1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №85 (15439) 22 қазан, бейсенбі 2009

Авторитаризмнiң “қалетаевтық” үлгiсi осыны меңзейдi. Атақты ғалым, американдық көрнектi мемлекет қайраткерi Збигнев Бжезинский тоталитарлы диктатура мен автократияның бiрнеше белгiлерiн келтiредi. Олардың қатарында «жасырын полиция қызметiн күшейту, мемлекеттiң БАҚ-қа толық бақылау орнатуы, қоғамдық тiршiлiктiң әр саласын, соның iшiнде экономиканы да қадағалау» тәрiздi әрекеттi диктатураның белгiсi ретiнде атайды. Бiрақ осының iшiнде ең «маңыздысы» әрi тоталитарлы диктатураның басты

Астана билiгi көзi тiрi мемлекет басшысын мәңгiлiкке тасқа орнатып қойды. Түрiкменбашы секiлдi саф алтынмен әспеттемесе де, алтын жалатылған қоламен салынған президенттiң тас пiшiнi бес метрдi алып жатыр. Осы мүсiндi ашу үшiн Астана әкiмдiгi Қазақстанның түкпiр-түкпiрiнен 70 мыңнан астам адам жинапты. Ал сол күнi Астанадағы оқу орындары мен мемлекеттiк мекемелердiң ғимараты бос тұрды десе де болады. Себебi, Астанадағы автобустардың барлығы таң атпастан халықты Қазақ елi алаңына тегiн тасумен әлек болды. 

Жовтистiң қорғаушылары «ендi қалғаны —халықаралық сот» дейдi. Бұрнағы күнi Балқаш аудандық соты белгiлi құқық қорғаушы, Адам құқықтары мен заңдылықтардың сақталуы жөнiндегi қазақстандық халықаралық бюроның директоры Е.Жовтистi «жол ережесiн бұзды, адам өлiмiне себепкер болды» деп айыптап, 4 жыл­ға бас бостандығынан айыр­ғанын жазғанбыз. Қазанның 20-сы күнi Алматы облыстық сотының апелляциялық алқасы Евгений Жовтиске қатысты Балқаш аудандық сотының үкiмiн өзгерiссiз қалдырды. Сот iсiне төрағалық еткен Ерхан Тотыбайтегi айыпталушы жақтың бiрде-бiр өтiнiмiн қанағаттандырған жоқ. Тiптi Жовтистiң өзiн сот процесiне қатыстырмады. Бұл туралы сәл кейiнiрек...

Тұрғын үй нарығында түсi­нiксiз жағдай қалыптасты. Дағдарыс тұрғын үй бағасына әжеп­тәуiр әсер еткенiмен, бұдан қол жетiмдi бола түскен баспана жоқ. Елiмiзде орташа жалақы 69 мың теңге екенiн ескерсек, табысы орташа отбасы 45 мың доллар тұратын бiр бөлмелi пәтер алу үшiн неше жыл ақша жинауы керек? Iшпей‑жемей жүрген күннiң өзiнде бұған жарты өмiрiн жұмсайтыны анық.

 Үш жарым жасар баламның бiр жарым жылдан берi орыстiлдi балабақшасына барып жүргенiн мен жақында ғана бiлдiм. Бiлместiгiм балама қарайтын уақытымның жоқтығында емес. Керiсiнше, аптасына 3-4 рет түрлi сылтаумен ұлымды алдап, сұрағанын алып бермекке уәденi үйiп-төгiп балабақшасына таңертең апарып тастаймын. Әлбетте, балабақшада қара домалақ балалар мен қаракөз тәрбиешiлер қаптап жүретiндiктен, арпа iшiндегi бiр бидай боп жүргендерге аса мән бермеппiм.  Қайбiр күнi әйелiмнiң тосын жаңалығын естiгенде iшiп отырған асыма шашалып қалдым. Ұлымның балабақшасында қазақтiлдi топ ашылмақ! Мiне, жаңалық!

Бастағалы отырған әңгiмемiз Жамбыл облысы жайлы болғанымен, бұл – Жамбылға ғана емес, жалпыға ортақ мәселе. Өйткенi, бiздiң елде барлық жол мектепке апарады. Бiздiң елде осы бiр киелi шаңыраққа бас сұқпаған, бiлiм алмаған, қоңырауының сыңғырын естiмеген адам кемде-кем. Бәлкiм, жоқ та болар... Осыдан кейiн кеше өзiңдi оқытқан, ал бүгiн балаңның, немерелерiңнiң бойына бiлiм нәрiн құйып жүрген ұстаздардың төзiмдiлiгiне, сабырлығы мен шыдамдылығына қайран қалмай көрiңiз. Сондықтан бiлiм саласының мәселесi, мектеп пен мұғалiмнiң жағдайы, мұңы, жанайқайы бәрiмiзге ортақ, бәрiмiздi алаңдатуы тиiс. Бiз осы мақаламызда бiлiм саласының бiрқатар мәселелерiн ортаға салуды жөн көрдiк.

Бұдан былай елiмiзде әрбiр адам өз табысын, дүние-мүлкiн жариялауға тиiс. Үкiмет осындай бастама көтердi. Табыс пен дүние-мүлiктi жариялаудың кезең-кезеңмен өтуге тиiс жоспары жақында президент Назарбаевқа табысталады. Үкiмет «жалпы салықты азайту үшiн» салық реформасын жасаған. «Бұл Қазақстан салық жүйесiн халықаралық стандарттарға жақындатады», – дедi премьер-министр. Оның пiкiрiнше, бұл сыбайлас жемқорлықтың азаюына және бюджетке түсетiн табыстың артуына әкеледi. Мәсiмовтiң айтуынша, салық төленбейтiн көлең­келi табыс көлемi Қазақстанда жылына 1 триллион теңгеге жуықтапты.Үкiметтiң бұл бастамасын билiк басындағылар мен «нұротандықтар» қолдап, жұртқа өздерi үлгi көрсетер ме екен? Кейбiреулерi орасан байлықты қолдарына қандай жолмен жинап алғандарын елге қалай түсiндiрмек сонда?

«Нұр Отан» партиясы фракциясының кеңейтiлген мәжi­лiсiнде премьер-министр К.Мә­сiмов бюджеттiк сала қызметкерлерiнiң жалақысы 2010 жылдың 1 қаңтарынан емес, шiлдесiнен 25 пайызға өсетiнiн ресми түрде жария еттi. Сөйтiп, Н.Назарбаевтың «мемлекеттiк қызметкерлер­дiң жалақысы өседi» деген тәттi уәдесi уақтылы орындалмайтын болды. 

Жетпiстен асқан жасында шашының осылай қаулап өсiп, көзiне түсiп, құлағын жауып қалғаны осы жаз. Басы әбден есiркенiп, дуылдап қышыған құйқасынан қолын ала алмай дал. Әсiресе, түнде тыр-тыр қасып шығады. Бұрындары колхоздың далақосы болған «Ақтамға» қазiр әлдебiреудiң ат басын бұруы – оқта-текте. Осы күнi әркiм өзiнiң жекешелендiрiп алған жерiнен бiр адым қия баспайды. Ауылдың төбесi әне ағараңдап көрiнiп-ақ тұр. Бiрақ, барып келуге мұрша керек. Жүз қаралы уақ жанын, сиырларын, жылқысын кiмге тастайды? Осылар үшiн жүрген жоқ па жапанда жалғыз. Бәрi өзiнiкi. Солай болады деп түсiне кiрiп пе. Колхоз, колхоз, деп өтпедi ме қайраты бойында тұрған қайран жылдар. Ол кезде сонау бiр басынан келесi басына атпен жарты күн жүрiп жететiн асудың бөктерiнен төмендегi темiржол станциясына дейiнгi аралықта үш бөлiмшенiң егiнi егiлiп, шөбi шабылып, малы жайылып жататын. Ми даланың әр жерiнен артезиан құдықтары қазылып, бiраз егiс суландырылған да. Кеңес өкiметiнiң көзi жұмылып, бәрi иесiз қалды, артезиан құдықтарын шөп-шалаң, құм-топырақ басты, моторларын, бетон лотоктарын әркiм бiр

 «Атадан балаға баққан малың емес, еккен талың қалады». Халық даналығы осылай дейдi. Облыс әкiмi Асқар Мырзахметовтiң бастамасымен Шымкент қаласының шетiнен жаңадан жасыл аймақ пайда болып, бiр мың гектарға тал отырғызу қолға алынды. Мың гектар аумаққа 434 000 түп талдың көшетiн отырғызу ойластырылған болса, оның он мыңының жоспары өткен аптаның сенбiсiндегi 2000 адам атсалыс

Сейсенбi күнi түнде Құрбан Бердыев жаттықтыратын «Рубин» «Барселонадан» айласын асырды. Басқа жерде емес — каталондықтардың өз алаңында. Барселонадағы атақты «Камп Ноу» стадионында. Ойынның алдында «Барселонаның» жаттықтырушысы Хосеп Гвардиола мен «Рубиннiң» бапкерi Құрбан Бердыев баспасөз мәслихатын өткiзген-дi. Сонда Гвардиола былай дедi: «Тек жеңе беру оңай емес. Егер бұл ойынды да жеңсек, 1/8 финалға барар жолымызды бiршама жеңiлдетiп алар едiк. Қазанның «Рубинi» — өз елiнiң чемпионы. Жеңiмпаздармен ойнау қашанда қиын. Оның үстiне, бұл команда қорғаныста өте сауатты ойнайды. Ұйымшылдығында да мiн жоқ. Бiзге ес жидырмай шабуылдау және допты ұзағырақ ұстап жүру қажет».

Кезiнде Қарқаралыда ең ұрымтал шаруашылық – Нұркен атындағы кеңшар болатын, оны көруге Алматы былай тұрсын, Мәскеуден де ат сабылтқандар болғаны есiмiзде. Оның орталығы Шекеме қалашыққа айналғалы қашан, оған ұрымтал жерде Ақшоқы елдi мекенi және бар, ол бөлiмше кiндiгi едi. Осылардағы адамдар еңбек етуi үшiн ауыл шетiнен бiрнеше мал қоралары салынды, барлық жұмыс механикаландырылды, электр қондырғысымен сауылған сүт күнiне екi-үш рет Қарағайлыдағы май зауытына жөнелтiлiп тұрды. Таяу жердегi

Менiң жасым бүгiнде 75-тен асты. Баспасөз ардагерiмiн. 1959 жылы Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттiк университетiн бiтiрiп, Жамбыл облыстық “Еңбек туы” га­зетiнiң редакциясына жұмысқа орналасқан едiм. 1962 жылы мау­сым айында газет қысқарып, сол жолы Мерке аудандық “Коммунизм туы” газетiне редакторлық қызметке жегiл­генмiн. Облыстан Красногор ауданы ашылып, 1974 жылы аудандық “Коммунизм жолы” газетiне редактор болып кiрiстiм. 1979 жылы Алматыдағы “Қайнар” баспасына аға редактор болып қызметке ауыстым. 1980 жылы “Қазақстан коммунисi” журналына аға әдеби қызметкер болдым.

 Халық — қасиеттi, қастерлi әрi ауқымды ұғым. Бiз халықтың мәртебесiн Конституциямызға да шегелеп жазып қойғанбыз. «Мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы — халық» деп. Сонымен қатар халықшылдық, ұлтшылдық, көпшiлдiк деген ұғымдар бар бiзде. Бұлар халық деген ауқымды ұғымның ажырамас бөлшегi iспеттес.
Бiз кiмдердi халықшыл деймiз? Халқына болысқандарды. Халқының мойнындағы ауыр жүгiн бiрге көтерiскендердi. Мұндай теңеудi жеке адамдарға ғана емес, заңды тұлғаларға қатысты да айтуға әбден болады.