1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №82 (15436) 13 қазан, сейсенбі 2009

Жуырда «Республика» газетi «БТА Банкiне» сот шешiмiмен төлейтiн айыппұлды – 60 млн теңгенi банктiң өзiнiң құнды қағаздарымен өтеуге дайын екенiн мәлiмдеген болатын. Бiрақ, банк басшылығы тәуелсiз басылымның бұл ұсынысынан бас тартты. «Республикалықтардың» мәлiмдеуiнше, осының өзi БТА-ның «Республиканы» сотқа берудегi басты мақсаты ақша өндiру емес, газет жұмысын тоқтату болғанын толықтай дәлелдейдi. Егер банк бұл ұсынысты қабылдамаса, оны банкрот деп жариялауға болатыны да сөз етiлдi. Яғни, БТА тәуелсiз басылымға «қазған орына» өзi түсуi әбден мүмкiн. Сондықтан банк басшылығы үшiн iстiң арты насырға шаппай тұрғанда, «Республиканы» жайына қалдырғаны тиiмдi сияқты. Егер Әнуар Сәйденов iскерлiгiн дәлелдегiсi келсе, солай iстейтiн де шығар. Сол кезде тәуелсiз басылым өз оқырмандарымен қайта қауышуы әбден мүмкiн. Бiрақ, «Республика» қайта жаңғырғанымен, билiк бастаған «бөгде ойлылармен» күрес онымен тоқтай қоймас. Ақорда басшыларының ешбiр ескертудi елейтiн түрi жоқ. Оған дәлел ретiнде соңғы уақытта елiмiзде және шетелдiк жиындарда болған оқиғаларға шолу жасап шықсақ болғаны.

Өмiрде жолы болмаған бiреулер: «Заман тарылып кеттi», «Пенденiң пейiлi бұзылды», «Қазақтан бақ қайтты» деп сарыуайымға салынып жүр. Бекер сөз. Ештеңе де өзгерген жоқ: байлық та, бақ та, ырыс та өз орнында. Бақ сол баяғыдай қонатын жерiне қонады, байлық бiтетiн жерiне бiтедi. Жұрттың бәрi түп-түгел бай болуы шарт па екен. Қай заманда болмасын, бiр байға қырық кедейден тура келген. Құдайдың пешенеге жазғаны сол. Бай мен кедейдi теңестiремiз деп төңкерiс жасаған қызыл комиссарлар қайда кеттi қазiр?

АҚШ-тың бұрынғы президентi кiшi Джордж Буштың сенiмдi адамдарының бiрi, кезiнде Буш әкiмшiлiгiнде американ-ресей қарым-қатынастарын шұқшия зерттеген Пол Сандерс ресейлiк саяси тұтқын Михаил Ходорковскийге қатысты былай деген-дi: «Бiреуi — түрмеде. Екiншiсi — Кремльде. Кремльде отырған адамның ұтқаны, ал түрмеде отырғанның ұтылғаны айтпаса да түсiнiктi. Ал егер мәселеге бұдан гөрi тереңiрек үңiлсек, бұл «соғыста» жеңiмпаз жоқ. Ходорковский де, Путин де, Ресей де ұтылды».

Жанармай жырының жақында бiтетiн түрi жоқ. Әуелi Оңтүстiктен бастау алған жанармай тапшылығы лезде бүкiл елге тарап кеттi. Жанармай бағасына алаңдамаған жан қалмады. Үкiмет басшысынан бастап қала әкiмiне дейiн... Бiрi жанармай бағасын ермекке айналдыр­ғандарды тауып, жазалауды тапсырса, ендi бiрi жанармай тапшылығына кiнәлiлердiң «басын» талап еттi. Жанармай тасымалдаушылары да мәселеден сырт қала алмады. Кiшiгiрiм жанар‑жағармай бекеттерiнiң иелерi бар кiнәнi алпауыт «ПетроҚазақстан» сауда үйiне жапса, соңғысы жанармай тапшылығына экономикалық дағдарыс түрткi болды деп мәлiмдедi. Жанармайды бөлшек саудаға тiкелей тасымалдайтын «ПетроҚазақстан» сауда үйiнiң өкiлдерi: «Тұтынушылар сұранысы төмен болғандықтан, мұнай өңдеу зауыттары өндiрiс көлемiн азайтты. Ендi сұраныс күрт артқан соң тапшылық туындады. Ал жанармай қымбатшылығына келер болсақ, бiздiң компанияның бұған еш қатысы жоқ», — деп жанармай тапшылығына алыпсатарларды кiнәлады. Жанармай мәселесiне парламент депутаттары да назар аударды. Мәжiлiсшi Р.Қалмұрадов Мәсiмовке мәселенi шешудiң өзгеше жолын ұсынды. Оның ойынша, кедендiк баж салығын көбейтiп, iшкi нарықтағы бағаны реттесек, ендiгәрi мұндай мәселе туындамас едi. Депутаттың айтуына қарағанда, iшкi нарықты жанармаймен толық қамтамасыз ету үшiн небәрi 10-12 миллион тонна мұнай қажет.

«Бiздi сiздердiң қуат көздерiңiз, шикiзаттарыңыз қызықтырады. Бiзде әлемдегi ең озық үлгiлi кәсiпорындар бар және сiздер бiзге сенiм артады деп бiлемiз. Бiз сiздердiң шахталарыңыз бен кен орындарыңызды пайдаланамыз, ол үшiн бiздiң жеткiлiктi тәжiрибемiз бар”. Жуырда ғана Қазақстанға ресми сапармен келген Франция президентi Николя Саркози осылай деп мәлiмдедi. Қазақ елiмен 6 миллиард долларға шарт жасасқан француз басшысы елiмiздiң ЕҚЫҰ-дағы төрағалығын қолдайтынын да айтты. Қазақстанның мұнайы мен уранына қолы жеткен француздарды сөз бостандығы, адам құқығы мен

Қыркүйектiң басында Қазақстан мұнайының 110 жылдығы тойланды. Бұдан сәл-ақ бұрын Қазақстан Республикасының Конституциясы күнi болды. Яғни, мұ­найшылар үшiн қос мереке қа­тар келдi. Мұнайдың кенi батыс өңiрi екенi баршаға аян. Соның iшiнде Өзен мұнайшылары да бар. Олар да өзге әрiптестерi сияқты Қа­зақстанның қара қазанын «қара алтын» байлығымен толтыруға сүбелi үлес қосып жатыр. Сондықтан жалақыларын жалтақсыз алуды армандайды. Әлеу­меттiк тұрмыс жағдайларының жақсы болуын аңсайды. Өздерiнiң, отбасы мен бала-шағаларының

Газеттiң тiрегi де, сүйеушiсi де, қолдаушысы да – әрине, оқырман. Оқырманның талабы мен тiлегiне құлақ түре бiлетiн, яғни оқырманды сыйлай бiлетiн газет қана өтiмдi болмақ. Осы ретте «Жас Алаш» өз оқырмандарымен кездесудi Оңтүстiк Қазақстан облысынан бастады. «Жас Алаш» газетi халықпен етене жақын болуы үшiн ең алдымен сол халықтың көңiл ауанын, тұрмыс жағдайын, ойын, мұқтаждықтарын жақсы бiлуi керек. Бiздiң ел аралаудағы басты мақсатымыз да – осы, – дедi «Жас Алаш» газетiнiң бас редакторы Рысбек Сәрсенбай ауыл еңбеккерлерiмен, мұғалiмдермен, студенттермен, облыс зиялыларымен болған кездесулерде. – Бiз Сiздермен сырласуға келдiк. Тек сырласу ғана емес, сонымен бiрге бiз ой жарыстыруға да, пiкiр таластыруға да дайынбыз. Керек десеңiз, бiз сын естуге де әзiрмiз. Өзгенi сынай бiлетiн газет өз атына айтылған сынды да қабылдай бiлуге тиiс. Тек өзара әңгiмемiз бүкпесiз болсын, ашық болсын әрi батыл болсын!

Шыны керек, Әзiмхан Сатыбалдин Жамбыл облыстық Тәртiптiк кеңесiнiң төрағасы болып тағайындалғанда ел «ойпырмай, ғалым адам бұл қызметтi алып кете алар ма екен?» деп күдiк келтiрген. Ә.Сатыбалдин Мемлекеттiк «Дарын» сыйлығының иегерi, Ғылым академиясының корреспондент мүшесi, академик. Оның өзiндiк мектебi қалыптасқан, 32 ғылым кандидаты мен 11 ғылым докторын даярлап шығарды. Ендеше, өмiр бойы кiтапқа үңiлiп, шәкiрт тәрбиелеген адам бiреуге қатты-қатты сөйлеп, жаза арқалатып жiберетiн құзырлы мекемеде жұмыс iстеп кете ала ма? Жоқ, обалы не керек, Сатыбалдин кеңестiң жұмысын бiр кiсiдей-ақ үйiрiп әкеттi. Оған Сатыбалдиннiң бiр кездерi президент әкiмшiлiгiнде меңгерушiнiң бiрiншi орынбасары, одан Сенат депутаты болған кездегi тәжiрибесi де көмектессе керек. Тағы бiр айтары, Сатыбалдин мырза Тәртiптiк кеңестi басқара жүрiп ғылымды да ұмытпапты. Соңғы бес жылда екi кiтап шығарып, 4 ғылым докторын дайындап, Тараздағы бiр жоғарғы оқу орнында қосымша оқытушылық қызмет атқарады екен. Бiз Жамбыл облыстық Тәртiптiк кеңестiң төрағасы Әзiмхан Сатыбалдинмен бiр-екi ауыз тiлдескен едiк.

«Облыс осымен төртiншi жыл қатарынан әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштер бойынша алдыңғы орынды бермей келе жатыр». Бұл — Қарағанды облысы әкiмiнiң баспасөз қызметi тарататын «дәстүрлi» баспасөз парақ­шасының «бiсмiлләсi». Неге тек «төртiншi жыл қатарынан» екенi түсiнiктi болар. Әрине, ол — Нұрлан Зайроллаұлы әкiм болып келгеннен бергi уақыт. Үлкен кiсiнiң бастамаларын, жарлықтарын орындау жағынан бiздiң Нұрекеңнiң алдын орайтын әкiмдi табу қиын-ау, қиын. Алайда, Нұрлан Зайроллаұлы жарлықтың барлығына бiрдей бас шұлғиды десек, қатты қателеседi екенбiз.

Полицияның пәрменсiздiгiне қынжылған қария ендi қылмыскерлермен өзi есеп айырыспақшы.

«Быламық жейiн деген асым ба едi, тоқсан жас көрейiн деген жасым ба едi?» деген екен iлгерiде бiреу. Сол айтқандай, 40 жыл өмiрiн ұлылықтың ұстыны саналатын ұстаздыққа арнағанда әрдайым балаларға «ұрлық жасамаңдар, бiреудiң ала жiбiн аттамаңдар, терiс қадамға бармай әдiл болыңдар» деп дәрiс оқыған Орынбай қажы Оспанов әбден қартайған шағында әдiлдiк таппай жiгерi жаншылып, тауы шағылатынын ойлап па? Астанаға арызданса, ол жақтағылар облысқа, одан арыздың тағдырын шешу жергiлiктi жердегi шен тағып шекпен кигендерге қарай сырғытылып, жазған хаты ары-берi тепкен доп сияқты домалап-домалап өзiне келiп, ақыры аяқсыз қалуы

Маусым айында Иранда өткен сайлау кезiнде қазiргi президент Махмуд Ахмединежадтың сайлануына қарсы шыққандар мен құқық ­қорғау қызметкерлерi арасында көптеген қақтығыстар болған едi. Солардың бiрiн ұйымдастырғаны үшiн Мохаммед-Реза Али-Замани есiмдi 37 жасар ирандық сот шешiмiмен өлiм жазасына кесiлдi. Ол қазiргi прези­денттiң қайта сайлануына қарсы шығып, сайлаудың қайта өтуiн талап еткен болатын. Сотта Али-Заманидiң шетелдiк террористiк ұйымдарға қатысы бар екенi және Иранның жоғарғы лауазымды шенеунiктерiне шабуыл жасамақшы болғаны айтылды. Али-Заманидiң өзi де тағыл­ған айыптың бәрiн мойындаған. Бiрақ, оның жақтаушыларының айтуынша, ол ешбiр шерулердi ұйымдастыруға атсалыспаған. Оны тағылған айыпты мойындауға күштеп мәжбүрлеген.

Қазанның 4-12-сi аралығында қазақстандық бiр топ журналис­тер түрiк елiнде iссапармен болып қайтты. Екi ел арасындағы туристiк, мәдени, iскерлiк қарым-қатынастарды нығайту шарасы аясындағы бұл сапарда журналистер Түркияның бес қаласында болып, түрлi кездесулермен қатар тарихи ескерткiштердi де аралады. Түрiк халқының қаһарманы Мұстафа Кемал Ататүрiк мұражайында да болды. Атап өтерлiк тағы бiр кездесу қазiр зейнеткерлiк демалыстағы Түркияның бұрынғы президентi Сүлеймен Демирельдiң үйiнде өттi. Қазақстан тәуелсiздiгiнiң алғашқы жылдарында екi ел арасындағы