1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №87 (15441) 29 қазан, бейсенбі 2009

Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясында айтыл­ған жоғары билiктiң ұсынысы қазақтың ұлт­жанды азаматтарының төбесiнен жай түсiр­гендей болды. Өткен аптада Мемле­кеттiк хатшы әрi Сыртқы iстер министрi Қанат Саудабаевтың баяндамасы ұлттың бетiнен шапалақпен тартқандай әсер қалдырды.Онда Саудабаев мырза былай деген едi: “Бiз тiлдiң даму үдерiсiн ойластырмай, зиянды, жасанды түрде жылдамдатуға шақыратын жекелеген тұлғалардың қазақ тiлiнiң қазiргi жағдайына қатысты әдiлетсiз әрi еш негiзсiз сындарын, арандатушылық және популистiк мәлiмдемелерiн қабылдамаймыз!”. Кiмдi меңзеп тұрғанын түсiндiңiз бе? Мемлекеттiк

Түртiнектеп жү­рiп таппайтыны жоқ ГЕО сайты сейсенбi күнi өте қызық бiр жайтты жария еттi. «Қа­зақтың ресейлiк министрi немесе Қазақстандағы заңсыздықтың жа­ңа қырлары» деп аталатын мақалада автор Алиса Кушнир Сыртқы iстер министрi Қанат Саудабаевты екi елдiң азаматы деп жазыпты. Яғни, ол Ресейдiң және Қазақстанның азаматы көрiнедi.

ҚазақстанРеспубликасыПарламентмәжiлiсi үкiметтiң «2010-12 жылдарға арналған республикалық бюджетт уралы» заң жобасын мақұлдады. Заң прези­денттiң халыққа арналған жолдаулары және 2010-14 жылдарға арналған әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының негiзiнде әзiрленген. Дағдарыстан дағдарып, қыл жiптiң үстiнде жүрген қазақ үкiметi елдiң үшжылдық тұрмысын таразылады. Әйтсе де, Мәсiмов мырзаның басшылығымен дайындалған жобаға депутаттар екi жүз елуге жуық өзгерту енгiздi. Өкiнiштiсi, үшжылдық бюджет жобасын дайындау бұрыс екенiн парламент­тегiлер бiлсе де, есек дәмемен заңды қабылдады.

Алматы қаласы Медеу аудандық соты «Ырысты» электрлiк вагон жөндеу зауыты жұысшыларына қатысты үкiм шығарды. Cудья Мәди Көшiкбаев: «Жұ­мысшылар заңсыз митинг ұйымдастырды, ал бұған басты жауапты азамат – вагон жөндеу зауыты стандарттау бөлiмiнiң бұрынғы бастығы Есенбек Өктешбаев» деп тапты.   Соттың мұндай шешiм шығаратынын алдын ала бiлдiк. Жоғарыдан бұйрық келгенiн құлағымыз шалды. Әйтсе де, артқа шегiнбеймiн. Әңгiме қа­лалық не Жоғары соттың шешi­мiмен бiтпейдi. Халықаралық ұйымдар бар. Оның үстiне, зауыт жұмысшыларымен де тығыз байланыстамыз. Оларға қысым жасалып жатқаны да аян. Қазiр зауыт туралы қажеттi

Бас прокурор мен ҰҚК төрағасы Жәкiшевтi жарға жығуға бел байлағандай. «Мұхтар Жәкiшевтiң халi әлi мүшкiл. Бүгiн (дүй­сенбi күнi — ред.) таңертең Жәкiшевтiң қан қысымы тағы да 200-ге жеттi. Мұны шақырылған дәрiгерлер анықтады. Дәлiрек айтқанда, ҰҚК емханасының дәрiгер­лерi. Мұхтар Еркiн­ұлының сөзбе-сөз айтуымен оны тез арада ауруханаға жатқызып, бастан-аяқ емдеу жөнiнде Бас прокурорға тағы да арыз жаздым. Бұл — осымен бе­сiншi арыз!» — дептi «Республика басылымының редакциясына телефон соққан адвокат Нұрлан Бейсекеев.

8 пайыздық несие кiмге бұйырады? Банк секторы мен бизнес ахуалының келесi жылы жақсара қоюы неғайбыл. Мұны үкiмет те мойындады. Үкiметтiң сейсенбiлiк отырысында премьер‑министр Кәрiм Мәсiмов 2010 жылы банк жүйесiнiң ликвидтiлiгiн қамтамасыз ету мен бизнестi несиелендiру жөнiндегi ұсыныстар дайындауды тапсырды. “2007-09 жылдары дағдарысқа қарсы шаралар аясында экономикаға жеткiлiктi қаржы бөлiндi. Соның есебiнен алға жылжыдық. 2010 жылы ғайыптан тайып ақшаның банктерге, одан экономикаға құйылуы екiталай”, — дедi ол.

Қазақстандық арналарда ұлттық құндылықтарды насихаттап, мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн көтеруге бағыттал­ған бағдарламалар санаулы ғана. Он беске жуық отандық арнаны бiр уақытта шолып шықсаңыз, солардың iшiнен қазақ тiлiнде сөйлеп жатқаны некен-саяқ. Сондықтан қазақы көрерменнiң «көгiлдiр жәшiктен» көңiлi қалғалы қашан. Жуырда ғана эфирге шыққан «Ұлы дала ойындары» атты тележоба сол олқылықтардың орнын толтыруды көздеген талпыныс. Ұлттық рухқа шөлiркеп қалған қауым жаңа жобаны жылы қабылдады.

«Азат» пен ЖСДП партиясының қосылуы саясат сахнасындағы саябырсып қалған тiршiлiкке жан бiтiрiп, талай әңгiмелерге тамызық болды. Қолдағандар көп, бiрақ оппозиция қосыны iшiнен де сын айтушылар табылып жатыр. Бұған бiр партияға бiрiккен «Азат» ЖСДП құрылтайына коммунистер мен тiркелмеген «Алға» партиясының басшылары келмеуi түрткi болған секiлдi. «Айтпарк» модераторы Нұрлан Ерiмбетов осы пiкiрсайыс клубының кезектi қонағы «Азат» ЖСДП партиясының жетекшiлерiнiң бiрi Болат Әбiлевпен әңгiмесiн осыдан бастады.

Герольд Бельгер 1934 жылғы 28 қазанда Саратов облысының Энгельс қаласында дүниеге келiптi. Сәбилiк талпынысын «Мангейм» атты немiс елдi мекенiнде бастаған болашақ саңлақ қаламгер кеңестiк тоталитарлық жүйенiң 1941 жылғы «Повольжедегi немiстердi жер аудару туралы» қасiреттi қатал жарлығына тап болды. Екi ғасырдай тағдырын орыстармен ортақтастырған ресейлiк немiстердiң шаңырағы бiр-ақ күнде ортасына түстi. Шарасыз кәрi-жас өскен ортасын, жаққан отын қимай, жаққан отын сөндiргiсi келмей, Тәңiрге жалбарынып, вагон-вагонға тиелiп кете барды. Жол-жөнекей көз жұмған, арып-ашыған, соққыға жығылған кiнәсiз бейбақтар жендеттердiң қолымен далаға лақтырылып отырды. Бұл жантүршiгер­лiк сұмдық көрiнiс зейiндi, сергек баланың жүрегiне қан болып қатып, жанына өшпес дақ түсiрдi.

Жақында кезектi еңбек демалысымды алып, Алматыға, сiңлiмнiң үйiне қонаққа келдiм. Мен барған күн сiңлiмнiң туған күнiне тура келiп қал­ды. Қарлығашты туған күнiмен құттықтап дос-жарандары келдi. Маған Маржан атты келiншек қатты ұнады. Қасында күйеуi, кiшкентай қызы болды. «Парасат-пайымы жоғары келiншек екен...» дедiм қонақтар кеткенде сiңлiме.

Жалпы алғанда, Ресейде – орыс халқы, Украи­нада – украин халқы, Қазақстанда – қазақ халқы тұрады. Ресейдегi татар ұлты жалпылама «орыс» деп аталады. Сондай-ақ, Өзбекстандағы қарақалпақ ұлты да жалпылама «өзбек», Қазақстандағы немiс ұлты өкiлi, не кәрiс ұлты өкiлi де жалпылама «қазақ» деп аталады. Әлемдегi өзге жұрттың қазақстандық орысты да, немiстi де, қазақты да «каzакh» дейтiнiн, Ресей­дегi кез келген азаматты «орыс» дейтiнiн, Польша азаматтарын «поляк» дейтiнiн дүйiм жұрттың бәрi бiледi.

2007 жылы мамыр айында Маңғыстау облыстық және аудандық әкiмдiктерiнiң бастамасымен Жармыш ауылының ең қарт тұрғыны Ергенғұл Төлегенұлының 100 жасқа толу құрметiне той шарасы ұйымдастырылып, көптеген қонақтар тойға шақырылды. Қазақ үйлер тiгiлiп, ат бәйгесi ұйымдастырылды. Сол күнi кешке облыс әкiмi Қ.Көшербаев, Сенат депутаты Ә.Кекiлбаев және облыстың ақсақалдары, облыстық, аудандық мәслихат

...Қазақ радиосына базына айтқым келедi. Ауа райын айтқанда, Астана мен Алматы қалаларында ауа райының қалай болатынын егжей-тегжейлi айтады. Ал басқа қалаларға жай ғана тоқталып кетедi.
Атырау да – мұнайдың астанасы. Түркiстан – рухани қала. Бұл қалалардың да ауа райының түнгi және күндiзгi температураларын айтуға болады ғой...

Өзгелерге қуаныш сыйлау да бiр бақыт. Белгiлi емшi Өсерқұл қажы Ырысқұловтың өмiрлiк ұстанымы осындай. Жақында Киев қаласында емшiлердiң үлкен форумы өттi. Осы «Дәстүрлi халық медицинасы және психология­дағы интегралды бағыт» атты халықаралық ғылыми-тәжiрибелiк конференцияға 12 адамнан тұратын Қазақстанның емшiлер тобы қатысты. Оларды халық медицинасы орталығының басшысы Ш.Шынтаев бастап барды. Аталған конференцияға қатысу құрметiне Оңтүстiктен белгiлi емшi, халық медицинасының академигi «Парасат» ордендi Өсерқұл қажы Ырысқұлов ие болды. Ол кiсi 50 жылдан берi халыққа қалай адал қызмет етсе, бұдан кейiн де жұртшылыққа денсаулық сыйлап, бақытқа жетелеуiн жалғастыра бермек. Халық емшiсiнiң қарапайымдылығы сонда, ол өз iсiне көрсетiлген құрмет, берiлген мадақтамаларды елге жарқыратып, жария етпейдi. Әңгiме арасында шым-шымдап отырып, қаныққанымыз – Өсекең ауру адамдарға

Серiк Әбдiрайымұлының қазасына.
Дүниеден озған күнi ер Серiк,
Туған аулы қалды артында теңселiп.
Барша жақсы құшағына сыятын,
Еңселi едi-ау жүрген бәрiн еңсерiп
Алаламай алты Алаштың баласын

"Жемiс өз ағашынан алыс түспейдi", «Адам тегiне тартады» дейтiн сөздер тегiн айтылған дейсiз бе? Тұтас ұлт қатты қадiрлейтiн аяулы тұлға Жұмабек Тәшеновтiң немере iнiсi Ұлықпан Бәшенов Шымкент қаласындағы әскери мектеп-интернатты басқарады. Ұ.Бәшенов басшы болып келгелi соны сүрлеуге аяқ басқан әскери мектеп «Суворовский» деген өзiнiң бұрынғы атауынан арылып, Орта Азия бойынша тұңғыш генерал атанған Сабыр