1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №83 (15437) 15 қазан, бейсенбі 2009

“Азат” пен ЖСДП жетекшiлерi қосылып, бiр партия құратынын мәлiмдедi. Қазақстан оппозициялық демократиялық күштерiнiң бiрiгу қажеттiгi жайында көп айтылды. Сәуiр айында өткен форумда да халық оппозициялық күштердiң бiрiгiп бiр жұдырық болуын талап еткен-дi. Алайда, “коммунистер” мен тiркелмеген “Ал­ға” бiр партия болып бiрiгу идеясынан бас тартып, әр­қайсының жолы бөлек екенiн ашық бiлдiрдi. Бұған дейiн екi партия бiрiгiп, “Народовластие” саяси “одағын” құрған болатын. Демократиялық күш­тер­дiң жiк-жiкке бөлiнiп, бiр-бiрiмен алауыз болғанын қалың жұртшылық қолдамады.

“Республика” газетiнде жарық көрген “Хрен редьки не слаще” атты мақалада «БТА Банкiнiң» беделiне нұқсан келiп, ол бiрнеше миллиард теңгеден айырылды деп сотқа шағымданып, басылымнан 80 миллион теңге талап еткен банктiң шағымын қанағаттандырған Медеу аудандық сотының шешiмiне “Алға” партиясының өкiлдерi өз наразылығын бiлдiрдi. «БТА Банктiң» алдында “Хрен вам БТАм” деп жазылған бiр кәрзеңке хрен өсiмдiгiн алып келген “Алға” жетекшiсi Владимир Козловқа Медеу аудандық прокуратура өкiлi келiп, бұл әрекеттiң заңсыз екенiн ескерттi. Бұған В.Козлов: “Елiмiздiң Конституциясында әр азамат өз көзқарасы мен пiкiрiн ашық бiлдiруге құқы барын” айтты. Прокурор бұл сөздi құлағына да қыстырмастан, “мынаны

11 қазан – татарлар үшiн қаралы күн. 1552 жылдың 11 қазанында Ресейдiң Қаһарлы Иваны Қазан хандығын құлатты. Тарихшылардың айтуынша, осы соғыста 0,5 миллионға жуық татар қырғын тапқан. «Орыстар қырғын тапқан татарлардың өлi денесiн Едiлге тастады. Татарлардың өлi денесiнiң ұлы өзендi жауып қалғаны соншалық, Едiлдiң бергi бетiнде жайылып жүрген жетiм лақ осы өлi денелердiң үстiмен Едiлдiң арғы бетiне оп-оңай-ақ өте алатын едi...» – деп жазды татар тарихшылары.

АҚШ энергетика министрiнiң орынбасары Даниэль Понеман:  Вашингтон қазақ мұнайы тасымалының жаңа бағыттарын iздестiруде. Өткен аптада Қазақстанға ресми iссапармен келген АҚШ энергетика министрiнiң орынбасары Даниэль Понеман қазақстандық журналистермен кездестi. БАҚ өкiл­дерiнiң сұрақтарына жауап берiп, пiкiр алмасты. “Қазақстанның инвестициялық имиджiне қандай баға бересiз? Банк секторындағы соңғы оқиғалар пiкiрiңiзге әсер етпедi ме?” деген сауалға Понеман мырза былай деп жа­уап қатты: “Инвестициялық климат деген ұғымның өзi үнемi өзгерiп, дамып отырады. Жақсы инвестициялық климатты не айқындайды? Нарықтың ашықтығы, келiсiм­шарттардың өзгермеуi. Тәуекелге баратын инвесторлар мемлекет тарапынан кепiлдiк берiлгенiн қалайды”.

Ал коммунистер көсемi “тоталитарлы социализм” заманын есiне алды. Қазақстан коммунистер пар­тия­сы, тiркелмеген “Алға” партия­сы мен бiрiккен “Азат” жалпы­ұлттық социал-демократиялық партиясы Алматыда баспасөз мәслихатын өткiздi. Жармахан Тұяқбай, Серiкболсын Әбдiлдин, Болат Әбiлев пен Михаил Сизовтың қатысуымен өткен жиында оппозиция жетекшiлерi халықты жалпыұлттық наразылық шарасын өткiзуге шақырды. Олардың пiкiрiнше, “дағдарыстың екi жылында халықтың тұрмысын көтеруге, шағын және орта бизнестi құтқаруға, жұмыссыздыққа тос­қауыл қоюға бағытталған нәтиже­лi шаралар iске асқан жоқ…

“Менiңше, ойлау қабiлетiң жақсы болуы үшiн басқа үнемi жұмыс iстету керек. Егер бас ойланбаса, басқа органдар да жұмыс iстемейдi. Физикалық дайындық та аса маңызды. Денсаулықты үнемi күту керек. Еркекке ләззат сыйлайтын жақсы нәрселер бар. Мен оларды атамаймын, сiздер бәрiн түсiнiп отырсыздар. Бұл рахаттану денсаулығымызды бүлдiредi, семiздiкке ұрындырады, ауру етедi немесе бiздi азғындыққа ұшыратады. Еркектiң аңсары деген мiне, осындай пәле. Осының бәрiн жөнге келтiру керек”. Өкiнiшке қарай, жастарға өзiнiң “аталық” ақылын айтқан Нұрсұлтан Әбiшұлы “сiздер бәрiн түсiнiп отырсыздар

Жылу мен жарықтың бағасы өсуде. Қылышын сүйретiп қыс келе жатыр, елiмiздiң барлық облыс орталықтарында электр қуаты мен жылу қымбаттады. «Көмiр бағасының өсуi мен инвестициялық бағдарламаларға бөлiнетiн қаражаттың қысқаруының кесiрiнен осылай iстеуге мәжбүр болдық», – деп ақталады монополист-компания­лар. Сонымен, Павлодарда бiр киловатт-сағат 6,16 теңгеден 6,96 теңгеге, яғни 13 пайыз­ға қымбаттады. Оралдықтар ендi жылу мен ыстық су үшiн бұрынғы бағадан 35 пайыз артық төлейдi. Атырауда электр қуаты қарапайым тұтынушылар үшiн де,

Бұл мақалада менiң айтқым келiп отырғаны, жай көзбен қарағанда бiр мекеменiң iшiндегi ұсақ-түйек нәрсе сияқты. Бiрақ мекемедегi бiрнеше мыңдаған адамның еңбекақысына қатысты бұл мәселе кезiнде Астанадағы ең жоғарғы мемлекеттiк органдарға дейiн (ҚР Президентiнiң аппараты, ҚР Жоғарғы соты, ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Еңбек және әлеуметтiк қорғау министрлiгi, т.б.) барып, талқыланып нақты, дұрыс шешiмiн таба алмады. Себебi, үкiмет (билiк) басындағылар және жергiлiктi құзырлы органдар заңдарға өздерi де түсiнбей, әрқайсысы әртүрлi жауап берiп (талқылап), ақыры аяғы сиырқұйымшақтанып, бiз сияқты қарапайым адамдардың жапа шегуiмен аяқталған болатын.

“Менiң есебiмше, орта есеппен алғанда әр Қазақстан азаматы тұтынатын тауарларының 5 пайызы ғана Қазақстандiкi, ал 95 пайызы шетелден келедi”, – дедi Айтпарктiң қонағы, Қоғамдық мәселелердi талдау орталығының директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Меруерт Махмутова. Оның пiкiрiнше, Ұлттық қордан бөлiнген қаржы ешқандай нәтиже берген жоқ. Қазақстандағы халықтың 89 пайызының табысы төмен, әлеуметтiк орта буын – 10 пайыз ғана, ал шiрiген байлар – 1 пайыз шамасында. М.Махмутова айтқан пiкiрлердi ықшамдап назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдiк.

«Жас Алаштың» қосынына Шығыс Қазақстан облысының түкпiр-түкпiрiнен түрлi хаттар, арыз-шағымдар жиi келедi. Әсiресе, Аягөз, Тарбағатай, Үржар, Күршiм аудандарынан. Өткен жылы Күршiм ауданының әлеуметтiк жағдайы туралы көлемдi мақала бергенбiз. Бұл жолы Аягөз ауданына жол тарттық. Алматыдан Аягөз қаласына дейiн мың шақырымға жуық жер. Батысы Қарағанды облысымен, оңтүстiгi Алматы облысымен , солтүстiгi Абай, Жарма аудандарымен, шығысы Үржар, Тарбағатай аудандарымен шектесетiн үлкен аудан бұл. Бұрынғы үш ауданның қосындысы. Халқының саны 75 мыңға жуық. Оның 98,6 пайызы — қазақтар.

Алдын ала ескертiп қояйын, мен бұл мақаланы Жанат Ахмадидiң «Жас Алашқа» басылған (29 қыр­күйек, 2009 ж.) «Сыйға сый емес пе едi» дейтiн жазбасына жауап ретiнде жазды екен деп ойлап қалмаңыздар. Өйткенi, мен ар-ұятты ойламаған, адамгершiлiк қағидаларын мансұқтаған, небәрi жетi сыныптық бiлiмi бар адаммен жауаптасып, өзiмдi соның деңгейiне дейiн төмендеткiм келмейдi. Қолға қалам алған себебiм: «бұл қалай» деп таңданып қалған оқырман қауымға аздап түсiнiк бере кетудi жөн көрдiм.

Кеше түнде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Хорватия құрамасымен ойнады. Су жаңа стадион — “Астана-Аренаны” баптап, “мұртын басып” жүргенiмiзге талай болған. Хорваттармен бұл ойынымыз — 2010 жылы ОАР-да өтетiн әлем чемпионатына iрiктеу ойындарының соңғы матчы. Хорватия мен Қазақстан құрамасының ойыншылары Астанадағы жер­дегiнiң қолы жетпейтiн “Риксос” және “Редисон” қонақ үйiне орналасқанын естiгенбiз. Сейсенбi күнi “Риксос” қонақ үйiнде хорваттардың бас жаттықтырушысы Славен Билич баспасөз мәслихатын өткiздi. Хорватиядан он шақты тiлшi келiптi. Төрт-бес қазақ журналисi де отырды әр жерде шоқиып-шоқиып.

 «Алғыр құстың өмiрi қысқа болар...». Анадолы түрiктерiнiң осы бiр нақылын оқи отырып ойыма ерiксiз Руслан оралды. Руслан Бөлебай... Күн шыққанда елiн күлiп оятатын бозбала аз уақытта ұлтының ұлына айналып та үлгерген едi. Жүргiзушi Руслан.., әншi Руслан.., актер Руслан қазаққа етене таныс. Ал менiң айтпағым, осынау айқындауыштардың ешбiрi тiркеспеген тұстағы Руслан туралы.

Сiзге айтайын дегенiм, Құдай басыңызға салмасын, мен көресiнi әйелдерден көрдiм... Жо-жоқ, олар менiң екi аяғымды бiр етiкке тығып, бiр етiгiмдi далаға лақтырып жiберген жоқ. Былай ғой, қарызданып-қауғаланып, мен байғұс үйленемiн де, бөлек жатамын... Қашанғы бөлек жатайын, сосын ажырасуға тура келедi...
Алғашқыда, ыстық-суығымыз басылмай тұрғанда, кескен теректей болып, бiрге жатамыз-ақ... Түннiң бiр уағында сүйiп қосылған алғашқы әйелiм сандырақтай бастады.

...Мемлекеттiк тiлдi қа­был­дап, қолдаудың арқасында қазақша сөйлейтiн өзге ұлт өкiлдерi көбейдi деуге болмайды. Мысал үшiн айтайын, мен бұрын бiр орыс әрiптесiме: «Жағдайың қа­лай?» – дейтiнмiн. Сонда ол: «Әре-сәре ғой», – деп жауап бергенде, өзiм таңғалатынмын. Қазiр сол сұрағыма: «Не понял...» – дейдi де, «қазағыңды жөнде» дегендей шырай бiлдiредi. Шымкентте қа­зiр қазақша сөйлейтiн өзбек тiптi азайып барады. Қазақша сөйлескiң келсе «нидәп гәпiрәсиз?» – дейтiн болды. Бұларға кiнә тағу үшiн айтып отырғаным жоқ, қайта оларға жақсы болған сияқты: тiлiн еркiн қолданып, өз тiлдерiнде ғана сөйлескiсi келедi.

Қазiргi кезде «Отаныңды сүй, елiңнiң патриоты бол!» деген жалаң сөздермен жастарды жалықтырып жатырмыз. Өйткенi, жастар естiгеннен гөрi көргенiне ғана сенедi. Ал бiздiң Астанадан бастап iрi қалалардың, тiптi ауылдардың барлығында теледидардан көретiнiмiз – төбелес, бұзақылық, атыс-шабыс. Ең сорақысы, жабайы махаббатты жарнамалауда өзге елдер бiздiң шаңымызға да iлесе алмай қалды. Осындай сорақылықтарды күнде көрiп отырған жастар ұят-аятты, ар-намысты, имандылықты ойлап өседi дегенге сену қиын.

 «Шәмшi» журналының 2009 жылғы 1-2-нөмiрiнде Қарабатыр жайлы мақала жарық көрдi. Мақала авторлары Мұхтархан Оразбай және Момбек Әбдәкiмұлы. Осы мақалаларға орай мен де өз ойымды айтайын. Мың өлiп, мың тiрiлiп, осыншама кеңбайтақ жердi, елдi сақтап келген ата-бабалар ерлiгiн қанша жазсақ та көптiк етпейдi. Бүгiнгi бiздер үшiн жанын пида еткен, батыр бабаларымыздың тарих қойнауынан ортамызға қайта оралғанына қуанамыз. Әлi де болса тарих өзiнiң сан ғасырлық қатпарларында сансыз батырларды, билердi, әулиелердi жасырып жатқаны күмәнсiз. Уақыты келгенде оларды зерттеп, тарихи шындықты қалпына келтiрiп, тарихтағы өз орнын беру – бiздiң бабалар аруағының алдындағы ұрпақтық

12 қазанда Қытайдың Шыңжаң – Ұйғыр автономиялық ауданында болған қанды қақтығыстарда ұсталған алты адам сот шешiмiмен өлiм жазасына кесiлген болатын. “Бүкiләлемдiк Ұйғырлар конгресiнiң” жетекшiсi Рабиға Қадырдың мәлiмдеуiнше, Үрiмшiде болған сот шешiмi ұйғыр халқының қарсылығын үдетiп жiберуi әбден мүмкiн. Қазiр АҚШ-та тұратын ұйғырлардың рухани көсемi 12 қазанды ұйғыр халқы үшiн қазалы күн деп атады. Сондықтан Қытайдың ұстанған саясаты жаңа қақтығыстарға соқтыруы мүмкiн екенiн ескерттi.

Әдеби-мәдени әлем. ҚР Мәдениет және ақпарат министрi Мұхтар Құл-Мұхаммедтiң бастамасы бойынша «Жазушы» баспасы қалың оқырман қауым үшiн «Қазақтың 100 романы» сериясын жарыққа шығаруға кiрiстi. Жобаның жетекшiсi – ҚР ҰҒА академигi Рымғали Нұрғали, жауапты редакторы – Есенбай Дүйсенбайұлы. Биылғы жылы аталған серияның 18 романын жарыққа шығару жоспарланып отыр. Қазақ елiнiң мәдени-рухани өмi­рiндегi елеулi оқиға болып есептелi­нетiн осы кiтапхананың жақында алғашқы томдары – Сәк

Қазанның 4-12-сi аралығында бiр топ қазақ журналистерi KATIAD Қазақстан – Түркия iскер адамдар қоғамының қолдауымен Ататүрiк елiне арнайы сапармен барды. Түркияның бес қаласын аралап, тарихи ескерткiштерi мен жерiн көрiп қайтқан “Жас Алаш” газетiнiң тiлшiсi Асылхан Әбдiрайымның фоторепортажын оқырман назарына ұсынамыз.