1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №85 (15440) 27 қазан, сейсенбі 2009

 «Қазақ елi» монументiн, президенттiң тас мүсiнiн көруге бара қалсаңыз, жүздеген қадам жерде, ашық далада, қоқыстың ортасында жатқан Керей мен әз Жәнiбек хандардың, батырлардың қола мүсiндерiне де соқпай кетпеңiз. Олар қазiргi ұрпаққа керексiз болып қалғанымен, XV ғасырда Қазақ Ордасының негiзiн қалаған ең алғашқы хандарымыз ғой. Осы хандардың арқасында бүгiнгi Қазақстан мемлекетi ұлан-ғайыр кең-байтақ даланың иесi болып отыр.

Қазақстан демократиялық оппозициясының халық сенiмiне иек артқан, күшейген, жалпыхалықтық қолдауға ие болған дәуiрiн үш кезеңге бөлуге болады. Бiрiншi кезең – 2001 жылы «Қазақстан демократиялық таңдауы» қозғалысының құрылуы. Елiмiзде өзгеше ойлаудың, «диссиденттiктiң» заңдастырылған әрi жалпыұлттық сипат алған кезi ҚДТ-мен тығыз байланысты. Екiншi кезең – саясат сахнасында «Ақ жол» партиясының пайда болуы және көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi Алтынбек Сәрсенбайұлының оппозициялық партияға қосылуы. 2004 жылы өткен парламенттiк сайлауда халықтың «Ақ жолға» жаппай дауыс беруi, партия жетекшi­лерiнiң ел арасында жоғары беделге ие болуы режимдi қатты алаңдатты. Оппозицияның күшеюiнен үрейленген билiк бұл партияны қуыршақ демократтар көмегiмен екiге бөлiп, әлсiреттi. Үшiншi кезең – «Әдiлеттi Қазақстан үшiн» қозғалысының құрылуы, демократиялық күштердiң бiрегей үмiткер ретiнде Жармахан Тұяқбайды президенттiк сайлауға қатыс­тыруы.

 

Осыдан екi жарым ай бұрын Тараз қалалық соты Сұлтан Махмадовты жетi жылға, Ерлан Сандыбаевты сегiз жылға, Рамазан Есiркеповтi үш жылға бас бостандығынан айырғаны белгiлi. Өткен аптаның бейсенбiсiнде бұл азаматтардың облыстық сотқа жазған апелляциялық шағымдары қаралды. Сотқа қатысуға Алматыдан бiр топ газеттiң бас редакторлары, тiлшiлерi, қоғамдық ұйымдардың жетекшiлерi, саяси партия өкiлдерi, тiптi АҚШ-тың Қазақстандағы елшiлiгiнен арнайы өкiл келдi. Алғашында “өткен жолы да бұл сот отырысына тiлшiлердi қатыстырмап едi, бұл жолы да солай болатын шығар” деген күдiк болған. Бiрақ бұл сотқа төрағалық етушi, Жамбыл облыстық сотының қылмыстық iстер жөнiндегi алқа төрағасы Досжан

Жақында Маңғыстау облысындағы “Қазақстан-Ақтау” телеарнасынан облыстық “Нұр Отан” партиясы төрағасының бiрiншi орынбасары Асқар Рзаханов жергiлiктi “Азат” партиясының филиалын “арзан жолмен ұпай жинап жүрген саясаткерлер” деп айыптап, ресми түрде мәлiмдеме жасады. Мәлiмдеменiң негiзгi өзегi Жаңаөзен қаласындағы “Азат” партиясының мүшелерiне арналды. “Азат” партиясының жетекшiсi Болат Әбiлев 27 қыркүйек күнi Жаңаөзен қаласына келiп, партия мүшелерiмен және мұнайшылармен кездескен болатын. Кездесу өте жоғары деңгейде өттi. Бұл туралы көптеген газеттер

Дәл қазiр елiмiзде “астық мәселесi” күйiп тұр. Әлем астықтан тапшылық көрiп тұрған кезде Қазақстан мол астығын қалай сақтауды әрi қайда өткiзудi бiлмей әлек. Билiк­тегiлер де бұл түйiндi “әне шешемiз, мiне шешемiзбен” уақыт оздырып алды. Ендi мiне, жазымен қара терге түсiп, еңбектенген диқандар бидайды сақтауға қойма, сатуға тұтынушы таба алмай жүр. Үкiметке жетiм баладай жалтақтап, алақан жаюда. Ашық хат жазып, көмек сұрауда. “Жығылғанға жұдырық”, ауа райы да өз мiнезiн көрсетуде. Не керек, диқандар тентiреп жүр, далада дән қалып, шiритiн түрi бар. Ары тартса арба сынып, берi тартса өгiз өлуде. Ал жоғарыдағы басшылар мәселенi шеше алмай, сасқан үйрек керi сүңгидiнiң кебiн киюде.

Алматы облысының Райымбек ауданында Сарыбастау деген ауыл бар. Бiр бүйiрiн Қытай “жылытып” жатқан iргелi ауыл бұл. Қайбiр жылы “оңтайландырамыз” деген желеумен аудандарды қосқанда Сарыбастау сансырап кетiп едi. Бертiнде ғана ес жиды. Онда да Мәсiмовтiң емес... малдың арқасы. Қазiр ерiнбегеннiң өрiсi толып қалды. Қаржы дағдарысы дегендi ауылдағылар онша-мұнша түсiне бермейдi. Өйткенi, қолма-қол ақша бұрын да болған емес, қазiр де жоқ. Дәл қазiр сарыбастаулықтарды қаржы дағдарысынан да маңыздырақ мәселе мазалап жүр. Ол — мектепте оқитын бала-шағаның қамы. Солардың болашағы. Ауылдың сөз ұстарлары мектеп директоры Жұмагүл Мәсiмғазиеваны тоғыз жылдан берi жөнге сала алмай әлек. Содан болар, ауылдағы қу тiлдiлер “Мәсiмов мықты ма, Мәсiмғазиева мықты ма?” деп қағытатын көрiнедi тiптi...

2009 жылдың ақпан айында Н.Бал­ғымбаев президент Нұрсұлтан Назарбаев­қа хат жолдаған. Онда мемлекеттiк субъектiлерде қысқартылуға тиiс әкiмшiлiк шығынның тым көп екенi айтыл­ған. Хат мәтiнiне қарағанда, Ұлттық компаниялардың iшiнде иерархиялық құрылымдар 4-5 деңгейге дейiн жеткен. Тым қампиып өскен құрылымдар көп шығынды қажет ететiнi түсiнiктi.

Қазақстан қор биржасының (KASE) мәлiметiнше, Алматының мамандандырылған қаржы соты “БТА Банкiнiң” қайта құрылымдау жөнiндегi өтiнiшiн қанағаттандырды. Жаңа заңға сәйкес, Алматы өңiрлiк қаржы орталығының арнайы мамандандырылған сотына мұндай өтiнiштi тапсыру қайта құрылымдаудың мiндеттi талаптарының бiрi. Бұдан бiр ай бұрын БТА‑ның қайта құрылымдау жоспарын Қаржы қадағалау агенттiгi мақұлдаған едi. Бiрақ, ақырғы сөз банк кредиторларында. Ал банк топ‑менеджерлерi мен кредиторлардың қайта құрылымдау турасындағы пiкiрi екiге жарылды. Айталық, банктiң қайта құрылымдау жоспарында қарызды 8,2 миллиард долларға қысқарту көзделсе, кредиторлар ұсынған қайта құрылымдау жоспарында қарыз 4,9 миллиард долларға қысқаруы тиiс деп көрсетiлген. Ендi банк кредиторлармен 7 желтоқсанға дейiн түбегейлi келiсiмге қол жеткiзуi керек. Әйтпегенде Қаржы қадағалау агенттiгi оның лицензиясын тоқтатып, банктi жабатынын бұған дейiн ескерткен.
 

2008 жылы 10 жасар американдық Джордан Тейлор отырған автокөлiкке үлкен жылдамдықпен жүйткiп келе жатқан жүк мәшинесi келiп соғылған. Соққының күштi болғаны соншалықты, қауiп­сiз­дiк белдiгiн тағып алған Джорданның басы кiлт етiп оқыс қозғалғанда, мойын омыртқасы үзiлiп, басы мен денесi бөлiнiп қалған. Рас, мойын омыртқаның айналысындағы бұлшық ет пен терi бүлiнбеген-дi. Бұл медицинада «бастың iштей кесiлуi» деп аталады. Мұндай жағдайда адам қас қағым сәтте бақилыққа атанады екен. Бiрақ, бала тiрi қалған. Оған дәрiгерлер ота жасап, титанды пластиналар мен стержень көмегiмен сүйектi бiрiк­тiрген. Мұндай отадан кейiн адам тiрi қалғанның өзiнде өмiр бойы мешел болып қалады екен. Құдайдың әмiрiнен күштi нәрсе бар ма, Джордан 3 айдан соң-ақ ауруханадан өз аяғымен шығыпты.    

Ғылым күннен-күнге қарыштап дамып келедi. Ашылып жатқан жаңалықтар таң-тамаша қалдырады. Медицина туралы да осылай деуге болады. Әйтсе де ғасырлар бойы адам жинақтаған бiлiм табиғаттың кейбiр қылықтарын, әсiресе тағдырдың сырын түсiндiрiп беруге қауқарсыз.

Ұлыбританияның Лидса университетi ғалымдары қартаю процесiн екi есеге дейiн тежеудi ұйғарыпты. Бұл ғылыми зерттеу үшiн бес жылға 50 миллион фунт стерлинг бөлiнген. Басты мақсат – қартаюға қарсы инновациялық шешiм табу. Ғалымдардың пайымдауынша, бай елдерде туылып жатқан сәбилер бұдан былай 100 жасауы мүмкiн. Және кәрiлiктен туындайтын ауру-сырқаудан ада, 100-ге келгеде ағзасы 50-дегi адамдi­кiндей болады. Сонда кәрiлiктi қалай баяулатады? Бұл жерде өзгермейтiн бiр ғана нәрсе бар, ол – салауатты өмiр салты. Диета мен дене шынықтыру. Бұған қоса ендi ғалымдар адамдарға арнап «қосалқы бөл­шектер» жасап шығармақ. Протез тәрiздi механикалық бөлшектердi есепке алмағанда, зертханаларда «биологиялық бөлшектер» – мү­ше мен тiндер де өсiрi­ледi.

Бокстан Мәскеу Олимпиадасының күмiс жүлдегерi, әлем кубогының және Еуропаның екi дүркiн жеңiмпазы, әлем бiрiншiлiгiнiң күмiс жүлдегерi, КСРО бiрiншiлiгiнде үш мәрте топ жарған даңқты боксшы Серiк Қонақбаев ердiң жасы елуге толды. Өткен аптаның соңында мерейтойын ресми түрде атап өткен С.Қонақбаевты құттықтауға алыс-жақын шетелдерден көптеген саңлақ спортшылар, Олимпиа­да жеңiмпаздары мен әлем чемпиондары келдi.

– Көргеннен соң
Әкiмдерден
Қиянат,
Көкiрекке
Зор қорқыныш
Ұялап,
Адасып қап
Даңғылынан
Шындықтың
Кеттiңiз бе
Тар соқпақты
Қиялап?
 

Ол кiсiнiң аузынан ең жиi шығатын екi сөз бар едi. Бiрi – «айналайын», екiншiсi – «қа­рағым». Қашан көрсең де, сол «айналайын, қарағымдап» тұр­ғаны. «Жас Алашты» «менiң өзiмнiң газетiм» дейтiн. Бұлай дейтiн жөнi де бар. Ұзақ жылдар бойы «Лениншiл жастың» (қазiргi «Жас Алаш») отымен кiрiп, күлiмен шыққан-ды. Ал аттай 11 жыл осы газеттiң жауапты хатшысы болған едi. «Мақалаңызды ептеп қысқарттық, көлемi тым үлкен екен...» – деген бiздiң ескертпемiзге: «Айналайын