1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №84 (15438) 20 қазан, сейсенбі 2009

Өткен жұма күнi Астанада тәуелсiз басылымдардың бас редакторлары мен оппозициялық қоғам қайраткерлерi наразылық шарасын өткiз­дi. Прези­денттiң тiкелей қабылдауын талап етiп. Бұл – тәуелсiз жур­на­лис­тердiң осымен екiншi рет мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаевтың аты­­на ашық хат жолдауы.  Бiрiншi рет «Алма-Ата Инфо» газетiнiң бас редакторы Рамазан Есiркеповтi сот шешiмiмен үш жылға бас бостандығынан айырғанда, оның әрiптестерi қорғау штабын құрып, мемлекет басшысының атына хат жазған едi. «Алайда, осы уақытқа дейiн президенттен жауап жоқ, – деген «Жас Алаш» газетiнiң бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы, – екiншi қадамымызды да үнсiз қалдырса, үшiншi қадам – Еуропаға жол тартамыз», – дейдi. Ол сонымен

Қазақстан Республикасының президентi Нұрсұлтан Назарбаевқа азаматтық қоғам өкiлдерiнен ҮНДЕУ

Бiз, журналистер, құқық қорғаушылар, саяси партиялар өкiл­дерi елдегi құқықтық жағдайға алаңдаушылық бiлдiрiп, азаматтардың конституциялық құқы мен еркiндiгiн сақтаудың кепiлi ретiнде Сiзге үндеу жолдап отырмыз.Конституцияның 20-бабы ақпаратты еркiн алуға және таратуға құқық бередi, алайда ендi бар болғаны екi айдан кейiн ЕҚЫҰ-да төрағалық қызметiне кiрiсетiн Қазақстанда тәуелсiз басылымдарға кең ауқымда қысым көрсету науқаны жаппай қолға алынды.

Кiнәрат Жәкiшевтiң жүрегiнде ғана емес, оның миында да iсiк бар. Мұхтар Жәкiшевтiң жағдайы әлi мүшкiл. Бұрнағы күнi оның қан қысымы 200 және 140-тан түспей тұрғанын, жүрегi қысылып, қол-аяғы жиi ұйып қалатынын жазғанбыз. Өткен аптаның соңында М.Жәкiшевтiң адвокаты Нұрлан Бейсекеев тағы бiр құпияның бетiн ашты. Бiз Жәкiшевтiң жүрегi ауыратынын, бұл аурудың оған тұқымнан берiлгенiн естiгенбiз. Бiрақ, Жәкiшевтiң миында iсiк барын бiлмеппiз...

Назарбай, Сара және Нұр­сұл­тан тұратын 4 бөлмелi балшық үйдiң қабырғалары ырсиып, күздiң мына қара суығында отбасындағы 8 бала әр бұрышта бүрсеңдейдi. Бiлек сыбанып баспана салып алатындай қаржы да жоқ, бiлек күш те жоқ. Үйге кiретiн кiрiс – 36 мың теңге. Осы табысты 10 адам талғажау көредi. Әрине, отағасы Сәрсенбай Мағұлов осыдан 6 жыл бұрын денсаулығының дiн аманында отбасын балық аулап та асырап жүретiн. Бiрақ, жүрегi сыр берiп, 2-топтағы мүгедектер қатарына қосылғалы берi анау-мынау жұмыстарды атқара алмайды. Сондықтан кiрiс көзi дегенiмiздiң өзi оның мүге­дек­тiк жәрдемақысы мен балалардың жәрдемақыларынан құралады.

ҚР премьер-министрi К.Мәсiмов, ҚР бас прокуроры Қ.Мәми, ҚР экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiнiң төрағасы Қ.Қожамжаров мырзалардың назарына. Осыдан 4 ай бұрын бiз, Маңғыстау облысы Қаражанбас мұнай кен­ орнындағы “АрғымақТрансСервис” (АТС) ЖШС жұмысшылары “Ереуiл­ге шығатынымызды алдын ала ескертемiз” атты ҚР президентi Н.Ә.Назарбаев, Маңғыстау облысының әкiмi Қ.Е.Көшербаев мырзаларға ашық хат жазғанбыз.

Салын дауыл айдап кетiп, ашық теңiз үстiнде бiр жұтым суға зарыққан бейбақты көз алдыңызға елестетiп көрiңiзшi. Мұнайлы Қазақстанда жанармай тапшы болса, онда бiздiң осы бейбақтың халiнен немiз артық? Энергетика және минералды ресурстар министрi Сауат Мыңбаевтың бағаны көтеру керек дегенi сол-ақ екен, жанармай тағы да қымбаттап шыға келдi. Ресейдегi бағаға сәйкес келуi үшiн бiзде жанармай бағасы кем дегенде 30-40 пайызға көтерiлуi қажет әлi. Жанар-жағармай нарығындағы жағдай мен үкiмет саясатының беталысына қарағанда, солай болатын да тәрiздi. Демек, баға тағы да күрт көтерiлiп, Ресейдегi жанармай бағасына жетедi. Тапшылықты жою үшiн бұл да аз. Өйткенi, солтүстiк көршiмiзден жанармай ағылуы үшiн бiздегi баға Ресейдегi бағадан жоқ дегенде 10-15 пайызға қымбат болуы шарт. Демек, бағаны еркiне жiберсе, Қазақстанда жанармай бағасы Ресейдегiден де қымбат болып шығады.

Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейiнiң директоры Нұргүл Аманғалиқызымен осы жердiң Көктау ауылындағы ортамектеп директоры әрi тарихп әнiнiң мұғалiмi Жансүгiр Төлебаевтың алғашқы адамдар өркениетiнен тапқан олжасы бiздiң осы жаққа сапарымызға себепшi болды. Жергiлiктi өлкетанушы Рысжан Iлиясова апаймен бiрге Хромтау жерiнiң аумағынан көктей өтiп жатқан Ор өзенiн бойлай отырып бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi өркениеттен қалған iздерге тап болдық. Ордың сұсты да, алып қара тастармен қа­лан­ған жарқабақты, кей жерiнде жап-жазыққа айналған мыңдаған шақырымды кең алқабы алғашқы адамдардың қоныстарына толы екен.

Экология және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң бұрынғы басшыларына қатысты сот iсiне нүкте қойылды. Судья Ерлан Тасыров оларды 1 млрд 172 млн теңге мемлекет қаражатын талан-таражға салды деген жемқорлық әрекет бойынша толық ақтап шықты. Алайда, бюджет қаржысын “Меркурий плюс” компаниясына жымқыртып қойып, өз iстерiне немқұрайдылық танытты деп, судья оларды жазасыз қалдырмады

ҚазҰУ-дың 75 жылдық мерейтойына орай ел президентi Н.Назарбаев киелi оқу ордасына келiп, “Қазақстан дағдарыстан кейiнгi әлемде” атты тақырыпта дәрiс оқыды. “Сабағына” бiр жарым сағатқа кешiгiп жеткен президент ұлт күш-қуатын, дарыны мен мүмкiндiгiн мемлекет мүддесiне, оның игiлiгiне толыққанды пайдалану үшiн “интеллектуалды төңкерiстiң” қажеттiгiн мәлiмдедi. “Ұлттық интеллектiнiң өзегiн қалыптастыру керек, халықаралық деңгейде бәсекелестiкке қабiлеттi жоғары бiлiмдi де бiлiктi мамандар қажет”, – дедi мемлекет басшысы. Ара-тұра жастармен кездесiп, құрғақ уәде мен жалаң ұрандарды оңды-солды шашатын жоғары билiк өкiлiнiң “интеллектуалды төңкерiс” жайында әңгiме қозғағаны жұртшылықты екiұшты ойға жетеледi. Оның бiрi – дәл бүгiнгi бiлiм жүйесiнiң “интеллектуалды төңкерiстiң” емес, “қараңғылық пен жемқорлық төңкерiсiнiң” жағдайында тұрғаны болса, екiншiсi – “интеллектуалды төңкерiстiң” қазiргi билiк жүйесiне, авторитаризмге қаупi жайында. Ендi осы ойды оқырманға таратып айтсақ.

«Қазақтың Левитаны» атанған атақты диктор, ҚР Ха­лық әртiсi Әнуарбек Байжанбаевтың мы­на пәни дүниеден бақиға аттанғанына да дәл 20 жыл толыпты. Өзi бұл өмiр­ден өтсе де, құлақ­қа жағымды да­уысымен «Қазақфильм» киностудиясына, Қа­зақ теледидары мен радиосының «Ал­тын қорына» мол мұра қал­дыр­ған Әнуарбек Байжанбаевтың өзi мен оның отбасы туралы те­ре­ңiрек бiлмек ниетпен әйгi­лi диктордың бел баласы, Қазақ радиосы радиоаппаратуралар бөлiмiнiң жетекшi инженерi АРЫС БАЙҚҰЛОВТЫ әңгiмеге тарттық.

Шымкент қаласында 17 қазанда, сенбi күнi Абай атындағы саябақтағы Хакiм Абай атындағы мұражайда «Хакiм Абай тағлымдары» атты әсерге толы әдеби кеш өтiп, оған Парламент депутаттары, қоғам және өнер қайраткерлерi, зиялы қауым өкiлдерi қатысты. Абайдың даралығын, даналығын зерттеумен-зерделеумен түпкiлiктi айналысқанына 50 жылдан асқан танымал ғалым Мекемтас Мырзахметов облыс әкiмi Асқар Мырзахметовтiң бастамасымен ашыл­ған Хакiм Абай атындағы мұражайдың ел игiлiгiне қызмет етiп жатқанына ризашылығын бiлдiрдi. «Әрбiр әкiм осылайша Абайдың мұражайын ашуға, Абайдың данышпандық қасиетiнiң қыр-сырын ұғуға ұмтылса, қоғамдағы

Бұл – ақын рухына арналған ең үлкен сый . Биыл төртiншi жыл, «Мұқағали» журналы ай сайын шығып келедi. Осы кезеңдер iшiнде ақын атындағы басылым республикадағы ақпарат құралдары мен әдебиетке берiлетiн бiрнеше сыйлықтардың лауреаты атанды. Амандық болса, 2010 жылдың ақпанында, яғни Мұқағали Мақатаевтың туған айында    50-нөмiр оқырманның қолына тиедi деп күтiп отырмыз.

Алақан жайып келгенге жерiн, жұдырық көрсетiп жеткенге жер­асты байлығын үлестiре салатын, өзгелердiң мақтауына алданып, “бiз осындай дарқан елмiз” деп жарты әлемге жар салып, уыздай ұйып отырған шағын ғана ауылдың тұрғыны едiк. Қала жақтан оқып келген жас жiгiт берекемiздi кетiрдi. “Не деген қараңғылық! Сендер өзi қай ғасырда тiршiлiк етiп отырсыңдар? Бұл заманда көсемсiз қалай өмiр сүруге болады? Осындай да надандық болады екен?!” – деп шешенси сөйлеген оқымысты жiгiт ауыл тұрғындарын жерден алып, жерге салды.

Қатты құрсау сыртында қалыңдаған,
Тас iшiнде алтындай алынбаған.
Жатып едiң бiр кезде, Қазақстан,
Дербес ел боп бiр күйде танылмаған.
Мiне, бүгiн құйылған құрыштан да,
Мықтылықпен ұстадың дұрыс таңба.

Осыдан 5 жыл бұрын отбасымен көршi Баянөлке аймағынан ата­қоныс Қазақстанға, оның iшiнде Ертiс облысына көшiп келдiм. Келе, керектi қағаздарымды жиып-дайындап, облыстық көшi-қон мекемесiне квота алуға құжаттарымды өткiздiм. Арада жылжып ай өттi, жыл өттi. Тiптi квотаның құлағы да көрiнетiн түрi болмаған соң, “Бара бергенше, пара бер” деген осы елдiң өз мақалын өзiне қолданып кеп жiберiп едiм, аяқ астынан бағым жанып, екi аптаның iшiнде екi жыл күткен квотамыз қолымызға тиiп, бала-шағамызбен iшiп-жеп мәз-мәйрам болып қалдық. Ары қарай тыныш жатам ба, осы

– Естiдiң бе, сенатор Өмiргелдi Байгелдi өзiнiң тоғызыншы атасын тауып алыпты. Айтуына қарағанда, ол Қытайдың ақыны Ли Бай екен.
– Мiне жаңалық! Ө.Байгелдi мырза ендi халық ассамблеясына мүше болып, қазақ сенатындағы қытай халқының өкiлi ретiнде ғұмыр бойы сенатор болып отыра бермек қой...

Көршi қалаға қоныс аударып, жаңа жұмысқа орналастым. Бiр бөлiмнiң қатардағы атқарушы қызметкерiмiн. Бастығым өзi ертiп жүрiп, жұмыс орнымды таныстырды да, кабинетке орналастырды. Бiр бөлмеде екi-ақ адам екенбiз. Жинақы жайлы орын болып шықты. Бiрге отыратын адамның аты-жөнiн айтқанда, елең ете қалдым. Есiмi елге мәлiм атақты адам. Бiр жағы қуансам, тағы қысылып та кеттiм. Қуанатыным, елге сыйлы әйгiлi тұлғамен қызметтес болу деген расында мақтаныш. Ал сонымен қатар мiндетiмдi ол кiсiнiң деңгейiнде атқару қолымнан келмей жатса, ұят. Сонымен, тың серпiнмен жұмысқа қызу кiрiсiп кеттiм.

Өткен сенбiде, яғни 10 қазан күнi Беларусьтiң батыр қаласы Брестте Бернд Штанге жаттықтыратын Беларусь ұлттық құрамасы мен Бернд Шторк бастап апарған Қазақстанның ұлттық құрама командасы кездестi. 2010 жылы Африкада өтетiн Әлем бiрiншiлiгiне iрiктеу ойындарының бұл кездесуiн “Хабар” телеарнасынан тамашалалық. “Тамашаладық” деймiз-ау, бiр жарым сағат бойына кiрерге тесiк таппай тыпыршыдық. Ойын қызықты да тартысты өттi деп айтуға мүлдем келмейдi. Бернд Шторк Бернд Штангеден тас-талқан боп ұтылды. Берндтен Берндтiң несi артық екенiн түсiне алмадық. Бiздiң Берндтi қойшы, оның түгi кетпейдi. Қазақ ұлтына обал болды.