше жыл бұрын ғарыш келiмсектерiмен кездескенiмен байланыстырады. Жас кезiмде мен ауыр жүк таситын машинаның жүргiзушiсi болдым. Бiрде жүк машинасын айдап келе жатқанмын. Қарсы алдымнан зу-у етiп жүк машинасы шыға келдi... Құдай сақтап, ешқайсымыз да зардап шеккен жоқпыз.
Азат” партиясы төрағасының орынбасары Петр Своик, Маржан Аспандиярова мен партияның аппарат жетекшiсi Қадыржан Асқаров “Бүгiн Жовтис, ертең сен” атты Евгений Жовтистi қолдау мақсатында кезектi наразылық акциясын өткiздi. “Бiз елде болып жатқан оқиғаларға бейжай қарай алмаймыз. Жовтистi жазаға тартуды заңсыздық деп бiлемiз. Өз пiкiрiмiз бен көзқарасымызды ашық бiлдiруге құқымыз бар.